БатысЕвропадағы Алхимия. Арабтардың ғылыми көзқарасы 12 ғ. ортасында Солтүстік Африка, Сицилия, Испания арқылы Еуропаға енді. Арабтардың алхимиктарының еңбектері латын тіліне аударылып, кейіннен басқа да еуропа тілдеріне аударылды. Басында алхимия Еуропадағы Джабир сияқты кемеңгерлердің еңбектеріне сүйенді. Бірақ үш жүзжылдық өткеннен кейін Аристотель іліміне деген қызығушылық пайда болды. Әсіресе неміс философы және теологадоминикандық, Париж университетінің профессоры Ұлы Альберт және оның оқушысы Фома Аквинскийдің еңбегіне деген қызығушылық артты. Ұлы Альберт грек және араб ғылымының христиан доктринасымен үйлесімділігін, олардың кіріспесінің схоластикалық курстарына тәжірбие жүргізді. 1250 жылы Аристотель философиясы Париж университетінде оқыту курсына кіргізілді. Ағылшын философы және жаратылыс сынаушысы, монах франциялық Роджер Бэкон алхимияның мәселелерімен қызықты; ол селитра және басқа да заттардың қасиеттерімен танысты және де қара оқдәрінің жасалу жолын тапты. Басқа еуропа алхимиктарының арасынан Арнальдо да Вилланова (1235 – 1313), Раймонда Луллия (1235 – 1313), Валентин Василийін (15 – 16 ғасырдағы неміс монахы) атауымыз тиіс.