«pisa, pirls, timss, icils, iccs халықаралық мониторингтік салыстырмалы зерттеулер аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата03.07.2023
өлшемі287,15 Kb.
#103964
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Халықаралық мониторингтік зерттеулер PISA, PIRLS және т.б.

2-бөлім. Глоссарий
PISA (ағыл. Programme for International Student Assessment) – «орта 
міндетті білімді игерген 15 жастағы білім алушылар заманауи қоғамда 
толыққанды өз қызметін орындай алатындай, яғни қоғамдағы кең ауқымды 
әртүрлі саладағы әлеуметтік, қарым қатынастық қызметтерді шешу 
барысында өз білімін іс жүзінде қолдана алуға қабілетті ме? сұрағына жауап 
алатын жалпы орта білім сапасын бағалайтын халықаралық зерттеу.  
PIRLS (ағыл. Progress in International Reading Literacy Study) – әлемдегі 
әртүрлі елдердің бастауыш сынып білім алушыларының мәтінді түсіну және оқу 
сапасы мен деңгейін салыстыратын, сонымен қатар ұлттық білім беру жүйелерінің 
айырмашылығын анықтайтын халықаралық зерттеу.
TIMSS (ағыл.Trends in Mathematics and Science Study) – әлемдегі әртүрлі 
елдердің бастауыш мектептің 4-сынып білім алушыларының және 8-сынып білім 
алушыларының математика және жаратылыстану-ғылыми білім алу сапасы мен 
деңгейін салыстыратын, сонымен қатар білім алушылардың жетістіктерінің 
әртүрлі деңгейлерін анықтайтын білім беру жүйелерінің ерекшелігін анықтайтын 
халықаралық зерттеу
ICILS (ағыл.International Computer and Information Literacy Study) – 
әлемдегі әртүрлі елдердің 8-сынып білім алушыларының компьютерлік және 
ақпараттық сауаттылық деңгейін салыстыратын, сонымен қатар ұлттық білім беру 
жүйелерінің айырмашылығын анықтайтын халықаралық зерттеу.  
 


ICCS (ағыл.International Civic and Citizenship Study) – әлемдегі әртүрлі 
елдердің 14 жастағы білім алушыларының азаматтық сауаттылық сапасын
салыстыратын халықаралық зерттеу. Басты мақсаты өскелең ұрпақтың азаматтық 
позиция бойынша білімі мен түсінігін, оның 21 ғасырдағы әлеуметтік қоғамдағы 
өзін өзі тануын анықтау.  
Құзыреттілік – бұл еңбек ету саласындағы талаптарға сай орынды әрекет
ету, міндеттер мен проблемаларды әдістемелік, ұйымдасқан түрде және өз
бетінше шешуге әзірлік және қабілеттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет