Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§5. КӨРКЕМ ТАҚЫРЫПТАМА ДЕГЕНІМІЗ – ТҰТАСТЫҚ



Pdf көрінісі
бет23/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   127
§5. КӨРКЕМ ТАҚЫРЫПТАМА ДЕГЕНІМІЗ – ТҰТАСТЫҚ 
Тақырыптаманың тектерін сипаттау авторлардың көркем емес болмысқа бет бұруымен 
байланысты онсыз өнерді көзге елестете алмаймыз. "Поэзияның түп негізінде <...> 
шындық өмірден шабыттана алынатын материал жатыр. Егер ақыннан шындық өмірді 
тартып алатын болсақ, онда оның шығармашылығы өз өмір сүруін тоқтады"[133]. Вл. Ф. 
Ходасевичтің осы сөзі тек қана жалғыз поэзияға ғана емес, басқа да өнер формаларына 
қаратыла айтылып отырғандығы күмән туғызбайды.
Суреткер шындығының құрамында көбіне жазушыны қызықтыратын өмірлік тәжірибе 
негізінде қол жеткізетін жекелеген оқиға, кездейсоқ жағдаяттар ғана емес, болмыстың 
терең байыптамасы да болады. Суреткерге тән нәрсе мәннің аяндығын аңғарып, тереңіне 
бойлаушылық. Егер де біз көркем тақырыптаманың бағалау өлшенімі турасында сөз етер 
болсақ, оның сипатын мына бір сөздер ашып бере алады. Р.М. Рильке жас ақындарды 
«Мәселенің мәнісіне терең үңілуге» шақырды[134]. Көркемдіктен тысқары шындықтың 
құрамын түгелге дерлік көркем танымның басты нысаны құрайды. Ірі жазушылардың 
шығармашылығында осылай суреттеуге тырысушылық басты рөл атқарады.
Көркем тақырыптаманың құрамында бұдан өзге де тұстар бар. Өнер кейде тек өзіне ғана 
ынта қояды. Осы турасында біріншіден, суреткер мен оның туындыгерлігі жайындағы 
әдеби туындылар айғақ болады. Өнер тақырыбына романтизм дәуірінің қаламгерлері: 
И.В.Гете, Э.Т.А. Гофман, А.Пушкин ("Мысыр түні"), Н.В. Гоголь ("Портрет") және басқа 
да орыс жазушылары да тұрақты бет бұрып отырды да, нәтижесінде ерек жанр 
(Кunstlemovelle, Кunstlenorrman) өмірге келді[135]. Бұл дәстүр XX ғасырда да өз 
өміршеңдігін танытты (М.Булгаковтың "Шебер мен Маргарита", Т. Манның "Доктор 
Фаустусы" романдарын, Р.М. Рильке "Орфейге арналған Сонетттері" атты поэтикалық 
кітабын еске түсіруімізге болады).
Екіншіден, біздің ғасырдың алғашқы он жылдықтарында стилденген және пародиялық 
сипаттағы туындылардың ықпалы әбден зор болып, қаламгерлердің назары өздеріне 
дейінгі сөздік-көркем формаларға ауды. А.К. Жолковский мен Ю.К. Щегловтардың 
айтуынша, өзін "құрылым мен формулалық <...> ойын" сипатында жүзеге асыратын 
«әдебиетішілік» тақырыптар орын алады. Қол жеткізу мен туындыгерліктің, "көркем 


38 
шығармашылықтың амал-тәсілдері: поэтикалық тіл, сюжеттік түзілімдер, дәстүрлі 
формулалардың" өзегі болып табылады[136].
Әдеби процестің құрамындағы көркемдікішілік тақырып өте маңызды болғанымен, ол 
бәрібір жекелік ретінде танылады. Өнердегі тақырыптаманың өзегі мен тінін көркемдіктен 
тысқары шындық өмір құрайды. Жоғарғы образдарға толы көркем шығармашылық 
өзінен-өзі тұйықталып қалмайды.
Біз сөз еткен көркем тақырыптаманың аспектілері бір-бірінен ат тонын ала қашпайды. 
Қайта, бір-бірімен тонның ішкі бауырындай араласып, әсіресе, бізге жақын дәуірлерге тән 
«қоспалылықты» түзеді. Белинский "орыс өмірінің энциклопедиясы" деп атаған 
Пушкиннің "Евгений Онегині" тап осындай, замананың көп қырлы келбеті фольклорлық 
және мифтіпоэтикалық бастау көзге бет бұрады, бұл турасында байыпты заманалық 
еңбектер жазылды, оларда ақынның өзін-өзі көңіл хошы арқылы ашуы авторлық тәу ету 
тұрғысынан сөз етіледі.
Осы арада М.А. Булгаковтың тақырыптамалық жағынан алуан қырлы "Шебер мен 
Маргарита" романын еске алудың реті келіп отыр, туындыда бір-бірінен аулақтанған 
дәуірлердің басы түйісіп, әлі орын алмаған мәңгілік сөз етіліп, ғұмырнамалық, авторлық, 
жеке тұлғалық бастау көз, терең трагедиялық ахуал айқын сезіледі. "Боги, боги мои! Как 
грустна вечерняя земля! Как таинственны туманы над болотами. Кто блуждал в этих 
туманах, кто много страдал перед смертью, кто летел над этой землей, неся на себе 
непосильный груз, тот это знает. Это знает уставший" (романның 32-ші тарауының басы). 
Осы мұң-зарға толы жолдар тек Шебердің ғана емес, жазушының да қайғысын танытып, 
ең бастысы Михаил Афанасьевич Булгаковтың өз бейнесін аңғартады.
Туындылардағы тақырыптама ашық, тікелей, бағдарламалық, айшықталған (мысалға, 
XIX ғ. Н.А. Некрасов поэзиясындағы орыс шаруалар өмірінің нақтылығы), не болмаса, 
жанама, қосарлы, «астар мәтінді» түрінде, кейде автордың шығармашылық еркінен тыс 
ретте әр түрлі қырларынан танылады. Осы тақлеттес тақырыптарды А.К. Жолковский мен 
Ю.К. Щегловтар айқын танылатын тақырыптарға қарама-қарсы қоя отырып «айырып 
алғысыз» деп атады[137]. XIX ғ. орыс классикалық әдебиетінің көптеген туындыларының
мифтіпоэтикалық бастау көздері тап осындай, мысалға, Ф.М, Достоевскийдегі хаос пен 
ғарыштың бір-біріне қарама-қарсы тұрушылығы тақырыбы немесе басқа бір мысал: 
оқырмандар А.А Фет өлеңдеріндегі орыстың байбатшалық (усадебалық) өмірінің тек 
кейбір қырларын ғана түйсіне алады, бірінші кезекте, әлемді әдемілік деп танудың 
тұрмыстық әмбебаптығын ғана.
Ақындар көбіне ішіне бүккен бүкпентайы жоқ, басы ашық тақырыптарға жүгінеді. Э. 
По өнерге «белгілі бір мөлшердегі ишарат» керек, ол "туындыны <...> байықтырады": 
"аста-төк ишаралау тақырыптың құнын түсіріп, "поэзияны жадағай прозаға" айналдырады
деп тұжырымдайды [138].
Айтылғандарды жинақтай келе айтармыз, өнер мен әдебиеттегі ең бір басымдыққа ие, 
өзгермейтін «бетертақырып» адамды түрлі қырынан алып көрсетеді. Бұл арада оның 
әмбебап (антропологиялық) қасиеті мен белгі-нышаны және қайталанбас индивидуалды 
бастау көзі мәдени дәстүр мен қоршаған ортаға қарай қалыптасады. Өнер «адами 
шындықтың» шыңына шығып, өжеттік және табандылықпен ғалым және философияның 
тілі болып табылатын абстракциядан іргесін аулақ ұстап, тұрмыс-тіршіліктің эстетикалық 
көрініс беруін тұрақтылықпен айшықтайды.
Өнердің танымдық бастау көзі XX ғ. пікір алшақтығы мен түрлі дау-дамайға өзек 
болды. Авангардизм тәжірибесіне бағдар ұстанған концепцияларда өнердің тұрмыс-
тіршілікті игеруі турасындағы еліктеу теориясына, одан кейінгі туындаған тұжырымдарға 
қарама-қарсы пікірталастық көзқарастар кең орын алады. Суреткерлер (оның ішінде 
жазушылар) шындық өмірден ештеңе алмай, бәрі қайыра тудырады деп тұжырымдайды. 
Бұл арада «тақырып» ұғымына лайықты құрмет көрсетілмей, әдебиет басы бүтін тіл 


39 
стихиясына бойлап кетеді деп саналады (кейінірек сөз етілетін Р.Барт, сондай-ақ, Т.Павел, 
М.Раффатер, Ф.Соллерс)
Поэтикалық туындылардың тақырыптамалық «іргетасына» қатысты скепсис формалды 
мектептің өкілдерінің еңбектерінде көрініс тапты. Сентиментализм әдебиетін "Махаббат, 
достық, жоғалған жастық шақ турасындағы зарға толы. Ондағы барлық тақырыптар
карамзинизмнің камералық стилін құптайтын, аға буынның ауқымды тақырыптарына 
«бөлмелік» тосқауыл қойған «ала-құлалықтан қырнап алған» принциптердің 
түзілімдерімен жұмыс үстінде өмірге келеді" деп сипаттады, - Ю.Н. Тынянов. Одан ары 
қарай ғалым: "Поэзияға адалдық тақырыппен марапатталмайды",-деп, сөз зергерлерін 
өздерінің тақырыбының қамауында қалу қауіпінен сақтандырады. Тыняновша, А.А. 
Ахматова "өзіндік тақырыптарының қамауында қалған" ақын. "Бірақ бір ерекшелігі,- деп 
жазады ол,- Ахматова өзінің шығармашылық жолын бастаған шақта тақырыбын сөз 
етпегеннің өзінде жаңашыл еді, құнды еді, оның өлеңдерінің тақырыбы <...> өз кезегінде 
өз бойындағы әлдебір тіріг екпінділігімен, әлдебір соны қырымен қызықты болатын"[139]. 
Тұл тұжырымдау сондай батыл, әрі айырықша болғандығымен өзіне байыптай назар 
аударуды керек етеді. Ол өз кезегінде ақындық шығармашылықты «тақырыптық 
біртектестіктен» сақтандырып, әдебиеттің формалдық, композициялық-стилистикалық 
жағын қаперден шығарып алмауды еске салады. Сонымен бірге, тақырыпты «ала-
құлалықтан қырнап алған» көркемдік түзілімге және оның үстіне "стилистикалық 
тапсырманы" орындаудың амал-тәсіліне жатқызуы, біздіңше, даулы әрі, біржақты.
Тақырыптама (егер осы терминді кестеленген тар ауқымдылықтан, кенедей жабысқан
социологизмнен, абсолюттендірілген мифтіпоэтикалық астармәтіннен) азат етсе, онда 
көркем туындының бөлінбес іргетастық бастау көзі құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет