Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1А Қатынастар және пропорциялар
|
Мектеп: “Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп”
|
Күні: 01.10.2024
|
Мұғалімнің аты-жөні: Егеубаев Ержан Алимағанбетұлы
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.3.3.2
шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін білу;
6.3.3.3
шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;
6.3.3.4
дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану;
6.3.1.7
шар мен сфера туралы түсінігінің болуы
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
шеңбер ұзындығын табады;
дөңгелек ауданын есептейді;
шар мен сфера туралы түсінеді;
шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін біледі;
- шеңбер ұзындығының формуласын біледі және қолданады;
- дөңгелек ауданының формуласын біледі және қолданады.
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы
шеңбер ұзындығын таба алады;
дөңгелек ауданын есептей алады;
шар мен сфера туралы түсінеді;
шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін біледі;
- шеңбер ұзындығының формуласын біледі және қолдана алады;
- дөңгелек ауданының формуласын біледі және қолдана алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;
- берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді;
- пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды;
- шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды;
- шеңбер ұзындығы мен дөңгелек ауданының формулаларын ауызша тұжырымдамасын жасайды.
Бөлім бойынша лексика және терминология
- пропорция;
- пропорцияның негізгі қасиеті;
- пропорцияның шеткі мүшелері;
- пропорцияның ортаңғы мүшелері;
- пропорцияның белгісіз мүшесі;
тура пропорционалдық тәуелділік;
кері пропорционалдық тәуелділік;
- шеңбердің ұзындығы;
- дөңгелектің ауданы;
- π саны;
- сфера;
- сфераның радиусы, сфераның центрі;
- шар;
- шардың радиусы, шардың центрі.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
- а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз;
- а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз;
- пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек;
- пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек;
- берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...;
- шеңбер ұзындығы ... тура пропорционал болады;
- - дөңгелек ауданы ... тура пропорционал болады.
|
|