Тәрбиенің қағидалары. Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие кешенді міндеттерді шешуді дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жеке тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тәрізді әлеуметтік қызметтерді өз мәнінде қабылдап, оларды пайдалана білуге даярлау, кәсіп таңдау; өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызуды алға қояды.
2015 жылы ұсынылған «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» тәрбие қағидасына жан - жақты тоқталады. «Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытрудың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі дей келе, кағиданың барлық бағыттарына тоқталады: табиғилылық қағидасы, мәдени сәйкестілік қағидасы, гуманистік бағыт қағидасы, этникалық қағида, бiрлiк талабы мен сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы, тәрбиенің үздіксіздік қағидасы, әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы, әлеуметтік барабар қағидасы, демократияландыру қағидасы, вариативтілік қағидасы. Ал, мақсатттылық қағидасына мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады»,- деп анықтама берілген. Тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне, жалпы адамзаттық құндылықтарға, құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады, әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өздері дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөледі. Тәрбие үдерісінің қағидалары: ізгілік бағыттылығы, жалпыадамзаттық құндылықтар, мәдениеттілік, үздіксіздік, табиғилық, тұтастық, ұлттық т.б. бірі - бірімен сабақтастықта кешенді түрде үйлескенде тәрбиенің жетістікке жетеді.