Тақырыбы: «Компьютер – ақпаратты өңдеуші әмбебаб құрылғы»
Келесі есептерді шешіңіз:
1. Жедел жадтың соңғы байтының оналтылық адресі 5 FF-ке тең. Осы жедел жадтың көлемі қандай?
2. Компьютердің жедел жады көлемі Мбайттың 1/4 бөлігіне тең. Егер бір сөзде 32 бит болса, онда жедел жадыдағы машиналық сөз қанша болады?
3. Келесі ақпаратттары бар файлдардың аттары мен типтінің варианттарын ұсыныңыз: 1)менің сыныбымның суреті; 2) жеміс пирогының рецепті; 3) жанұялық альбом; 4) физикадан реферат;
4. Түпкі каталогтан магниттік дискідегі сақталған кейбір файлдарға баратын жолдар көрсетілген. Үлкен әріптермен каталогтардың аттары, ал кіші әріптермен файлдар аттары белгіленген:
\SPORT\SKI\kazakhstan.txt;
\SPORT\SKI\germany.txt;
\SPORT\SKATE\finland.txt;
\COMPUTER\IBM\INFO\pentium.txt;
\COMPUTER\IBM\ibm.txt.
Бұтақ тәрізді файлдық құрылымды кескіндеңіз.
2. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін жасаңыз.
3. «Компьютердің құрылымы» тақырыбы бойынша бақылау жұмысының мысалын көрсетіңіз.
4. Төмендегі тақырыптарға материалдар дайындаңыз:
«Енгізу-шығару құрылғысы»,
«Ішкі жадының құрылымы»,
«Мәліметтерді архивтеу».
№6 өздік жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |