№14 практикалық сабақтың тақырыбы:
Пратондар мен антипротондар. Резонанстар. №14 зертханалық жұмыс тақырыбы: трек фотографияларымен бөлшектерді зерттеу
40-41-42-СОӨЖ тақырыбы: Бөлшектердің ішкі қасиеттері. 2№14 зертханалық жұмысқа есепке дайындалу
3.№15 зертханалық жұмысқа дайындық
Есеп беру түрі: ауызша, жазбаша
40-41-42 СӨЖ тапсырмалары: №14 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару. 2№14 зертханалық жұмысқа есепке дайындалу
3.жалпы зертханалық жұмысқа есепке дайындық
Есеп беру түрі: ауызша, жазбаша
Әдебиет: 8,9,10, 14,15 Он бесінші апта №15 дәрістің тақырыбы: Ядролық физиканың эксперименталдық әдістері Дәрістің мазмұны: Визуальды әдіс. Сцинтилляциялық санауыш. Иондау камерасы және санауыш.
Черенков санауышы. Вильсон камерасы және диффузиялық камера. Көпіршіктік камера. Қалық
қабатты фотоэмульсия әдісі. Массспектраскопия. Үдеткіштер
Тәжiрибелiк ядролық физиканың тамаша құралдарының бiр – Вильсон камерасы. Оның жұмыс
iстеу принципi мынадай: Қақпағы әйнектен жасалған цилиндр тектес ыдыстың iшiнде спирттiң
буымен қаныққан ауа бар. Егер поршендi тез қозғап, цилиндрдiң көлемiн кенет ұлғайтсақ,
адиабаталық үрдiстiң салдарынан ондағы ауа мен бу салқындайды да аса қаныққан күйге өтедi.
Егер дәл осы мезетте камера арқылы зарядталған бөлшек өтсе, оның қозғалысының бойындағы аса
қаныққан бу бөлшектерi конденсацияланып, ұсақ тамшылар пайда болады. Ол тамшыларды трек
деп атайды. Осы сәтте бүкiл камераны жарқ еткен жарықпен сәулелендiрсек, бұл тректер суреттiң
қара фонындағы ақ жолақтар түрiнде көрiнедi (7.6-сурет). Дәл өлшеулер жүргiзу үшiн әдетте
Вильсон камерасын тұрақты магнит өрiсiне орналастырады. Онда бұл өрiстiң салдарынан
қозғалып бара жатқан зарядталған бөлшектердiң траекториясы қисаяды. Сыртқы магнит өрiсiнiң
индукциясы белгiлi болған жағдайда бөлшек траекториясының қисықтық радиусын өлшеу арқылы
оның массасы мен зарядын және энергиясын анықтаудың мүмкiндiгi бар.
Зарядталған бөлшектердi бақылауға мүмкiндiк беретiн тағы бiр құрал –