Бояулар және Бояу техникасы. Ежелде минералды бояуларды жартаспен қабырғаны сырлау үшін көп пайдаланған. Матаны бояу үшін және косметикалық мақсатпен өсімдікпен жануарлар бояулары қолданылған.
Жартаспен қабырғаны сырлауға Ежелгі Мысырда топырақ бояуы және де жасанды жолмен алынған бояулы тотықтар мен металлдың басқа да қоспалары қолданылған. Көп қолданылған ол жоса, күйе, ысылған мыстың жылтыры, мыспен темірдің тотықтары және т.б.
Бұрынғы заманда минералды бояулармен қатар Орта Азия мен Мысыр елі ерітілген табиғи бояуларды қолданған. Бояу алу үшін мынадай өсімдіктер қолданылған:алканна, вайда, куркула, марена, сафлор және де кейбір жануарлардың организмі.
Вайда-ISATIS іне жататын өсімдік. Оның құрамында ферментациядан кейін және ауаның әсер етуінен көк түсті бояу түзетін ерекше заттар қоры бар. XIX ғ. аяғында анықталғандай үндінің ең күшті “индиго” бояуының құрамында тек қана көк түс беретін-индиготин емес, қызыл түс беретін-индигорубин де кіреді екен. ISATIS түрінің әр өкілдерінің құрамындағы индигорубин мөлшері әртүрлі және оның мөлшеррі аз немесе мүлдем жоқ өсімдіктерден ашық көк түсті бояу бөлінеді. Осы себептен ашық бояйтын индиядан шыққан индиго қымбатқа бағланған, бірақ оның жеткізілуі оңай шаруа болмаған. Геродоттың айтуынша б.з.д VII ғ. Палестина территориясында вайданың плантациялары болған, бірақ бояу одан ертерек танылған болатын. Онымен Тутанхамонның киімі безендірілген.
Пурпур-ежелгінің әйгілі бояуы, б.з.д II мыңжылдықта Месопотамияда әйгілі болған. Бояуды мурекс түріне жататын мидияға ұқсайтын, жармалы ұлудан алған.
Матаға жағып кептіргенде жарықта зат өзінің түсін өзгерте бастаған,жасыл болып, қызыл және ең аяғында қарақызыл түске айналған. 12000 ұлудан 1.5 г құрғақ бояу алуға болған.
Достарыңызбен бөлісу: |