биологиялық бағыт - адам табиғаттың бір бөлшегі, оның іс-әрекеттері мен мінез-құлқы көбінесе табиғи қажеттіліктерге негізделеді;
әлеуметтік бағыт - адам биологиялық тіршілік иесі ретінде әлеуметтік топтардың қарым-қатынас ықпалынан әлеуметтенеді, қоғамдық ортаға бейімделеді;
биоәлеуметтік бағыт - жүре пайда болатын қасиеттерге негізделеді.
«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасына тоқталатын болсақ, тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі, индивид көп адамдардың бірі, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырылады.
Тұлға ол субъект, объект те бола алады. Себебі, субъект тұрғысынан алатын болсақ тұлға саналы іс-әрекет ете алатын қабілетті тұлға болып табылады. Әлеуметтік ортада тұлға объекті ретінде білім, тәрбие ала отырып, әлеуметтенеді.
Тәрбиенің екі жақты сипаты болады: тәрбиешіден тәрбиеленушіге дейінгі тікелей байланыс - міндетті саналатын әрекет. Тәрбиешінің қолында кері байланыстан алынатын мәлімет неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпал соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бұл заңдылық мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің және тәрбие нәтижелерінің арасындағы байланыстың болуын қарастырады.
Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу үдерісі.
Жеке тұлға даралығы – индивид тұлғасының және психологиялық өзіндік ерекшелігі, қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан, интеллектуалдығынан, қабілеттерінен көрініс береді.
Қазіргі таңда тәрбиенің негізі басты бағыты – тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны қалыптастыру ол үздіксіз жүргізілетін педагогикалық үдеріс. Адам кәсіби мамандық иесі, оған дайындық барысында, мамандыққа сай білімін жалғастырғанда бірге жүреді. Тұлға дегенімізге философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылымы тұрғысынан жан - жақты зерттеу жүргізіліп, әр қырынан өздерінің анықтамалық тұжырымын береді. Тұлға – ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асырудың дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз адамның өзіне тән жеке бас қасиеттерін іске асыруы.Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің ішкі күшінің - сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі.