«pisa, pirls, timss, icils, iccs халықаралық мониторингтік салыстырмалы зерттеулер аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»


көрсетеді.  5-бөлім. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата03.07.2023
өлшемі287,15 Kb.
#103964
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Халықаралық мониторингтік зерттеулер PISA, PIRLS және т.б.

көрсетеді. 
5-бөлім. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
Бұл бағдарламаның мазмұны өзекті педагогикалық мәселелерді шешуге,
яғни орта білім беру саласындағы PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS халықаралық 
мониторингтік салыстырмалы зерттеулер талаптарына сәйкес 15 жастағы білім 
алушылардың функционалды сауаттылығын, бастауыш және негізгі мектеп білім 
алушыларының академиялық білімдері мен дағдыларын, бастауыш мектеп білім 
алушыларының оқу сауаттылығының сапасын, негізгі мектеп білім 
алушыларының компьютерлік және азаматтық сауаттылығын дамыту бойынша 
кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге; PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS шынайы 
және балама тапсырмаларын сабақта қолдануда, бағалауда және оларды 
құрастыра білуде әдістемелік нұсқаулық, көмек көрсетуге бағытталған.
Бағдарлама құрылымы бойынша аралас және оқудың екі кезеңін қамтиды:
- бірінші кезең – «Кәсіби модуль. Тапсырма құрастыру» (өз бетінше 
оқу/интеграцияланған оқу, 20 сағат);
- екінші кезең – «Кәсіби модуль. Тапсырма бағалау» (өз бетінше 
оқу/интеграцияланған оқу, 16 сағат);
Оқу процесі бағдарламаның оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес
ұйымдастырылады.
2-Кесте 
Оқу-тақырыптық жоспар 


№ Сабақ тақырыбы
Сағат саны 
(академиялық)
1
1-Блок. Кәсіби модуль. 
Тапсырма құрастыру және экспертиза жасау. 
Халықаралық зерттеулердің бағалауға қатысты 
құралдары мен тәсілдерін, тест тапсырмаларының 
құрылымы мен мазмұнын түсіну.
*PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS-типтес 
тапсырмаларды құрастыру және экспертиза 
жасау. 
 
 
 
 
20 сағат 
2
Блок 2. Кәсіби модуль. Бағалау.
PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS 
тапсырмаларының бағалау тәсілдерін түсіну. Тест 
тапсырмаларының (жабық және еркін 
құрылымданған сұрақтар жауабы) форматын, 
балл қою схемасын 
талдау.
Халықаралық зерттеулерге дайындалу барысында 
зерттеулердің бағалау стандарттарына сәйкес 
педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет