Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет11/41
Дата04.10.2022
өлшемі149,84 Kb.
#41345
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Негізгі ұғымдар: дидактика, білім беру теориясы, білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері,әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Дидактика қандай мәселелерді қарастырады?

  2. Оқытудың ғылыми негіздерін атап көрсетіңіз?

  3. Оқыту процесінің құрылымын және оның буындарын сипаттаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006


4-тақырып: Оқыту процесінің құрылымы және кезеңдері.

  1. Оқыту процесінің құрылымы.

  2. Оқыту процесінің негізгі кезеңдері.


Оқыту процесінің алдына қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру белгілі бір тәртіппен, нақтылы жүйемен жүзеге асырылады. Мұнжай жүйені оқыту процесінің құрылымы деп атайды. Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар мыналар:

  • Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді.

  • Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.

  • Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал-тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.

  • Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет