Перманганатометрия


Йодты натрий тиосульфатымен титрлеу кезінде келесі ережелерді міндетті түрде сақтау қажет



бет3/3
Дата11.12.2023
өлшемі103,67 Kb.
#137143
1   2   3
Йодты натрий тиосульфатымен титрлеу кезінде келесі ережелерді міндетті түрде сақтау қажет:
    • титрлеуді салқын бөлмеде өткізу қажет, себебі бос йод ұшады және жоғары температура реакцияның сезімталдығын төмендетеді;
    • крахмал индикаторын титрлеудің соңында қосу;
    • титрлеуді күшті сілтілік ортада өткізуге болмайды, себебі сілтілік ортада бос йод тотығып гипойодит және т.б. қосымша өнімдер түзу мүмкін, ал түзілген гипойодит иондары тиосульфатты сульфатқа дейін тотықтырады:
    • йодометриялық титрлеуді рН8 жағдайда, ал сұйытылған ерітінділерді (0,01М) рН7 жағдайда титрлеген дұрыс.

Йодтың тотықтырғыш потенциалы күшті тотықтырғыштар мен күшті тотықсыздандырғыштардың потенциалдары шамаларының арасында орташа орын алады, сондықтан йодометрия әдісінің әмбебаптылығы – тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды бірден анықтауға болады.
Йодометрияның қолданылуы:

  • тотықсыздандырғыштарды анықтауда – As3+, Sb3+, Sn2+ қосылыстарын, сульфиттерді, H2S, ZnS,;
  • тотықтырғыштарды анықтауда – K2Cr2O7, аз еритін хроматтарды(Pb2+, Ba2+);
  • мыстың балқымаларында (қола, латунь) және кендерінде жанама йодометриялық титрлеу әдісімен мыстың мөлшері анықталады;
  • йодометриялық әдіспен судың құрамындағы еріген оттектің мөлшерін анықтаудың дәстүрлік әдісі – Винклер әдісі болып табылады;

  • майлардың сапасын зерттеуде олардың құрамындағы пероксидтердің мөлшерін йодометриялық әдіспен анықтайды;
  • органикалық қышқылдарды анықтау (шарап, лимон, оксиқышқылдар);
  • органикалық еріткіштерде судың мөлшерін анықтау;
  • органикалық қосылыстарды анықтау – қанттар, құмырсқа альдегиді, ацетон, спирттер, азотты және күкіртті қосылыстар.

Cu2+ + 3J- = CuJ + J2
J2 + 2S2O32- = 2J- + S4O6 2-
Индикатор - крахмал

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет