Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стильдері.Мұғалімнің іс-әрекет стилі деп оның кәсіби іс-әрекет түрлерін орындауындағы көрініс табатын әдіс-тәсілдердің тұрақты жүйесін атайды. Әр мұғалімнің іс-әрекеттерінде оның жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, құндылық бағдарына немесе өзіндік ұстанымдарына байланысты қалыптасып қалған стильдері болады.
Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерін білу маңызды.Педагогикалық іс-әрекет стилі - педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мұғалімнің балалармен қарым-қатынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады.
Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында педагогикалық іс-әрекеттің мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлық, либералдық, демократиялық.
В.А.Кан-Калик мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың 6 топтамасын анықтап көрсетеді.
1
3-дәріс
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі Жеке тұлға ғылыми категория ретінде.
Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар.
Тұтас педагогикалық үдерістегі тұлғалық қатынас мәселесі.
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық өсуінің қазіргі заманғы формалары.
Жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компоненттері.
Психологиялық-педагогиялық әдебиеттерде К.К.Платонов, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Г. Ананьев т.б. ғалымдар еңбектерінде жеке тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалар берілген. Тұлға мәселесін зерттеуде Б.Г.Ананьев «іс-әрекет субъектісі» деген ұғымды пайдаланады. «Іс-әрекет субъектісі» деген ұғым өзінің мазмұны бойынша «индивид» және «тұлға» ұғымдарын байланыстырып тұр. Субъектілік адамды оның психикалық дамудың ең жоғары сатысы болып табылатын санасы арқылы басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгісі. Өзінің саналы іс-әрекеті арқылы адам қоршаған ортаны өзгерте алады. Сондықтан, субъект дегеніміз іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға. Тұлға – қоғамдық қатынастардың субъектісі, яғни, оның қоғамға әсер ете алуы, оның әлеуметтік іс-әрекеті мен белсенділігі.
Сонымен қатар, тұлға қоғамдық қатынастардың объектісі де бола алады, яғни, тұлға қоғамның әсерлі ықпалы нәтижесінде әлеуметтенеді, тәрбиеленеді, білім алады. Жеке тұлға - қоғамдық өмірдегі күрделі, көпжақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға – қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық қатынастар жүйесі мен еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Белгілі психолог К.К. Платонов жеке тұлғаның сапаларын жүйелеп, оның иерархиялыққұрылымын анықтаған. Оның пайымдауынша жеке тұлғаның құрылымында туа біткен (биологиялық, тұқымқуалаушылық) және жүре біткен (әлеуметтік) құрамды бөліктері болады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, қазіргі білім беру саласында негізгі басымдық жеке тұлғаға бағдарланутұғырынаберіледі.