Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Азот қышқылы.
Жоспары:
1. Азот қышқылы, өндіріс маңызы және мемлекеттің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны.
2. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану.
3. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері мен көлемі.
Азот қышқылын шығару өндірісі күкірт қышқылынан кейін 2-ші орында. Өндіріс көлемінің өсуі азот қышқылынының тұздарының маңыздылығына тәуелді. Азот қышқылының 70-80 % минералды тыңайтқыштарда пайдаланады. Басқа 20 % келесі салаларда пайдаланылады:
Күкірт қышқылының нитрозды әдісінде
Техникалық тұздарды және нитраттарды шығаруда
Органикалық синтезде
Ракеталық техникада
Қопарғыш заттардың құрамында
Әртүрлі процестерде тотықтырғыш ретінде
Өндірістен 9 сұрыпты азот кышқылын шығарады. Реактивті және аса таза азот қышқылы кіші мөлшерде шығарылады.
Сұйылтылған азот қышқылын шығаруда негізгі шикізат ретінде: аммиак, ауа, су алынады, қосалқы материалдар мен энергетикалық ресурстар ретінде катализатор, табиғи газ, жылу және электр энергиясы алынған.
Ашылу тарихы:
1778 жылы Араб ғалымы Гебер азот қышқылын дайындау тәсілін сипаттаған: селитраны айдау жолы.
Ресейде азот қышқылының өндірісінің алған сипаттамасы (селитраны айдау жолы) Ломоносовтың еңбектерінде көрсетілген.
XX ғасырдың басына дейін табиғи селитра азот қышқылын негізгі алу көзі болған.
Достарыңызбен бөлісу: |