Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Педагогикалық тарихындағы тәрбие мақсаты туралы ойлар



бет49/74
Дата24.05.2023
өлшемі215,38 Kb.
#96685
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Педагогикалық тарихындағы тәрбие мақсаты туралы ойлар
Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз уақыт ішінде әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік экономикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады, жастардың жаһандану процесіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, ақпараттық және мәдени өзара алмасуға белсенді қатыса алатынын көрсетуі де ХХІ ғасыр жастарының табыстылығы мен құзыреттілігінің нәтижесі деп бағалауға болады.
Тәрбие үдерісіні ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерін айқындауда қай ғасыр, қай дәуір болсын тұжырымдамада қамтылған ұстанымдарды басшылыққа алғанын байқамыз: тұлғалық-бағдарлы көзқарас, құндылықты (аксиологиялық) көзқарас, құзыреттілік көзқарас, әлеуметтік көзқарас, антропологиялық көзқарас, гуманистік бағыт мәдени сәйкестілік, табиғи сәйкестілік, этникалық т.б..
Тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың тарихи алғы шарттарын айқындағанда қазақ елі тәрбие мәселесіне аса мән бергенін көреміз. Сақ, ғұн дәуірінен, Түркі қағанаты, Алтын орда тұсынан бастау алған тәрбие өз өзектілігін жойған жоқ.
ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. Орта Азия, Қазақстан елдерінде ұлттық мәдениет, тәрбиенің бастаулары Әбу Насыр әл-Фараби “Бақытқа жетудің жолы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Азаматтық саясат” т.б., Жүсіп Баласағұнидің “Құдатғу білік” (“Құтты білік”), Махмұт Қашқари (ХІ ғ.) “Диуани лұғат ат-түрк” (“Түркі сөздерінің жинағы”), Ахмет Йугінеки (ХІІ ғ.). “Ақиқат сыйы” атты дастаны, Ибн Синаның “Медицина ғылымының заңдары” (“Каноны”), “Саулық сақтау кітабы”, Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих-и Рашиди”, Қадырғали Жалаиридің “Жаримат-ат тауарығы” т.б. ғұламалардыңеңбектерінденегізгіорыналады.
Ойшыл-философ, социолог, математик, физик, астроном, лингвист, психолог, педагог, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабиді (870–950) Отырарда туып, білім алып, кейін Бұқара, Мерве, Хоране, Александрия, Бағдат, Каир, Дамаск, Шам, Халеб сияқты мұсылмандық шығыстың көптеген қалаларында өмір сүріп, түркі, араб, парсы, грек, латын, санскрит және т.б. тілдерін жетік меңгереді. әл-Фараби “Бақытқа жетудің жолы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Азаматтық саясат” трактаттарында “Жан қуаты” “бақыт” дегеннің не екендігін, оған жетудің жолдарын, өмірде ізгілік пен зұлымдықты ажырата білу, игілікті орнықтыру, зұлымдықтан арылу қарастырады. Бақыт – қайырымды адамдардың мәртебесі, кемелденушінің жаны мен тән қуатының жетістігі, тұтас дүниемен үйлесімділікте өмір сүру қабілеті»,- дегенді айтады.
Түркістан өлкесінде дүниегекелген түрік әлемінің ойшылы Қожа Ахмет Иасауи (1094–1167) болды. Оның “Дүнияуи Хикмет” атты дастанында дүниені танып білу – өзіңді-өзіңнің тану, бағалау, жетілдіру дегенді білдіреді. Ақиқатқа жету, шынайыөмір. Адам өзін-өзі тану бұлөзіндікжетілу. Осы тарихат жолында адам өзін ұстамдылыққа, жетілдіруге шақырады. Сол шынайы қасиеттері арқылы сүйіспеншілік пен махаббат идеясын ұсынады. “Өзін білгені – хақты (жаратушыны) білгені, құдайдан қорқып ынсапқа келгені”.
Ал қазақ халқының тарихы, рухани - мәдени құндылықтарының даму тарихы Бартольд В.В., Потанин Г.Н., Радлов В.В., Ә.Диваев, Абай, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Н.Құлжанова, Ш.Алжанов, С.Қожахметов, Х.Досмухамедов, С.Торайғыров, Н.Төреқұлов т.б. еңбектерінде ақиқат тұрғысынан ғылыми негізделеді.
Ы.Алтынсаринніңқазақ мектебінің негізін салуда орны ерекше. Мектептерге оқу құралдарын жазумен қатар, тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда “Мұсылмандықтұтқасы” (“Шараит-ул-ислам”) кітабынжазды. Бұл кітаптың жазылуының негізгі себебі, исламдінініңаяттарындағыадамгершілік, иманжүзділік, қайырымдылыққағидаларынөзініңпедагогикалықкөзқарастарынанегіздейотырыптүсіндіруді көздеді.
Тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың тарихи алғы шарттары Абай Құнанбаевтың еңбектерінде жатыр. Ұлы ақынның негізгі миссиясы «Толық адамды» қалыптастыру. Отыз төртінші қарасөзінде “адамның туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері бәрі бірдей… Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу – жан құмарлығы”… (жетінші, қырық үшінші сөз) деп ой түйіндей келе, “адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол талаптылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі…”, - тәрбиенің негізгі қағидаттарын береді.
ШәкәрімҚұдайбердіұлының «Үшанық» аттыфилософиялықеңбегінденегізгіқағидаадамалдындағыарпәлсапасы. Тұлғаныңбойындағыынсап, әділет, мейірім - ұждандегенадамныңбойындағынегізгіқұндылықтыңқалыптасатынынзерделейді. «Адамақиқаттыбаскөзіменкөрмейді, ақылкөзіменкөреді... Өлімненсоңбіртүрлітіршілікбар. Екіөміргедекеректіісұждан», - депатапкөрсетеді.
ХХғасырдыңбасындаұлтзиялыларыА.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Шоқай, т.б. ұлттықбілімментәрбиежүйесінің, зиялықауымныңнегізінқалады. Зиялықауымөкілдірініңнегізгімиссиясы - бақыттызиялыұлттықалыптастыруеді.
М.Шоқайөзінің «Ұлттықзиялы» аталатынмақаласындазиялыдегенұғымға «Ұлттықзиялыдепкімдердіатаймыз», - депсұраққояотырып, «ұлттықзиялылырқатарынатекөзхалқыныңсаяси, экономикалықжәнеәлеуметтікдамуынақалтықсызқызмететеалатынадамдарғанакіреалады» депұлтзиялысыныңөміріелмүддесіменөзараүйлесімдіболғанынкөрсетед.
Тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың тарихи алғы шарттарын айқындаудағұлама ғалымдардың артына қалдырған тәлімдік мұралары бүгінгі жастардың бойындағы рухани - адамгершілік құндылықтарды, білімді, білікті, тұлғаның бойындағы құнды қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндігінің мол.
Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына Ә.Сыдықов, Т.Тәжібаев, И.Сембаев, Қ.Бержанов, С.Мусин, И.Б., Мадин, Қ.Б.Сейталиев т.б. еңбектерін ерекше атауымыз керек.
Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстанда білім берудің ұлттық моделі қалыптасуда. Онда білім мен тәрбие берудіңұлттық дәстүрін әлемдік білім кеңістігінде орын алып отырған өзгерістермен өзара байланыстыруға айрықша көңіл бөлінуде.
ХХІ ғасыр ғасырлар тоғысында тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың тарихи алғы шарттарын дамытуда қазақ ғалымдары игілікті шаралар атқарды. Белгілі ғалымдар С.Қалиев пен Қ.Жарықбаев түркі әлемінің ХІҮ ғасырлық тәлім - тәрбие мұрасын жинақтаған «Қазақ тәлім-тәрбие антологиясы” жарыққа шығуы ұлттық мұрамызды жинақтап, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне құнды мұра етіп қалдырып отырғаны белгілі.
Халықтық педагогиканың ғылыми-теориялық негізін салушы ТМД кеңістігінің ғалымдары Т.С.Виноградов, А.Ш.Гашимов, А.Э.Измаилов, Г.Н.Волков, К.Пірлиев, И.С.Кон т.б. халық педагогикасы– халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесіне байланысты жинақтаған әдіс-тәсілдері, білім мен дағдылардың салт-дәстүрлердің жиынтығы деп қарастырады.
Халықтық педагогикасы бойынша зерттеу жұмысын жүргізген Қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, К.Қожахметова, Ш.Майғаранова, Р.Қ.Дүйсенбінова, Ш.Джанзақова т.б. қазақ халқының тәлім-тәрбиелік мұрасына ғылыми талдау жасап және оларды тарих, этнография, фольклористика зерттеулерімен салыстыра келе ұлттық мұра, халықтық педагогика мен этнопедагогика ұғымдарына түсінік береді.
Кеңестік дәуірде, ұлттық дәстүрлерді зерттеуге жол бермеген кездерде, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін ғылыми негіздеген А.Мұхамбаева болып табылады.
Жоғарыдағы ғалымдардың зерттеулерін зерделей келе, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан айтыс өнері, суырып салмалық шешендік өнер, мақалдар мен мәтелдерде халықтық тәрбиенің қайнар көздері, рухани мұрасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім заңы, Мемлекеттік білім бағдарламасы, орта мектептегі білім және тәрбие беру тұжырымдамалары негізінде мектептегі білім және тәрбие беру мәселелері қайта қаралып, осының нәтижесінде ұлттық негіздегі жаңа бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылды.
Алғаш рет 1995 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» отбасы, мектепке дейінгі, мектептегі тәрбиенің сындарлы жүйесі жасалды. Тұжырымдамада жас ұрпаққа имандылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, Отансүйгіштік, ерлік, эстетикалық тәлім-тәрбие беру мәселелері жан-жақты қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет