Бердібай Шалабай
164
Абай мен Ербол қатты желіп, қатар келіп, Абылғазының қасына
тақай бере, төменде, жап-жақын жерде, қызарып тұрған терезенің
отын көрді (М. Әуезов). Күн бұлттанып, терістіктің ызғарлы
желі теректердің қураған жапырағын жамыратып, бойды суық
шалғандай болды. Дүниеде не қиын? Ғұмыр атты ұзын жолда
тым алысқа кетіп қалып, кенет артыңа бұрылып қарағанда, көз
ұшында бала көрінбесе – сол қиын (Ш. Мұртазаев).
3-жұмыс.
Әңгімесін аузымен тоқтатса да, көңілімен соның
аяғын тағы да созып, қайғының қат-қабат шыңына ақылымен
кіріп отыр. Артынан әлгілердің әлсіздігін ойлағанда, іші құсаға
толып, жас жүрегі жаншылып, бұл күнге шейін көрмеген азабын
тартты (М. Әуезов). Қазақ ауылына барғанда, көмір бар ма,
күміс бар ма деп, сұрай бастасаң, хауіптеніп бастарын шайқайды
(Ғ. Мүсірепов). Алдына кім келсе де, қандай ой, қандай пиғыл-
мақсатпен келсе де, Ленин ол адамды өзінің отымен тазартып
алады екен. Алыстағы Ескендірге деген сағыныш білінбей-
білінбей келіп, енді кеудесін керіп кеп кеткенде, Рысқұлов мына
«Метрополь» мейманханасының кең бөлмесінен ауа жетпей
тұншығып бара жатқандай, жүгіріп барып, үлкен терезенің
жақтауын айқара ашып жіберді (Ш. Мұртазаев).
Достарыңызбен бөлісу: