Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет1/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Байланысты:
Шалабай



Қазіргі қазақ тілі
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Бердібай Шалабай 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
СИНТАКСИС
Оқу құралы
Алматы 
«Қазақ университеті»
2020
Стереотиптік басылым


Бердібай Шалабай
2
ӘОЖ 811.512.122.42
Ш 21
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің
Ғылыми кеңесі және
Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған 
Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы, профессор 
Т. Ермекова
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
М. Жолшаева
Шалабай Бердібай
Ш 21
Қазіргі 
қазақ 
тілі.
Синтаксис: 
оқу 
құралы. 

Стер. бас.
– Алматы: Қазақ 
универ ситеті, 20
20
. – 186 б.
ISBN 978–601–247–547–0
Оқу құралында синтаксистің қарастыратын мәселелері үш салаға: 
сөз тіркесі синтаксисіне, сөйлем синтаксисіне және мәтін синтаксисіне 
топтастырылған. Әр салаға қатысты теориялық түсініктерді іс-тәжірибеде 
бекітетін практикалық тасырмалар, бақылау сұрақтары және студенттердің 
өз бетімен істейтін жұмыс түрлері мен қажетті әдебиеттер тізімі әр 
тақырыптан кейін берілген.
Оқу құралы студенттер мен магистранттарға, оқытушыларға арналған.
ӘОЖ 811.512.122.42
ISBN 978–601–247–547–0 
© Шалабай Бердібай, 20
20 
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 20
20


Қазіргі қазақ тілі
3
Алғы сөз
Тілдің синтаксистік құрылымы – тілдік деңгейде басқа тілдік 
бірліктерден жоғары сатыда тұратын, олардың бәрін өз ішіне 
қамтитын күрделі тұлға.
Қазақ тілінің синтаксистік құрылымы ХХ ғасырдың 
30-40-жылдарынан бастап жүйелі зерттеу нысаны болып келеді. 
Синтаксистің алғашқы ізін салу, оның жекелеген мәселелерін 
зерттеу А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов еңбектерінен бастау алып, 
С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаев, т.б. ғалымдардың 
еңбектерінде тұтас кешенді тұрғыдан қарастырылды, солардың 
негізінде жоғары оқу орындарына арналған алғашқы оқу лықтар 
жазылды. Одан кейінгі кезеңдерде қазақ тілінің синтаксистік 
жүйесі одан әрі терең зерттеле бастады: мақалалар, моно гра-
фия лар, диссертациялық жұмыстар түріндегі көптеген ғылыми 
ең бектер жарық көрді. Оларда жаңа тұжырымдар мен идеялар 
да жоқ емес. Осы кезде жаңа ғылыми көзқарастарды негіз еткен 
оқулықтар мен оқу құралдары да шыға бастады. 
Бұл оқу құралы бұрыннан негізделген көзқарастар мен жаңа 
пікірлерді ескере отырып құрылды, сонымен қатар, студенттерге 
арналған бұрынғы еңбектерде мәтін синтаксисі жеке тақырып 
ретінде берілмеген еді. Мұның өзі синтаксисті зерттеуде күн 
тәртібінде тұрған мәселе болатын. Осы жайлар ескеріліп, әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ-де филология мамандығы бойынша 
2010 жылдан бастап оқу жоспарына тәжірибелік негізде мәтінтану 
енгізілді. Оқу құралын құруда осы қажеттілік те ескерілді.
Соңғы жылдары жоғары оқу орындарындағы ғылыми пән-
дерді оқыту үдерісінде жаңа әдістемелік үрдістер, оқыту тех но-
логияларының жаңа түрлері туып қалыптаса бастады. Солардың 
бірі – кредиттік жүйеде оқыту. Бұл әдіс бойынша дайын білімді 


Бердібай Шалабай
4
алудан гөрі студенттердің өз бетімен ізденіп меңгеруіне ерекше 
мән беріледі.
Осы жайларды ескере отырып оқу құралында синтаксистің 
негізгі ұғым, категориялары, тақырыптары теориялық жағынан 
тұжырымдалумен қатар студенттердің өз бетімен жұмыс жасауы 
үшін әр тақырыптан кейін оларды бекітетін тәжірибелік жұмыс 
түрлері, бақылау сұрақтары мен жаттығу түріндегі тапсырмалар 
және оларды меңгеруге көмектесетін әдебиеттер берілді.
Оқу құралы осы бағыттағы алғашқы тәжірибелердің бірі 
болғандықтан, кейінгі басылымдарда толықтырылып, өңдеу 
жұмыстары жүргізілетінін ескертеміз. Сондықтан айтылатын 
ұсыныс, пікірлерге автор алдын ала алғыс айтады.


Қазіргі қазақ тілі
5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет