Подвижные игры в подготовке футболисток на начальном этапе к. И. Адамбеков – д п. н., проф., Каз нпу им. Абая


Резюме  Мақалада  педагогикалық  колледж  білімгерлерінің  коммуникативтік  компетенцияларының  қалыптасуы  туралы  айтылған.    Summary



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата12.03.2017
өлшемі1,86 Mb.
#8985
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Резюме 
Мақалада  педагогикалық  колледж  білімгерлерінің  коммуникативтік  компетенцияларының  қалыптасуы  туралы 
айтылған. 
 
Summary 
This article tells about formation of the communicative competence at pedagogical college learners. 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА 
ГЕНДЕРЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Р.Е. Каримова – магистрант 
 
Мектепке дейінгі жастағы балаларға гендерлік тәрбие беру, ӛзінің және қарама-қарсы жыныс мәселесі-
не дұрыс қатынасты қалыптастыру бойынша медициналық және педагогикалық іс-шаралар кешені болып 
табылады. Дұрыс гендерлік тәрбие баланы  үйлесімді түрде дамытады, сонымен бірге болашақ ана мен 
әкенің бала туу функциясын әрі қарай қалыптастыруға ықпал етеді, ӛздерінің болашақ жұбайлары  мен 
балаларының  әл-ауқаты  мен  денсаулығы  үшін  жауапкершілік  сезімін  тәрбиелейді.  Болашақ  отбасының 
тірегін және ұйытқысын тәрбиелеу, мектепке дейінгі жас кезеңінен басталуы қажет. Гендерлік тәрбиенің 
тәрбиелік әсерлер кешені, балаға қоғамда қабылданған жыныстардың рӛлі мен олардың арасындағы ӛзара 
қатынастар жүйесіне баулу қажет.  
Мектепке дейінгі жастағы балаларға гендерлік тәрбие беру, ӛзінің құрамына ӛте кӛп және алуан түрлі 
аспектілерді  қамтиды,  атап  айтсақ,  физиологиялық-гигиеналық,  моральды-этикалық,  педагогикалық, 
эстетикалық. 
Ең  алдымен,  балаға  гендерлік  тәрбие  беруді  бастамастан  бұрын,  сәбидің  жыныстық  қатыстылығы 
оның  қоғамдағы  мінез-құлқы  мен  әрі  қарай  дамуын  анықтайтын  маңызды  факторлардың  бірі  болып 
табылатынын саналы ұғыну керек. Үш жастан бастап балалар ӛздерін белгілі бір жынысқа  – ер немесе 
әйел жынысына жатқыза бастайды. Осылайша, индивидтің гендерлік идентификациясы байқалады. 
Мектепке дейінгі жастағы балаларға гендерлік тәрбие беру, педагогтар мен ата-аналардың ғана қызы-
ғушылығын  тудырып  қоймайды,  сонымен  бірге,  ғылымның  алуан  түрлі  саласындағы  мамандардың  – 
нейропсихологтар,  нейрофизиологтар  мен  психологтардың  қызығушылығын  тудыруда.  Дәрігерлердің 
ойынша, әртүрлі жыныстағы балалар бас миының қызметі мен құрылымының айырмашылықтары салда-
рында  бірдей  дамымайды.  Сондықтан  тәрбие  үдерісін  жыныстың  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып 
ұйымдастыру қажет, себебі ұлдар мен қыздардың іс-әрекетін ұйымдастыру мидың алуан түрлі бӛліктері-
нің қатысуымен жүзеге асырылады. 
Гендерлік  тәрбие  мәселелері,  қазіргі  кезде  кӛптеген  зерттеушілер  мен  педагогтарды  толғандырады. 
Бұл қызығушылық тұлғаны қалыптастырудағы дара  тұғырдың қазіргі талаптарының баланың гендерлік 
ерекшеліктерін  теріске  шығара  алмауымен  негізделеді,  себебі  бұл  биоәлеуметтік-мәдени  сипаттамалар 
болып табылады. Ұлдар мен қыздарды тәрбиелеудегі қазіргі басымдылықтар, маскулиндік пен феминдік-
тің қатаң стандарттарын бекітуде емес, ол ұлдар мен қыздар арасындағы серіктестік ӛзара қатынастардың 
потенциалын, ерлер мен әйелдердің бойындағы адамшылықты тәрбиелеуді, шынайылықты, ӛзара түсініс-
тікті, ӛзара бір-бірін толықтыруды зерттеуде байқалады. 
«Гендер»  деп  тұлғаны  тәрбиелеу  үдерісінде  қалыптасатын  және  ӛзінің  құрамына  ерлер  (ұлдар)  мен 
әйелдер  (қыздар)  арасындағы  психологиялық,  әлеуметтік  және  мәдени  айырмашылықтарды  қамтитын 
адамның әлеуметтік жынысы аталады, ал олардың қасиеттері мен қатынастары гендерлік деп аталады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
139 
Педагогикада гендерлік тұғырдың мақсаты, қазіргі заманғы қоғамда ӛзінің мүмкіндіктері мен потен-
циалын ашуға және жүзеге асыруға бірыңғай қабілетті, әртүрлі жыныстағы балаларды тәрбиелеу болып 
табылады. 
Гендерлік  тәрбиені  ұйымдастыруда,  анатомиялық  және  биологиялық  ерекшеліктердің  ұлдар  мен 
қыздардың  психикалық  айырмашылықтарының  потенциалды  мүмкіндіктері  мен  алғышарттары  болып 
саналатынын түсіну маңызды. Бұл психикалық айырмашылықтар әлеуметтік факторлардың – қоғамдық 
орта  мен  тәрбиенің  әсерімен  қалыптасады.  Нәтижесінде,  біз  ұлдар  мен  қыздарды  тәрбиелеу  мәселесін 
туылғаннан басталатын мәлімет ретінде емес, табиғи нышандар мен соған сәйкес әлеуметтендірудің ӛзара 
күрделі әрекетінің нәтижесінде құрылатын құбылыс ретінде қарастыруымыз қажет, сонымен бірге әрбір 
нақты  баланың  дара  ерекшеліктерін  ескере  отырып  қарастыру  қажет.  Қазіргі  ситуация  қыз  баладан 
дәстүрлі  әйел  адамға  тән  сапалардың  кӛрінуін  (жұмсақтық,  нәзіктік,  қоршаған  адамдарға  қамқорлы 
қатынас) талап етіп қоймайды, сонымен бірге шешім қабылдай білуді, бастамашылдықты, ӛзінің мүдделе-
рін  қорғау  білігін  және  нәтижеге  қол  жеткізуді  талап  етеді.  Ұлдардың  бойында  ерлерге  тән  сапаларлы 
тәрбиелеп  қана  қоймау  керек,  себебі  болмыс  олардан  шыдамдылықты,  жауапкершілікті,  кӛмек  беруді 
талап етеді. 
Мектепке дейінгі балалық кезеңі, адамның дамуы үшін баға жетпес құнды болып саналады. Тұлғаның 
барлық маңызды сапалары, нышандары мен қабілеттері дәл осы кезеңде қалыптасады. Баланың жыныс-
тық идентификациясы үш-тӛрт жасқа қарай жүзеге асады, яғни сәбилік жастың сонына қарай бала ӛзінің 
жыныстық  қатыстылығын  меңгереді,  алайда  «ұл»  немесе  «қыз»  ұғымдарының  мазмұны  қандай  болу 
қажеттілігін  білмейді.  Ерлер  мен  әйелдердің  мінез-құлық  стереотиптері,  ерлер  мен  әйелдердің  мінез-
құлқына тікелей жүргізу арқылы баланың психологиясына енеді. Бала барлық нәрсеге еліктейді: мінез-
құлық формаларына, олар қоршаған орта үшін пайдалы; ересектердің мінез-құлық стереотиптеріне, олар 
зиянды әлеуметтік әдеттер болып саналады. 
Бала «еркектік» символын  ӛзінің тәжірибесінде әлі қолданбайды, бірақ оны ойынның сюжетіне енгізе 
бастайды. Баланың ӛзінің жынысының құндылығына бағдарлануы, отбасында ғана емес, сонымен бірге, 
уақытының  кӛпшілігін  ӛткізетін  мектепке  дейінгі  мекемеде  жүзеге  асады.  Орта  баланың  тұлғасын 
дамытудың  негізгі  құралдарының  бірі,  оның  дара  білімдері  мен  әлеуметтік  тәжірибесінің  қайнар  кӛзі 
болып табылатыны белгілі. Заттық-кеңістіктік орта мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенділігінің 
алуан  түрлерін  (дене,  ойын,  ақыл-ой  әрекеті  және  т.б.)  қамтамасыз  етіп  қоймайды,  сонымен  бірге, 
баланың  гендерлік  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оның  ӛзбетінділік  дербес  іс-әрекетінің  негізі  болып 
табылады.  Аталған  жағдайда  ересек  адамның  рӛлі,  ұлдар  мен  қыздардың  алдында  ортаның  барлық 
мүмкіндік  аясын  ұсынуда  және  олардың  күш-қуатын  әрбір  баланың  қажеттіліктері  мен  гендерлік  және 
дара ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке элементтерін қолдануға бағыттауда байқалуы керек. 
Мектепке  дейінгі  жаста  ойын  балалар  іс-әрекетінің  негізгі  түрі  болып  табылады,  сюжетті  ойын 
барысында балалардың гендерлік мінез-құлқын меңгеруі жүзеге асады, сондықтан ұлдар мен қыздардың 
ойын  әрекетіне  арналған  материалдар  мен  құрал-жабдықтарды  таңдауына  біз  ерекще  назар  аударамыз. 
Балаларды  гендерлік  ерекшеліктерді  ескере  отырып  тәрбиелеу  бойынша  жұмысты  жүргізу  барысында, 
келесі мәселелерге назар аударуды ұсынамыз: 
-
 
Ерлер  мен  әйелдердің  әлеуметтік  қолданған  мінез-құлық  үлгілерін  ойында  кӛрсетуге  балаларды 
баулу мақсатында, ойын материалы мен рӛлдік атрибутиканың тартымдылығына;  
-
 
Қыздар әйел-ананың әлеуметтік мінез-құлық моделін қайта жаңғыртатын үдерісте ойынға арналған 
материалдың жеткілікті болуын және толыққандылығына; 
-
 
 Ұлдардың  мінез-құлықтың  ерлер  моделін  ойнауға  мүмкіндік  берілетін,  «саяхат-ойындарға»  арнал-
ған ойын кеңістігінің маркерлері мен атрибутикасының болуына. 
Қуыршақтар мен жұмсақ ойыншықтарды киіндіру және шешіндіру үдерісін, балалар ӛзіндік ӛмірле-
рінде үнемі кезігетін процедурамен теңестіреді, бұл олардың осы әрекеттің адами мағынасын саналы ұғы-
нуға ықпал етеді; егер бала алғашында ересектердің әрекетін ойында қарапайым түрде қайта жаңғырта-
тын болса, онда ол бірте-бірте ӛзінің рӛлін «Мен – анамын», «Мен – әкемін» деп белгілеп атай бастайды. 
Ойыншықтарды тартымды түрі болса, ұлдар мен қыздардың бойында оларға деген симпатия сезімдерін 
туындату біршама жеңіл болады. Осындай ойыншықтармен ойын барысында, балалардың ойыншықтарға 
деген ӛзіндік сезімдерін кӛрсетуге ынталандыру жеңіл болады: жылы сӛздер айту, құшақтау, кӛзіне қарау 
және т.б. Ойында ойыншықтарға қатысы бойынша, әлеуметтік тұрғыда қолданған ерлер мен әйелдердің 
мінез-құлық үлгілерін кӛрсете отырып, ұлдар мен қыздар қажетті эмоционалды дамуға ие болады. 
Ойын  әрекетін  дамытуда  ірі  құрылыс  материалынан  құрастыру  маңызды  рӛл  атқарады.  Ұлдар 
алғашында ересектердің басшылығымен, кейін ӛз бетімен ұжымдық ойындар үшін қызығып құрастыру-
мен айналысады. Бұл үлкен машина, ұшақ, кеме, поездың вагоны және т.б. болуы мүмкін. Мұнда гендер-
лік  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  балаларды  тәрбиелеудің  маңызды  шарты  бойынша,  ұлдарға  «ауыр» 
жұмыс тапысырылуы мүмкін: материалды машинамен «тасу», ірі негізгі  бӛлшекті құрастыру және т.б. 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
140 
Ойын әрекетіндегі күрделі кемшілік ретінде, бір ойын әрекетін бірнеше рет қайталау алынады, мұнда 
ұлдардың  қолдарына  машина  алып,  мотордың  дыбысына  еліктеп,  олармен  бірыңғай  әрекеттер  –  алға-
артқа әрекетін орындайтынын, оларды белгілі бір тӛбешіктен бірнеше рет түсіретінін байқауға болады. 
Ойында  қыздардың  бірыңғай  әрекетті  орындауы,  қуыршақпен  әрекет  ете  отырып,бір  ойын  әрекетін 
қайталайтынында байқалады. Ойын әрекетінің дамуының тӛменгі деңгейімен ересектер келіспеуі керек. 
Сондықтан, балалардың ойындарына бақылау жүргізу нәтижесінде, олардың еліктеу деңгейінде ойнайты-
ны немесе ойын барысында олардың «әрекеттегі рӛлмен» шектелетіні анықталса, онда тәрбиешілер мен 
ата-аналар лсы кемшіліктерді жою үшін шара қолданулары керек. 
Мұнда  тәрбиешінің  рӛлі,  оның  күн  сайын  балалардың  ойынына  қатысуымен  анықталады.  Мұнда 
тәрбиеші  ойындарды  басқарады  және  ұлдар  мен  қыздармен  саралай  түрде  ойнайды.  Бұдан  басқа,  ата-
аналарға  ойын  әрекетінде  балаларды  дамытудың  қажеттілігін  түсіндіріп,  педагог  балалардың  ойынына 
қатысу  үшін  ата-аналарды  шақыра  алады,  мұнда  педагог  ата-аналар  мен  балаларды  сюжеттік-рӛлдік 
ойынға бірлесіп енгізеді, бұл ата-аналарға ӛздерінің балаларымен үйде ойнау барысында әрі қарай қолда-
на алатын практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. 
Кӛп  жағдайда  ересектер  ұлдар  жүгіргенде,  айқайлағанда,  соғыс  ойынын  ойнағанда  олардың  мінез-
құлқын сынайды. Ұлдарға ойын үшін физиологиялық тұрғыда үлкен кеңістіктің қажет екенін ескеретін 
болса,  онда  ұлдар  ойын  барысында  физикалық  тұрғыда  дамиды,  ӛзінің  кұшін  реттеуді  үйренеді,  ойын 
оларға  жинақталған  энергияны  жұмсауға  кӛмек  береді.  Мұндай  жағдайда  ұлдарға  кеңістікті  кӛбірек 
ұсыну  керек,  ойындардың  агрессивті  сипатының  болмауын  бақылау  керек,  ол  үшін  ұлдарды  сарбаз, 
ұшқыш, теңізші ойындарын ойнауға үйрету керек, сол үшін жағдай жасу қажет. Себебі, ұлдар ойыншық-
тарды  бұзып,  қайта  құрастыруды,  олардың  құрылымын  зерттеуді  жақсы  кӛреді  (ал  ересектер  мұны 
ойыншықтарды әдейілеп бұзу ретінде кӛреді), ұлдарға ойыншық сатып алуда мұны ескеру керек. Ойын 
үшін конструктор ойыншығын сатып алу қажет. 
Қыздарға ойын үшін аз кеңістік талап етіледі. Ойын ортасын ұйымдастыра отырып, осыны есте сақта-
ған жӛн. Ойынға қажет нәрсенің бәрі бірге болу талап етіледі. Қыздар кӛп жағдайда ойын барысында ана 
рӛлін  меңгереді,  сондықтан  олардың  қуыршақтары,  арбалары  және  басқа  атрибутикасының  жеткілікті 
саны болуы қажет. Қыздарда ұсақ моторика жақсы дамыған, оларға ұсақ ойыншықтар, ойынның атрибут-
тары талап етіледі. 
Ойын барысында рӛлдік әрекеттердің белгілі бірізділігін жүзеге асыру білігімен және рӛлді қабылдау-
мен  сипатталатын  дамудың  деңгейіне  қол  жеткізілсе,  онда  тәрбиеші  ойында  ұлдар  мен  қыздардың 
әлеуметтік функцияларды орындауға оқытумен байланысты мәселелерді шеше алады. Балаларды гендер-
лік ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу, бір жағынан, балаға белгілі бір жыныс ӛкілі ретінде саналы 
ұғынуына  кӛмек  беруге  бағытталады.  Нәтижесінде,  осы  балаларда  гендерлік  тұрақтылық  қалыптасуы 
керек: «Мен қызбын және үнемі солай боламын. Мен – ұлмын және үнемі солай боламын». Алайда, қоғам 
дамуының қазіргі жағдайы, жыныстық белгілері бойынша ерлер мен әйелдердің басымдылықтарын қатар 
қоюға мүлдем қарсы. Мысалы, ұлдар болашақ ерлер ретінде, тұлғалық кӛріністерде, ӛздерінің тек ерлігін, 
қайтпайтын  ерік-жігерін,  темірдей  күшін  кӛрсетпеуі  керек.  Олар  мейірімді,  жұмсақ,  сезімтал  болуы, 
туыстар мен жақындарға, басқа адамдарға қамқорлық білдіруі керек. Қыздар, болашақ әйелдер ретінде, 
дәстүрлі әйелдерге тән сапаларға ие болуымен қатар, белсенді, бастамашыл болуы, ӛздерінің мүдделерін 
қорғай алуы керек. 
Гендерлік ерекшеліктерді ескеріп балаларды тәрбиелеу, кӛп жағдайда әрбір баланың дара ерекшелік-
тері  арқылы  анықталады,  баланың  үнемі  қарым-қатынас  жасайтын  ерлер  мен  әйелдердің  мінез-құлық 
үлгілеріне  байланысты  болады.  Бұл  осы  нәзік  кезеңде  ұлдарға  немесе  қыздарға  берілетін  тәрбиелік 
әсердің тұлғаның дамуына әсерінің болмайтынын білдірмейді.  
 
1. Доронова Т.Н. Девочки и мальчики 3-4 лет в семье и детском саду: Пособие для дошкольных образовательных 
учреждений. – М.: Линка – Пресс, 2009. – 132 с. 
2. Еремеева В.Д. Мальчики и девочки: Учить по-разному, любить по-разному. Издательство: Учебная литерату-
ра, 2008 – 160 с.  
3. Ефремова В.Д., Хризман Т.П. Мальчики и девочки – два разных мира. Нейропсихологии – учителям, воспита-
телям, школьным психологам. – М.: ЛИНКА – ПРЕСС, 1998. – 138 с. 
4.  Казарян  С.Ф.  Возрастная  динамика  развития  полового  самосознания,  пути  и  условия  его  формирования  у 
детей дошкольного возраста. Автореферат. – Ереван, 1993. 
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются особенности гендерного воспитания детей дошкольного возраста. 
 
Summary 
In article is considered theparticularities of gender education to preschool age children. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
141 
АБАЙ МҦРАЛАРЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ 
 
Г.С. Майлыбаева – магистрант, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Халқымыздың данышпан ұлы, бүкіл шығыс, орта Азияның ірі ойшыл философы, ағартушысы  Абай 
даналығы  біздің  ата-мұрамыз,  асыл  қазынамыз.  Абайдың  әдеби  мұрасын  зерттеп  оның  негізгі  бағыт 
бағдарын анықтау, оның шығармаларын оқып тану одан ғибрат алу болашақ ұрпақтың алдында  тұрған 
ӛрелі мәселелердің бірі болып табылады.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев:  «Абайды  тану  арқылы  біз  Қазақстанды 
әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», деп атап 
кӛрсеткен. 
Абай  мұралары  арқылы  бастауыш  сынып  оқушыларын  әлеуметтендіру  мәселелері  осы  уақытқа 
дейін  арнайы  зерттелген  жоқ.  Ал  бүгінде  Абайтану  мәселесіне  бүкіл  дүниежүзі  мән  беріп  отырған 
жағдайда Абай мұралары арқылы  бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендіру мәселесін жандан-
дыруымыз қажет. 
Шындығында қазақ тарихының осы кезеңінде ұлттың биікке жетелеген озат ойлы зиялылар шоғыры 
ерекше кӛзге түседі. Бірақ «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей шоғыр ішінде ұлы Абай тұлғасы 
ерекше кӛзге алынады. 
Бірде жыр алыбы Жамбылдан, «Абай ақындығына байланысты қандай пікір айтамыз» деген сұрағын-
да ХХ ғасырдың Гомері атанған ұлы жырау: «Абай ақын емес – ғұлама», – депті. Абай рухы, Абай мұра-
сы қазіргі ұрпаққа соншалықты жақындап олармен заңды. Ӛйткені Абай тұтас бір халықтың рухани әле-
мі, кемеңгер, ойшыл данышпаны. Абайдың артында қалдырған мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетер, мәңгі-
лікпен  жалғасар  алтын  қазына.  Қанша  заман  ауысып,  қанша  буын  ұрпақ  жаңарса  да,  ұлы  ақын  айтқан 
қуаты күшті нұрлы сӛздің сыры кетпей, сыны бұзылмай, жаңа қырынан ашылып, жаңғырып келеді. 
Мың ӛліп, мың тірілген қазақ халқы бүгінде егеменді мемлекетімізді құрып, тӛрткүл дүниеге танымал 
болуы  Абайдың  ұрпағына  балаған  ӛкілі,  үмітінің  орындалуының  дәлелі.  Тәуелсіздік  таңы  атып  ата- 
бабамыз армандаған күнді кӛру, ақты-ақ, қараны – қара деп жалтақтамай, ешкімге жалбақтамай сӛйлеу 
еркіндігіне  қол  жетті.  Ендеше  Абай  мұрасын  оқытуда  да  бұрын  айта  алмай  келген  кӛп  жағдайды  жас 
ұрпаққа білгірлік пен, білімділікпен жеткізу, тереңінен тартып сӛз ұқтыру ұстаздар қауымының алдында 
тұрған ӛрелі  міндеттердің бірі. Кемел ойды кемеңгер келешек ұрпақтың да бір  келкі емес, тасыры мен 
талаптысы  бар  болып  келер  ала-құланың  тобын  тобын  алыстан  аңдайды.  Данышпан  топ  басып  дәл 
болжағандай-ақ Абай мұрасын оқып үйрену, талдау саралау жолы даңғыл болмады. Ӛзі мына діни дүние-
ден  кӛшкеннен  кейінгі  тарихи  аласапыран  жылдарда  халық  бастан  кешкен  алмағайып  кезеңдер  ақын 
мұрасына да бірде сәуле, бірде кӛлеңке түсіріп сан құбылды. Абайдың алтын сӛзін кір шалмады.  Абай 
әдебиет  табалдырығын  аттаған  күннен  бастап,  айналасын  қоршаған  қараңғылықты  серпілтудің  жолын 
іздеп,  халық  ағартушылық  жұмысына  шын  берілді.  Ол  шындыққа,  тұрарлыққа,  терең  ой  мен  ақылға 
беріліп, ӛзінің ӛлеңін найза, ӛткірдің жүзінен басым, кестенің бізінен шебер деп халықты ғылым, ӛнерге, 
оқуға шақырған ұлы дана. 
Абай  ӛз  халқының  мәдениеті  мен  әлеуметтік  ой-пікірінің  асқар  шыңы  болса,  ол  қалдырған  мұра  – 
біздің  мұра  біздің  егеменді  еліміздің  болашағы  бүлдіршіндерді  тәрбиелеуде  сарқылмас  қазына,  рухани 
байлық  болып  табылады.  Абай  келешекке  зор  үмітпен  қарады,  халқының  сол  келешек  жарқын  ӛмірге 
жетіп бостандық – теңдікке ие болуына айқын жол сілтеді. 
Абайдың ұрпағы халқының кемеңгері, ұлтының ақыл-ойы мен мәдениетінің, ӛнері мен әдебиетінің ас-
қар шыңын дәл бейнелеп, қоғамдық дамудың шындығын дұрыс кӛрсете білген қайраткер ретінде таниды. 
А.Байтұрсынов Абайдың «Сӛзі аз, мағынасы терең» жырларының шығуы жағдайларына,  әлеуметтік 
сырына кӛркемдігіне үңіледі. Жеңіл ойдан, ашық салатын жағдай халық жырларына Абай сӛзін қарсы қоя 
отырып  ол  сӛздің  ішкі  мағынасын  түсіне,  терең  оқудың  қиыншылығы  Абайдан  басталатынын  атап 
кӛрсетеді. 
«Не нәрсе жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын қасиетін қармап жазады» – дейді. Оның, нәрсе-
нің сырын, қасиетін біліп жазған сол сӛзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушы сӛзді сынаса, сӛз оқушыла-
рын сынайды» – деуі де осыдан. 
Осы қысқа мақалалардың ӛзі Абайдың ақындылығы, ӛнері жайлы терең бағалы ой айқындығын кӛре-
міз. Оның пікірлерінен кейін Абайды зерттеушілер тарапынан кӛп еңбектерге негіз болады, ой салады.  
Міржақып Дулатов: «Абай» атты шығармасында Абайды жаңа мазмұнды ұлттық әдебиет жасаудағы 
орнын атай отырып, «әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кітап – Абай сӛзі, Абай аты Абайға дейін 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
142 
қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың 
бізге қымбаттығы да сол» – дейді. 
Абай мұрасының әдеби тарихи маңызын атап кӛрсетіп «Абай нағыз халық ақыны» деген қорытын-
ды жасады.  
Абай творчествасының қазақ мектептерінің оқу бағдарламаларына кіріп, оқулықтардан тұрақты орын 
алуыда осы тұста. Абайды зерттеу ісі ілгерілей түсті. Абай мұрасын жан-жақты талдауға бет алған ізденіс 
біртіндеп  кӛлемді  монографиялық  зерттеулерге  ұласты.  Олардың  ішінде  З.Ахметовтың,  Сүйінішәлиев-
тың,  Ә.Тәжібаевтың,  С.Сильченконың,  К.Мұхамедқановтың,  Нұрышевтың,  М.Әуезовтың  толығынан 
зерттеген монографиялық еңбектері жарық кӛрді. 
Ақын мұрасының жас ұрпаққа жеткізілуі жолында еңбек етіп тер тӛккен ғалым-әдебиетшілер, ақын 
жазушылар, оқытушы ғалымдар аз емес.   
Абай мұрасын білім беру жүйесінде шашау шығармай пайдалану, халқының болашағы үшін алаңдаған 
әрбір ұстаздың тікелей міндетті. 
Осы  ретте,  І.Р.  Халитованың  «Абай  Құнанбаев  мұрасын  оқу-тәрбие  процесіне  енгізу  тарихы»  атты 
ғылыми еңбегінде ақын мұраларын бастауыш мектепте жүйелеп пайдалану жолдарын кӛрсетті. Мысалы, 
1  сынып  оқушылары,  Абайдың  сӛзімен  айтқанда,  «білсем  екен,  кӛрсем  екен»,  –  деген  жан  құмарының 
басымдылығымен  қатар,  қайратының  (ерік  күші)  әлсіздігі  ортасындағы  қайшылық,  әсерленгіштік  пен 
жақсы оқуға ұмтылумен бір нәрсеге кӛңіл қоюының қиындығы оларды тәртіпке бойсынуға тәрбиелеуді 
байсалдылықпен жүзеге асыруда кӛзде тұтылады. Ақынның 32-қара сӛзіндегі пікірді арқау етіп, оқушы-
ларға оқудағы мақсат білу, білмекке ұмтылу екендігін кӛрсетеді.  
Ӛнегелі де, ӛсиет сӛз айтқымыз келсе алдымен аузымызға «Абай атам айтқандай» деген сӛз тіркестері 
келеді. Артынша ӛшпес із, асыл мұра қалдырып ӛзіне кейінгі ұрпақтарға ӛнеге боларлық боларлық ұлы 
Абай  атамыздың  артына  қалдырған  асыл  мұралары  –  оның  шығармаларының  болашақ  ұрпаққа  берер 
тағылымдық-тәрбиелік мәні. 
Ұлы Абай халық болашағы ғылымда, білімде, жастарды оқыту, «Тегінде адам баласы, адам баласынан 
ғылым,  ақыл,  ар-мінез»  деген  нәрселерден  озады.  Одан  басқа  нәрселермен  оздым  ғой  дегеннің  бәрі  де 
ақымақшылдық деп ғылымның орнын кӛрсете келе халыққа білім алудың қажеттілігін уағыздайды.  
Абайдың шығармаларының халықты заман талабына сай оқуға білім алуға шақыру ел болашағындағы 
отырықшылықтың,  сауданың,  қала  салудың,  ӛнердің  алатын  үлкен  орнын  кӛрете  білу  қазіргі  егемен 
Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық ербестігін қамтамасыз етуін іске асыратын азаматтарды, 
ұлттық ғылыми-техникалық интелегенция жұмысшы кадрларын дайындау ісіне дәл келгендей.  Осыдан 
бір ғасыр бұрын айтылған Абай сӛздері, ӛсиеттері міне осылай дәл қазіргі күні де ӛз ұрпағын болашағын 
іске асыруға шақырып тұрғандай. Ӛкінішке орай ұлы ақын ашына кӛрсеткен жалқаулық, бой  күйездік, 
күндестік т.б. қылықтар халқымыздың арасында әлі күнге дейін сақталуда. 
Абай – халқымыздың ұлы ұстазы тәлімгер педагогы. Оның ӛлеңдерін ең басты объектісі адам, баcты 
мақсаты – адам тәрбиелеу. Адам оған да «Ӛзі үшін ғана емес, адамдар үшін еңбек ететін, қайрат, ақыл 
нұрлы жүректі терең ұстайтын жан-жақты жетілген адам». Абайша айтқанда «Толық адам». Ал «Толық 
адам», «Жетілген адам» дегендердің мағынасы терең философиялық ойлар, ұғымдар. Адамды адамгерші-
лік тұрғысынан жетілдіруді кӛздейтін үлкен даналық ұштасып жатқан күрделі мәселе. 
Абайдың мұраты – адамда адамгершілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды жетілдіру, қазақ қоғамын 
ілгері  дамыған  ілгері  дамыған  мәдениетті  елдер  қатарына  қосу.  Оның  ӛлеңдері  мен  шығармаларының, 
әңгімелерін  дүниетанымдық  философиялық,  әлеуметтік,  қоғамдық,  этикалық  кӛзқарастары,  педагогика-
лық,  психологиялық  ой-пікірлері  осыны  дәлелдейді.  Абай  сомдаған,  бірін-бірі  толықтырып  отыратын 
ұлттық бейнелер халқын бірлікке, еңбек етуге, ӛнер-білімге үйренуге шақырған ұлттық мүддеден туған. 
Бұл ретте,  Абай ең алдымен білімнің, ғылымның, қоғамдағы орнын, адамды  кісілікке  тәрбиелеудегі 
маңызын жақсы түсінеді. 
Абай ғалым, білімді адам бойындағы рухани қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпына-
тын  мұраты  болу  керектігін  кӛрсетеді.  «Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім».  Бір  қарағанда  бәрімізге 
онда айтылмаған ой-пікір етене таныс, құлағымызға әбден сіңісті дүниедей кӛрінеді.   
Абайдың дана ретіндегі негізгі этикалық принципі – еңбек. Абай еңбектің рӛлін жоғары қояды. Еңбек 
адамның  ақыл-ойының  ереңдігін  сезім  дүниесінің  сұлулықын,  ерік-жігерін  тәртіптілігін  реттестіретін 
бойдағы  енжарлықты,  бой  күйездікті,  еріншекті  тіпті  қайғы-қасіретті  жастың  адамды  жігерлендіретін 
теңдесі жоқ шипа «Аштан ӛліп, кӛштен қалмаспыз», деген психологиядан арылу керек. Жастарды тірші-
лік кӛзін табуға баулу қажет. Күллі адам баласы қор қылатын үш нәрсе бар», содан қашпақ керек. Әуелі 
надандық,  екінші  еріншектік,  үшінші  –  зұлымдық...  Білімсіздік  хайуандық  болады.  Еріншектік  –  күллі 
дүниенің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, кедейлік бәрі осыдан шығады дейді!. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
143 
Абай «Кімде кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты жоқтың иманы жоқ» – деп адам болам деген кісіге 
қажет бес дұшпан мен бес досты ажыратуды міндет етіп қояды. 
Бүкіл ӛмірін елінің кӛкірек кӛзі – сауатын ашып алға жетелеуге арналған ұлы Абайдың еңбегін бағала-
ғанда  алдыңғы  орында  оның  бүкіл  халықтың  ұстазы  болғандығы.  Ӛйткені  күні  бүгінге  дейін,  оның 
шәкірттері болып мұрасынан сусындауының ӛзі соның бір айғағы. 
Абай  шығармаларында  басты  орында,  еңбек  тәрбиесі.  Ол  еңбекпен  келген  табыстың  адал  да  дұрыс 
жолға бастайтынына кәміл сенеді, еңбекпен саналы оймен, ақыл мен істелген істің ғана нәтижесі болады 
деп санайды. 
Адамның  бойында  жағымпаз  қасиеттердің  тууына  қарсы  тұру  үшін  оның  ғылым  мен  білімге  деген 
құштарлығын  арттырып,  дамыта  түсуді  ӛсиет  етеді.  Абайдың  айтуынша  адамның  білімге  құштарлығы 
оны  тәрбиелігі  етеді.  Арам  тамақтың,  сұраншақтық,  тілемсектік,  жексұрын  қасиеттер.  Абай  мұны 
ашынып айтады. Қай заманда да болсын, еңбектен безу, біреуге масыл болу жамандықтың жаманы екенін 
бүгін де кӛріп жүрміз. Қулықпен, еппен пайда табам деп, еңбектен бойын алып қашқаннан ешкімде пәтуа 
таппайды. Ел қамын ойлап, түн ұйқысын тӛрт бӛлген Абай еңбекке үндегенде адал еңбекті меңзейді. 
Еңбек  қылмай  тапқан  мал  дәулет  болмас  қулық  сұмдықпен  тапқанның  қайыры  болмайды.  Еңбекке 
шақыру мәселесі Абайдың ең кӛп айтқан саласы. Жастарға халық қамын ойлаған ақын жазушылар мен 
ғалымдарды үлгі ӛнеге етіп, «білімдіден шыққан сӛз талаптыға кез болса екен» – дейді. Тіршіліктің тұтқа-
сы еңбек пен білімде деп ұққан Абай: 
Түбінде баянды еңбек егін салған, 
Жасынан оқу оқып білім алған. 
Би болған, болыс болған мақсат емес, 
Ӛнердің  бұдан  ӛзге  бәрі  жалған  –  деп  халық  қамын  ойлап,  қабырғасы 
қайысатын, әділдік үшін саясатын ең кем дегенде елдің елу жылғысын ертерек ойлайтын кӛреген қайрат-
кер.  Ұрпақ  тәрбиесі  үшін  аянбай  ат  салысып  жүрген  ұлағатты  ұстаздардың  ақылшысы,  сыршысы, 
қамқоршысы бола алатын. 
Бастауыш мектепте Абайдың тек негізінен ӛлеңдері ғана оқытылады. Балаларға Абай кемеңгер, ұлы 
ақын деп қана қоймай, оның кемеңгерлігіне де ұлылығының сыры неде жатқанын тамыршыдай тап басып 
айту  оңай  болмайды.  Дегенмен,  ӛлең  жолдарының  негізгі  нәзік  құпиясын  түсінуге  талпынатын,  ақын 
жүрегінің қатпар-қатпар құпия сырына бойлағысы келері сӛзсіз. Осыған орай қазақ мектептерінің бастау-
ыш сыныптарының жаңа бағдарламасында осы мәселе жӛніндегі ерекшеліктері қандай? Жаңа бағдарла-
маның  осы  мәселе  жӛніндегі  ерекшеліктері  қандай?  Ұрпақ  тәрбиесінде  орны  бӛлек  Абай  мұрасынан 
бӛбектерге нені? Қашан? Қалай? танытуға болады? сияқты сұрақтар тӛңірегінде сӛз қозғайын. 
Қазіргі таңда қолымда барын пайдаланып жүрген бағдарламада және осыған сай жасаған «Ана тілі» 
оқулықтарында да Абай шығармаларының ішінде кейбір ӛлеңдерінен үзінділер берілген. 
Ал жаңа бағдарламада Абай даналығы мен ӛсиетін баланың жас кезінен бастап бойларына сіңіре беру 
үшін, халқының сӛз ӛнері еркін қолдана білуі мен шешендік талантына тәнті ету ӛнеріне сүйіспеншілігін 
оята, халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы дәстүрінде тәрбиелеуге ықпал ету үшін тӛмендегі шығармалар-
ды енгізу жоспарланған. 
Мысалы: «Ата-анаға кӛз қуаныш», «Досыңа достық-қарыз іс», «Абдрахман ӛлімінде», «Кешегі Оспан 
ағасы»,  «Қуанбаңдар  жастыққа»  т.б.  Ал  аудармаларынан  «Қараңғы  түнде  тау  қалғып»,  «Жарлы  бай», 
«Қарға мен бүркіт» сияқты шығармалары енгізіліп отыр. Ӛйткені бұл текстердің мазмұны түсінікті сӛзде-
рі  қарапайым,  әрине  сӛз  жоқ  кейбір  балалардың  жас  шамасына  қарай  түсінуге  ауыр  деген  сӛздерге 
түсініктеме беріледі, сӛздік жұмыстары жүргізіліп қарапайым салыстырулар келтірілуі тиіс. Ӛлең мысал-
дар әр сыныпқа былайша жүйеленген. 
1-
 
сынып. 
«Әсемпаз болма әр неге» (1-шумағы) 
«Ғылым таппай мақтанба» 
(бес арсыз іс кӛнсеңіз жолына дейін) 
«Жаз» (ұшып тұрса сымпылдап жолына дейін) 
«Шегірке мен құмырсқа» 
2-
 
сынып. 
«Әсемпаз болма әр неге» (1, 2, 3, 4, 5, 6-шумағы) 
«Ғылым таппай мақтанба» (махаббатпен ерсеңіз жолына дейін) 
«Жазғытұры» (1-5-шумағы) 
«Күз» (1-2-шумақтары). 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
144 
«Қыс», «желсіз түнде жарық ай». 
«Қарға мен түлкі» 
3-
 
сынып. 
«Ата-анаға кӛз қуаныш» (1-2-шумағы) 
«Ғылым таппай мақтанба» (9-шумағы) 
«Қыс», «Абдрахман ӛліміне», «Күз» (4-шумағы) 
«Желсіз түнде жарық ай», «Жазғытұры», «Қарға мен түлкі». 
4-
 
сынып. 
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім». 
«Әсемпаз болма әр неге», «Жазғытұры». 
«Қыс». 
«Қан сонарда бүркітші шығады аңға». 
«Қуанбаңдар жастыққа», «Жарлы, бай». 
Ендігі мәселе – бастауыш сыныпқа арналған ӛлеңдер қалай оқытылуы, түсіндірілуі тиіс. Ең алдымен 
тӛменгі сыныптарда оқушыларды мәнерлеп, әуенді сазды ерекшеліктерін сақтай отырып оқуға үйретіп, 
сонан  соң  оқығанын  түсіне  білуге  жетелеген  жӛн.  Бұл  текстегі  сӛздерді  талдап  түсіндіруден  барып 
қалыптасады.  Сондықтан  кӛрсетілген  ӛлеңдерді  оқудың  әдістемесі  сыныбына  қарай  алуан  түрлі  болып 
іске асырылады. 
Ол оқып отырған шығармаларының тақырыбы мен идеясын түсіндіруге ақынның кӛз қарасын оның ой 
пікірін қоса түсіндіру, ӛмір мен байланыстыру, баланың жан дүниесіне әсер ету сияқты мәселелерді бала 
түсінігіне сай жеткізу мұғалімнің әдіскерлігіне, шеберлігіне, тіл байлығына байланысты. 
Келесі кӛңіл бӛлетін жұмыс – бастауыш сыныпта оқушыларға ӛлеңдегі әуенді-сазды үйлесім, гармо-
ния немесе ұйқас жайында қарапайым мағұлмат беру. 
Мысалы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» ӛлеңіндегі ұйқасып тұрған сӛздерді тапқызу. 
Мысалы:  Ескермедім,  тексермедім,  кешсермедім  т.б.  буын  саны  арқылы  болып  тұрғанына  да  кӛңіл 
аударту.  Осылардың  бәрінің  түйіні  сайып  келгенде  Абай  ӛлеңдеріндегі  сұлу  суреттеулерге,  теңеулері 
оқушы кӛңілін аударту. Балаларға шығарманың кӛркемдігін, бейнелілігін танытып тұрған кӛркем сӛздер-
ге тоқталу. Айталық суреттеп тұрма, сипаттап тұрма? Анықтап алған соң оқушыларға сол сӛздерді тапқы-
зу.  Мысалы:  «Күз»  ӛлеңіндегі  «сұр  бұлт»,  «дымқыл  тұман»  текстерінің  мәнін  ашу  арқылы  табиғат 
құбылыстарын ауа райындағы ӛзгерістерді кӛз алдына елестеткізу. Ол ӛзгерісті қазақ тұрмысымен байла-
ныстырып баяндату, мұндағы суреттеу тәсіліне тоқталу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін 
оятуға әбден болады. 
Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда оқыту оңай соғатын жұмыс емес. Ол мұғалімнен ауқымды 
білім, кӛп дайындық, үлкен жауапкершілік пен әдіскерлікті талап етеді. 
Абай  шығармаларын  бастауыш  сыныптарда  оқытудың  мәні  зор  екені  тәжірибеде  дәлелденді.  Олай 
дейтін себебіміз оқушылар Абай шығармаларын оқи отырып, одан рухани ләззат алады. 
Сондықтан қазіргі кезеңдегі ең ӛзекті мәселелердің бірі жасӛспірімдерді Абайдың ӛмірі, шығармашы-
лығы арқылы оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, дамыту. Бұл күрмеуі күрделі де қиын істі ойдағы-
дай  шешуде,  әсіресе  қазақ  тілі  мен  әдебиеті,  бастауыш  сынып  мұғалімдері  мен  сынып  жетекшілерінің 
орны ерекше. 
Демек, баланың Абай ӛлеңдеріне деген қызығушылығына бағыт сілтеу, эстетикалық талғамын тәрбие-
леу оны ары қарай дамыту, бекіту, қалыптастыру – педагогикалық маңызды проблемалардың бірі. 
Бастауыш  мектептерде  Абай  ӛлеңдерінің  бір  алуаны  табиғат  лирикасы.  Абайдың  жыл  мезгілдеріне 
байланысты  жазған  яғни  «Күз»,  «Қыс»,  «Жаз»,  «жазғытұры»  ӛлеңдерін  оқығанда  табиғаттың  әртүрлі 
құбылысы кӛзіне елестейді. Жаратылыстың жайдары жазым, түсі суық тұманды кезін не болмаса салқын-
даған аязы мен қарлы боранның ӛзін кӛріп тұрғандай болып тұрасың. 
Қазақ  халқының  ұлы  ақыны  Абай  ӛзінің  терең  әдеби  мұрасы  арқылы  бүгінгі  күн  талап-тілегіне  сай 
келетін ағартушылық насихат қалдырды. 
Сондықтан да ақын жырлары адамдардың рухани қазынасына айналды. Мектептің алғашқы сыныпта-
рынан бастап-ақ жатталған Абайдың жыр-маржандары балалық, жастық, ер жеткен, есейген жылдарында 
жаңғыртып жатқандай түседі. 
Абай  жырларының  ерекшелігі,  ӛміршеңдігі,  мәңгілілігі  –  ол  дәуірдің  болсын,  қай  жастағы  адамдар 
болсын қажетіне жарары қасиеттілігінде. 
Қорыта  келгенде,  Абай  шығармаларын  оқыту  мәселелері  бірсыпыра  зертелінеді,  ал  Абай  мұралары 
арқылы бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендіру мәселесін жүргізудің жүйесі әлі де болса арнайы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
145 
зерттеуді қажет етеді. Біздің пікірімізше, Абай мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын әлеумет-
тендіруге  байланысты  деректі  материалдар,  Абай  ӛмірі  жӛніндегі  балаларға  арналған  диафильмдер, 
суреттер,  портреттер  Абайдың  ӛскен  ортасы,  ата-анасы  жӛніндегі  кӛрнекіліктер  сериясы  қажет.  Абай 
шығармаларындағы негізінде жасалған пейзаждың суреттері болғаны да орынды болар еді. 
Бұл  ұлы  Абайдың  ӛмірі,  азаматтығы,  суреткерлігі  жӛнінде  оқушыларға  мол  да,  дәйекті  мағұлмат 
беруге ӛз септігін тигізер еді.   
 
1.
 
Бітібаева К. Мектепте Абай шығармаларын оқыту. – Алматы: Рауан, 1995. 
2.
 
Мырзахметов М. Абай тану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. 
3.
 
Тӛреханұлы. «Ең жарық жұлдыз», Жерұйық газеті 1995 ж. 
4.
 
Халитова І.Р. Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы(1960-1995 жж.): Пед. ғылымд. 
д-ры... дис. автореф. – Алматы, 1998 – 47 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет