«Қораптағы сұрақтарға жауап бер» әдісін рефлексия -ой толғаныс білім алудың қорытындылау кезеңіне жүргізуге болады.
-Бүгін не қиын болды?
-Қалай жұмыс істедің?
-Бүгінгі білім қайда керек болады?
-Бүгін не қызықты болды?
-Бүгін не білдім? деген сұрақтарға жауап береді, яғни оқушылар сабақ бойы алған білмдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең.
2. Жаңа әдіс-тәсілдер бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі. Оқушы бойында функционалдық сауаттылықтары қалыптасады. Атап айтсақ,
-Берілген тапсырмаларды өмірмен байланыстыра алады.
-Берілген тапсырмалардың қажеттісі мен қажетсізін іріктеп, саралай алуы
-Қажетті ақпаратты негіздей және жүйелей алуы
-Қорытындылар жасай алуы. Яғни осындай іс-әрекетке қалыптасқан оқушы болашақта айналадағы құбылыстар мен жағдаяттардан өзіне қажеттісін түйіп, өмірде пайдалана білуге үйренеді.
Оқушы бойында коммуникативтік құзіреттілік бұл:
-оқу міндеттерін шешу үшін тиісті қарым-қатынас тәсілдерін игеруі
-өз әрекетіне өзіндік баға беруі және түзетулер мен толықтырулар жасай алуы
-өз жұмысының нәтижесін көрсете және жариялай алуы
-өз ойын жеткізе алуы және ойының дұрыстығын дәлелді түрде негіздей алуы.
Демек, оқушы осы арқылы түрлі жағдайларда өз пікірін жеткілікті түрде негіздеуге, өз ойын еркін жеткізуге, өзінің және өзгелердің әрекетіне баға беруге, өзін дамытуға үйренеді.Оқушы бойында проблеманың шешімін табу және өзіндік басқару құзіреттілігінің қалыптасуы ол оқушының:
-мәселені айқындау және іс-әрекет мақсаттарын белгілеуі
-қабылданған шешімді жүзеге асыруға қажетті жағдайларды анықтауы
-іс-әрекеттер қадамдарын жоспарлай алуы
-қойылған мақсат пен міндетке сәйкес іс-әрекетті ұйымдастыруы
-өзінің іс-әрекетін бақылай алуы. Осы аталған дағдылары қалыптасқан оқушы өмірде де жоспарлы түрде әрекет етуге, мәселелер туындағанда жедел және дұрыс шешім қабылдауға, тығырықтан жол табуға, өзін-өзі басқаруға үйренеді.