Pisa-2015 халықаралық зерттеуге дайындықТЫ



Pdf көрінісі
бет99/212
Дата23.02.2022
өлшемі4,99 Mb.
#26196
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   212
 
№4-мәтін  
 
1. 
Қымыз – шипалы әрі жұғымды жылқы сүтінен алынатын қышқыл сүт 
өнімі.  Бұл  ғажайып  сусын  қазақтардың  барлық  салтанатты  думандарында 
бiрiншi кезекте берiледi. Қымыз жылқы терісінен тігіліп, тобылғы түтіннің ысы 
әбден сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Бұл қымыздың сапалы 
сақталуына оң ықпалын тигізеді. Саба, торсықтар әзірлеуге көп мінілмеген, тер 
сіңбеген,  ауырмаған,  арқасы  жауыр  болмаған,  семіз  жылқының  терісі  таңдап 
алынады.  
90 
 


2. 
Қымыз  қазақ  халқының  ұлтық  тағамдарының  ішіндегі  ең  құрметті 
дастарқан  дәмінің  бірі  екенін  есте  сақтаңыз.  Ол  тек  қана  бие  сүтінен 
ашытылады.  Сауылатын  биелер  сақа  бие,  қулық  бие,  қысырақ  бие  деп  үшке 
бөлінетінін білгеніңіз дұрыс.  
3. 
Бие  байлау  ел  жазғы  жайлауға  шығып,  шөптің  нәрі  толған  кезде 
басталатынын ұмытпаңыз. Дәлірек айтсақ бие байлау мерзімі – көкек (апрель) 
айының  аяғы  мен  мамырдың  (май)  басы.  Бұл  кез  құлындар  әбден  марқайып 
жетіледі,  5-6  сағат  байлауда  ұсталады,  сауын  сайын  емізіп,  жетектеп  жүріп 
сергітіледі. Көктемде және шілде айларында биелер жиі сауылады.  
4. 
Оның  бұлай  болу  себебі  жылқы  жануардың  өзіне  ғана  тән  асыл 
қасиетінен  болса  керек.  Адымы  кең,  өрісі  ұзақ  сәйгүлік  саңлақтар  қазақ 
даласының кең байтақ жайлауын емін-еркіндеп, дәмдіден-дәмдіні, қоректі мен 
құнарлыны ғана тереді, өсімдіктің шұрайлысын ғана үзеді. Сөйтіп кең даланың 
сан алуан гүл-бәйшешектері мен мың түрлі дәрі-дәрмектік шөптерінен жылқы 
жарықтық  адамға  шипалы,  жағымды  тамақтық  заттар  әзірлейтінін  біліп 
жүргеніміз абзал.  
5. 
Биенің ашымаған сүтін саумал дейді. Оған арнайы ашытқы қосылып, 
екі-үш  күннен  кейін  ашиды.  Алғашқы  қымызды  үй  иесі  өзі  ішпейді,  дәстүр 
бойынша  үлкендерін  шақырып,  ауыз  тигізіп,  батасын  алады.  Мұны 
«
қымызмұрындық» деп аталатынын есте сақтай жүріңіз.  
6. 
Дайындау  әдісіне,  қасиетіне,  сапасына  және  сақталу  уакытына 
байланысты  халқымыз  қымызды  бірнеше  түрге  бөлген.  Ұлттық  сусынның 
қандай түрлерге бөлінетінін сізге де біле жүрген абзал.  
7. 
Бал қымыз – бал, қант, өрік-мейіз қосылып ашытылған қымыз; сырқат 
адамға, балаларға, жас босанған әйелдерге беріледі.  
8. 
Сірге  жияр  қымызы  –  күздігүні  бие  ағытарда  бірнеше  күн  жиналған 
қымыз; салт бойынша сірге жияр қымызға ел шақырып, бөліп ішкен.  
9. 
Уыз  қымыз  –  бие  сүтінің  уыз  дәмі  тарамаған  кезде  ашытылған  қою 
қымыз. Май қымызы деп те аталады.  
10. 
Сары  қымыз  –  жаздың  ортасында,  шөп  әбден  піскен,  буыны  қатқан 
кездегі  қымыз.  Көші-қоннан  қымыз  көп  шайқалып,  көп  пісіледі  де,  ірімшігі 
жақсы  жазылып,  ашуы  білінбей,  қымыздың  күші  өз  бойына  сіңген  сарғылт 
болады. Сары қымыз өте жұғымды, шипалық қасиеті мол.  
11. 
Қымыздың  құрамындағы  «С»  дәрумені  сиыр  сүтімен  салыстырғанда 
он есе көп.  
12. 
Білгеніңіз  дұрыс.  Төрт  түліктің  ішінде  биенің  сүті  ғана  альбуминдік 
(сүттің ерекше түрі) қасиетке ие. Демек, бие сүті ананың сүтімен пара-пар.  
13. 
Қымыз  құрт  ауруларының  алдын  алады,  ауырған  адамның  қайта 
қалпына  келуіне  жақсы  ықпал  етеді.  Саумал  қымызды  ем  ретінде  буын 
ауруларына  ішсе  тіпті  пайдалы.  Салданудың  алдын  алады.  Жаңа  босанған 
келіншектің  сүтін  молайтып,  нәрлі  етеді.  Демек,  емізулі  балаға  да  пайдасы 
орасан.  Ашыған  қымыз  шөлді  басып,  қантамырды  қордаланған  зиянды 
қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады. Ашығудан кейін қымыз ішу 
буын ауруларына өте пайдалы.  
91 
 


14. 
Адам  денесінің  күш-қуатын  арттырады,  бүйрек  пен  бауырды 
қанықтырады,  қан  тамырларын  тазалайды.  Буын  аурулары  мен  сүйектің 
қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), 
ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе 
жеңілдетеді. Қымыз адамның физикалық жағдайын жақсартады, тәбетін ашады, 
ас қорытуды жақсартады.  
15. 
Қымыз  құрамында  көптеген  микроэлементтер,  дәрумендер  бар.  Бұл 
элементтер бие құнарлы жерге жайылған сайын арта түсетіні бар. Бие басынан 
күніне  орта  есеппен  10-12  литр  сүт  алуға  болады.  Кей  биелер  15-17  литрге 
дейін сүт береді.  
16. 
Дәрігерлер  қымызды  безгек  ауруына  және  жөтелге  қарсы  ішуге 
ұсыныс  жасайды.  Қымызбен  емделгенде  қан  құрамындағы  гемоглобин 
эритроцит  көбейеді.  Тамырдың  соғуы  жиілеп,  қан  айналымы  жылдамдайды. 
Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарататынын біле жүрейік.  
17. 
Қазақ  үшін  қымыз-мәртебе,  мінез-құлық,  сый-құрмет.  Бірақ  тоқырау 
заманында  құнды  сусынымыздан  қол  үзіп  қалғанымыз  бар.  Ес  жиып,  еңсе 
көтергелі  ата  кәсіп  бие  сауып,  қымыз  баптауды  қайта  қолға  алдық.  Байыпты 
сусынды баптаудың ежелгі әдісін бүгінгі ұрпақ қайта жаңғыртып келеді.  
18. 
Бірақ  соңғы  кездері  аузымызға  жиі  алатын  Еуропа  елдері  бал 
қымыздың бар құпиясын біліп алған. Көл-көсір пайдасына кенеліп, салауатты 
өмірдің сырына айналдырды.  
19. 
Немістердің қымызды бөтелкелеп сатып, дүкен сөрелеріне толтырып 
тастайтынын  естіп  жүрміз.  Германияда  қымызға  деген  сұраныс  жоғары, 
өндірісі  де  жақсы  дамыған.  Кәсіпті  нәсіп  еткеннің  көсегесі  көгеріп,  қазынасы 
артып отыр.  
20. 
Ал Қазақстан қымыз өндірісі бойынша әлі де тұралап келеді. Ғылыми 
тұжырым керек, кәсіби маман керек деп, керек-жарақтың бәрін түгендеп жүріп-
ақ, көп нәрседен құр қалып жүрміз. Сіз қалай ойлайсыз, бәлкім бұл салада да 
стратегиялық жоспарлар түзіп, аты дардай бағдарламалар тізіміне ендіру керек 
пе? [13].  
 
Тапсырмалар:  
1-
сұрақ.  
Торсық,  саба,  күбінің  қандай  мүмкіншілігі  туралы  айтылып  тұр? 
Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.  
2-
сұрақ.  
Мәтіннен  «бал  қымыз»,  «сірге жияр  қымыз»,  «уыз  қымыз»  немесе  «сары 
қымыз» тірек сөздерін табыңыз? Нешінші кеңесте айтылғанын көрсетіңіз.  
3-
сұрақ.  
Он  төрт,  он  бес,  он  жетінші  кеңестің  қайсысында  қымыздың  пайдасы 
туралы кеңірек айтылған? Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.  
4-
сұрақ.  
Мына  сурет  қай  кеңеске  сәйкес  келеді  (3.7-сурет)?  Кеңестің  нөмірін 
жазыңыз.  
92 
 


 
 
3.7-
сурет  
 
5-
сұрақ.  
Қазақстанда қымыз өндірісі неліктен тұралап тұр?  
 
Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:  
1-
тапсырма  
1. 
Мәтінді зейін қойып оқып шығыңыз.  
2. 
Кіріспеден «тобылғы», «саба», «күбі» деген кілт сөздерді табыңыз.  
3. 
Мәтіннің тақырыбына зейін аударыңыз.  
4. 
Қымыздың  сапалы  сақталуына  кілт  сөздердің  атқаратын  рөлі.  Бір 
сөйлеммен жауап беріңіз.  
2-
тапсырма  
1. 
Мәтінді көз жүгіртіп қарап шығыңыз.  
2. 
Мәтіннен «бал қымыз», «сірге жияр қымыз», «уыз қымыз» немесе «сары 
қымыз» кілт сөздерін табыңыз.  
3. 
Бал қымыздың дайындалу ерекшелігіне көңіл бөліңіз.  
4. 
Бір сөйлеммен жауап беріңіз. Кеңестің нөмірін жазыңыз.  
3-
тапсырма  
1. 
Тапсырманы мұқият оқыңыз.  
2. 
Мәтіннен 14, 15 және 17 кеңесті тауып, тағы бір оқып шығыңыз.  
3. 
Әрбір кеңестен микротақырыптарды (әрбір кеңесте не туралы айтылады 
және қандай мәселе көтеріледі) белгілеңіз.  
4. 
Ол  микротақырыптар  қалай  байланысып  тұрғаны  туралы  ойланыңыз? 
Жауабыңызды бір сөйлеммен өз сөзіңізбен жазыңыз.  
4-
тапсырма  
1. 
Суретті мұқият қараңыз.  
2. 
Оның  детальдарына  (адамның  жүзі,  орын,  заттар,  іс-әрекет)  назар 
аударыңыз.  
3. 
Оқылған мәтінмен суреттің қандай байланысы бар екені және суреттің 
қандай жағдайды бейнелеп тұрғаны туралы ойланыңыз.  
4. 
Кеңестің нөмірін жазыңыз.  
93 
 


5-
тапсырма  
1. Мәтінді зейін қоя оқыңыз.  
2. Ғылыми тұжырым, кәсіби маман керек екеніне назар аудар.  
3.  Стратегиялық  жоспарлар  түзіп,  арнайы  бағдарламалар  дайындау 
керектігіне көңіл бөл.  
4.  Кеңестің  нөмірін  жазыңыз.  Жауабыңызды  бір  сөйлеммен  өз  сөзіңізбен 
жазыңыз.  
 
Бағалау кестесі. Ең жоғары балл-5  
1. Жауапта, кем дегенде, келесілердің біреуі ескерілген:  

қымыздың сапалы сақталуына тобылғы, саба, күбінің рөлі.  
2. 8, 9, 10, 11-
кеңес.  
3. 15-
кеңес.  
4. 1-
кеңес.  
5. 21-
кеңес.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет