Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Белок дегеніміз не?
Белоктардың қандай түрлері болады?
Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.7 (негізгі), 7.2.8- 7.2.16 (қосымша)
2 Модуль Нуклеин қышқылдары
№ 4 дәріс тақырыбы. Генетикалық аппараттың молекулалық құрылымы. Геном жайлы жалпы мәліметтер.
Дәріс жоспары:
Геном жайлы жалпы мәліметтер.
Хромосомалық карталар.
Хроматин құрылысы.
Гистондар ерекшеліктері.
Хромосомалардың нуклеосомалық жинақталуы.
Хроматиннің ақуыздар модификациясы және олардың ДНҚ репликациясы мен транскрипциясына әсері
Пайдаланатың құралдар: проектор, слайдтар
Клеткаға қажетті ерекше (арнайы) белоктың синтезделуін қамтамасыз ететін ДНК-ның молекуласының бөлігін геном деп атайды.
Хромосома ( грекше"хромо-бояу,"сома"-дене ) - клетка ядросының құрамында нәсілдік информациясы ДНК бар ген орналасқан өздігінен екі еселене алатын, арнайы бояулармен боялатын негізгі құрылым бөлігі.
Хромосома алғаш рет 19 ғасырдың 70-ші жылдары белгілі болды және1883жылы неміс ғалымы В.Вальдейер "хромосома" деген атауды ұсынды.
Хромосома өсімдік пен жануарлар клеткасының даму процесін қамтамасыз етеді, тұқым қуатын белгі, қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа өткізеді.Олардың хромосомында морфологиялық өзіндік ерекшеліктері бар. Хромосомалар клетка бөлінуі кезінде анық көрінеді. Оның морфологиясы митоздың метафаза және алғашқы анафаза сатысында жақсы байқалады. Орташа алғанда хромосоманың ұзындығы 0,2- 50мкм, диаметрі 0,2-3мкм.
Достарыңызбен бөлісу: |