Тіл мәртебесі – ел мәртебесі
15.10.2019 oquzaman
Төлепбекова Мақпал, Әбілбек Гүлназ, Мадамар Гүлімжан «Тұран-Астана» университеті студенттері Мақсаты: Жастарды кез келген ортада ойын еркін әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Міндеті:
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру жолдарын қарастыру;
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудегі алғы шарттарды саралау.
Түрі: пікірталас (дебат)
Әдісі: Сұрақ-жауап,ситуация туғызу ,нақты дәлелдер келтіру.
Пікір – сайыс тәртібі: Ойын Карл Поппер форматында өтеді. 2 командадан тұрады. Пікірталасты жақтаушы топтың бірінші спикері бастайды. Оған 3 минут уақыт беріледі. Сөзін аудиториямен амандасудан бастап, кейіннен өзінің тақырыбын ашу үшін негізгі мәселеге көшеді.
Біріншіден, төрешілер топтарға жеребе арқылы олардың бағытын анықтайды.(үкімет немесе оппазиция) .Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі.
Топтың атын құрастырады.
Екіншіден , тайм-кипер,яғни, уақытты бағалаушы сайланады. Әр топ спикерлеріне белгілі уақыт тағайындалыналы.негізгі регламент -3 минут. Әр минут сайын сөз сөйлеуші спикерге тайм-кипер уақытты хабарлап, белгі беріп отырады. Ж1-5 минут, Д1—Ж1-3 минут, Д1-5 минут, Ж3—Д1-3 минут, Ж2-6 минут,Д1—Ж2-3 минут
Үшіншіден, пікірталаста екі төреші болады. Төрешілер екі команданың ойынын әділ бағалап, соңғы түйінді шығарады.
Топ жетекшілері сайланады, олардың негізгі міндеті- қарсылас командадан кейін кімнің сөйлейтін хабарлап отыру. Командада 5 адам болады. Негізгі төрт спикер сөй сөйлегеннен кейін, топ жетекшілері өз мақсаттарын нақтылап, қорытынды ойын айтады. Пікірсайыс аяқталған соң төрешілерге ақылдасуға уақыт беріледі.
Төрешілер шешім шығарғанша, бүгінгі сабақты қорытындылау үшін «Патриот» тақырыбындағы сөзжұмбақты шешіп көрсек.
Тілден зікір, көңілден …..
(Төрешілердің сөзі) Бүгінгі сабағымызды Н.Ә.Назарбаев: «Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру. Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді» ,- деген сөзімен аяқтағымыз келеді.