Пікір жазғандар: Кәрібаев Б. Б



бет87/93
Дата10.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#73115
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93
Байланысты:
annotation165748

ТАСИС – ТМД елдеріне техникалық көмек – ТМД елдеріндегі экономикалық реформалар үдерісін жеделдетуге жәрдемдесу жөніндегі Еуропалық одақтың бағдарламасы.
ТЕМПУС – білім саласында ЕО тарапынан көмек көрсету бағдарламасы.
Еуропа Одағының (ЕО) Шығыс Еуропа, Орта Азия, Батыс Балкан және Жерорта теңізі аймағындағы серіктес-елдерде жоғары білім беруді жетілдіру үрдістерін, көбінесе жоғары білім беру орындары арасындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру арқылы қолдауға бағытталған бағдарламаларының бірі.
Тиран – 1) Ежелгі Грецияда, Ежелгі Италияда өкіметті күшпен басып алған адам; 2) жендет, рақымсыз, қатал, мейірімсіз билеуші; 3)қысымшы, езуші адам.
Тоталитаризм – зорлық-зомбылық пен қоқан-лоққыны негізіне алған саяси үстемдік жүйесі.
Төтенше жағдай – ерекше құқықтық тәртіп. Ол соғыс кезінде, мемлекеттік төңкеріс, табиғи апат т.б. жағдайларда енгізіледі. Мұнда көбінесе азаматтардың құқықтары шектеледі.
ТРАСЕКА - Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі. Орталық Азия және Закавказья елдерінің сауда-саттық және коммуникациялық мүмкіндіктерін дамытуға қызмет ететін жоба.
Тұлға – қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайы қалыптастырған,саналы іс-әрекет ете алатын,өзінің жүріс-тұрысына жауап беретін,еңбек етіп,қарым-қатынас жасаушы,айналадағыны танып-білуші жеке адам.
Тұрмыс – қоғам өмірінің адам өзін ұлғаймалы өндіруімен тікелей байланысты негізгі аяларының бірі, оның тамақ, киім, тұрғын үй, демалу, көңіл көтеру, денсаулығын сқтау сияқты жақтарын қанағаттандыратын материалдық және мәдени орта.
Уезд – әкімшілік аумақтағы бөлініс. Ресейде 1937 жылдан бастап қолданылған. Уезд қала мен оған байланысты болыстардан тұрды. 1867 – 1868 жылғы реформаға сәйкес облыс уезге уезд болыстарғы бөлінген.
Узурпация – өкімет билігін заңсыз басып алу немесе басқаның құқығын иемдену.
Унитарлы мемлекет– мемлекеттік құрылыс формасы, оның жекелеген аумақтары әкімшілік бірлік болып табылады және мемлекет ішінде өз алдына бөлек құрылымға жол бермейді.
Урбандалу – латынша «қала» деген мағынаны береді. Қалалар саны мен оның тұрғындарының үлес салмағының өсуі, қалалар желісі мен жүйесінің қалыптасуын, олардың маңыздарының артуы мен қалалық өмір салтының кеңінен таралуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет