Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;
10.4.5.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін (компрессия) құрастыру
|
Сабақтың ортасы
8+2 мин
15 мин
7 мин
|
1-тапсырма Ж/Ж
Мағынаны тану
Жазылым тапсырма
Оқушыларға тақтадан сөздерді оқып шығуға 1 минут уақыт беріледі, кейін жауып тасталады. Есінде қалғандарын жазып шығады.
Сауда-саттық, тұтынушы, кепілдік, қайтарып беру, алға тарту, тауардың өтімдігі, жеңілдік жасау.
Оқылым тапсырмасы
Өнімнің құрамын емес, қажеттілігін арттырыңыз. «Адамдар бір затты ұнатқандықтан емес, заттардың пайдасы бар болғандықтан сатып алады» дейді Дэн Кеннеди. Сауда-саттықта жұмыс жасап жүрген адамдар Котлердің «Дрель мен керегедегі тесік» атты мысалын жақсы білетін шығар. Дрельді сатып алып тұрған тұтынушы үшін дрель емес, дрельден кейін қалатын тесіктер маңызды. Яғни құралдың өзі емес, нәтижесі керек. Бір кездері дүкендерде тұратын есепшоттар есіңізде ме? Калькулятор пайда болғалы олар саудадан алынып тасталды. Адамдарға бар болғаны құралдың жылдам есептейтін тиімді түрі қажет. Virgin Airlines компаниясы авиарейстерді емес, керісінше А-Б пунктіне өтуге арналған қолайлы ұшақтарды жарнамалады. Сол секілді табысты заңгерлер сағаттап берілетін консультацияларының орнына өмірге тыныштық орната білетіндіктерін жарнамалайды. Ал күзету жабдықтарын сататын адамдар құралдарынан бұрын, адам өмірін қауіпсіз жағдайда сақтай білетіндіктерін алға тартады.
Өз өнімдеріңізге кепілдік беріңіз. Егер тауарыңызға 100% кепілдік бере алмасаңыз, өз тауарыңыздың сапасына өзіңіз сенбегендігіңіз. Ұзақ мерзімге берілетін кепілдік тауардың өтімділігін арттырады. Әрине, ең жақсы кепілдік – ақшаны толықтай қайтарып беру. Кейбір компаниялар тауардың бағасынан да көп ақша қайтарып береді. Сіздің өнімдеріңізді сатып алған соң, қулық жасап, тауарды қайтаратын тұтынушылар да болады. Бірақ көп жағдайда керісінше болатындықтан, мұндай кемшіліктерді сол ақшалармен толтырып алсаңыз болады. Қалай да мүмкіндік тауып, жеңілдік жасауға тырысыңыз. Мысалы, тегін қызмет көрсету, 3 жылға дейін толықтай кепілдік. Осы секілді жеңілдіктердіойластырып, оларды көпшілікке ұсына біліңіз.
1- тапсырма
Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді
1. Қазіргі таңда сауда орындарында есепшоттар қолданады ма?
2. Егер қолданбаса, не үшін қолданбайды?
3. Тауардың өтімділігін не арттырады?
4. 3 жылға дейін толықтай кепілдік дегенге қалай қарайсың?
5. Қулық жасайтын тұтынушылардан қалай сақтануға болады?
2-тапсырма
ПОПС формуласы арқылы негізгі ойға көзқарасын білдіреді.
1. Пікір. Мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз
2. Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
3. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз
Оқушыларға дескриптор ұсынылады.
· Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді
· Оқушылар негізгі ойға қатысты өз ойларын айтады
· Мәселеге қатысты өз бағасын береді
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Оқушылар «сауда жақсы жүрсін десең» деген тақырыпқа өз 5 қағидасын қосады. Және оқушылар бір- біріне баға береді.
«f» бағалау. Оқушылар өзара бір-бірін бағалайды
«2 жұлдыз, 1 тілек»
|
Оқулық 10 сынып
Мәтін және сұрақтар параққа шығарылады
|