Бердібай Шалабай
140
-ғанша
формасы көбінесе мезгіл мәніндегі бағыныңқының
баяндауышын жасайды.
«Сол жайлы орынға жеткенше, Айгүлдің әні де үзілмеуі
керек» (Ғ.М.).
«Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып
та болды» (Ғ.М.). «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге
адас» (мақал) (қарс.бағ.).
-ғандай
формасына аяқталған бағыныңқы компоненттің
қандай мағыналық мәнде жұмсалуы жөнінде екі пікір бар.
Қ. Есенов оларды амал бағыныңқыға жатқызса, Т. Қордабаев
салыстырмалы бағыныңқыға жатқызады.
1. Тәнге ас керек болғандай, жүрекке де ақыл сонша керек
(М.Ә.).
2. Ақтардың азабы аз дегендей, құзғын қарғалар мен иттер де
өліктерді басынып алған (С.М.).
3. Құрақ қамыс басын ақырын жел желпіп, судыратып кеткен-
дей, қысқа сыбыр қазақ тобын түгелдей айналып шықты (М.Ә.).
Есімшенің басқа тұлғалары да бағыныңқы компоненттің
баяндауыш тұлғасында келіп, сирек болса да, сабақтас құрмалас
сөйлем түрлерін жасауға қатысады. Мысалы:
1. Екі қабат үйдің жағасына көтерілерде, Боқай бәрін жинап
өз қолына алды (Ғ.М.).
2. Өзі ұзақ сапарға кетерде, Ушаков жұмыскерлер барағын бір
аралап шығып, азды-көпті көңілдерін бір аулап кететін (Ғ.М.).
3. Бәтесті менің жақсы көруімді сезетіндей, ол да маған жылы
ұшырайтын (С.М.).
Достарыңызбен бөлісу: