Тақырыбы: «Формализация және модельдеу»
Келесі есептерді шешіңіз:
1. Ақпараттық модельдердің (натура емес) нөмірлерін жазып шығыңыз:
а) театр қойылымының декорациялық рәсімдеуінің макеті;
б) театрдағы спектакльге қажетті костюмдердің эскизі;
в) кітап немесе журналдың макеті;
г) глобус;
д) судың молекуласының түзілуінің макеті;
е) генеалогиялық ағаш;
ж) CO2 + 2NaOH = Na2CO3 + H20;
з) адам скелетінің макеті;
и) сабақ кестесі;
к) ойыншық парово
л) метрополитеннің схемасы;
м) кітаптың мазмұны.
2. Кестені дайындаңыз және толтырыңыз.
Термин
|
Түйінді сөздер
|
Мысалдар
|
Граф
|
|
Метрополитен схемасы, молекулалар құрылымы, жол картасы, компьютерлік желі.
|
Графтың төбесі
|
|
Метро стансалары, молекуладағы атомдар, жол картасындағы қалалар.
|
Доғалар
|
|
Шежіре ағашындағы сызықтар
|
Қабырғалар
|
|
Молекуладағы атомдарды жалғастырушы сызықтар, жол картасындағы және метро-политен жолдарындағы жолдар сызығы.
|
Бағыттал-ған граф
|
|
Әртүрлі классификациялар (биологиялық, ұйымдастырушылық және т.б.)
|
Ағаш
|
|
Генеалогиялық ағаш, жіктеулер, файлдық жүйе
|
Желі
|
|
Дүниежүзілік тор
|
2. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін даярлаңыз.
3. «Модельдер» тақырыбы бойынша бақылау жұмысының мысалын келтіріңіз.
№7 өздік жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |