Поәк bbbmotzhgtn 5301 «Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері»



бет24/53
Дата07.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#72420
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
bas bilim beru maz umkd 2023

Іскерлік ойыны.Жаңа материалды меңгеру , қорытындылау кешенді мәселелерін шешу, шығармашылық қабілеттерін дамыту , жалпы оқу іскерлігін қалыптастыру үшін іскерлік ойыны пайдаланады.Оқу материалдарын әртүрлі жағдайларда түсінуге мүмкіндік береді.Оқыту барысында түрлі ойындардың үлгілері қолданылады::еліктеу, әрекеттік жылдамдық, рөлдік ойындар ;і скер театр, психологиялық және әлеуметтік драма.Іскерлік ойынның әдіс- тәсілдері төмендегі кезеңдерден тұрады.
Дайындық кезеңі.Дайындық кезеңі ойынды жоспарлаудан басталады:
сценарий дайындау;іскерлік ойынның жоспары;ойынды жүйелеп баяндау;нұсқау мазмұны ;мәліметтермен қамтамасыз етуді дайындау.
Ойынға кіру:мақсат ,міндеттерін қою;жағдайы ,нұсқауы,уақыт тәртібі,ережесі;рөлдерді бөлу;топтарды қалыптастыру;кеңес беру.
Өткізу кезеңі:топтардың тапсырмамен жұмысы :дерекнамамен жұмыс ,тренинг, миға шабуыл; ойын құрал-жабдықтарымен жұмыс.

15-16 лекция. Дамыта оқыту технологиясы.
Жоспары:
1.Дамыта оқытудың кейбір теориялық мәселелері.
2.Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесі.
3.Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың оқу әрекетін мазмұндық қорытындылау
және қалыптастыру жүйесі.
4.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Мақсаты: Білім алушыларды Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесімен, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың оқу әрекетін мазмұндық қорытындылау және қалыптастыру жүйесімен таныстыру.
Түйін сөздер: дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, оқу әрекеті, оқыту жүйесі

Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастыратын (Ж.Пиаже), ойлаудың әр түрлi деңгейiн, типтерiн (Л.В. Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская т.б.), iс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) ғалымдардың еңбектерiнде жан-жақты талданған. Нәтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екi iргелi эксперимент жасалып, оның бiрiн Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов, екiншiсiн Л.В. Занков басқарды.


Зерттеушiлердiң мақсаты - Л.С.Выготскийдiң 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткiзiлген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық бiлiм беру iсiне үлкен өзгерiстер енгiзедi. Мысалы, 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бiрақ бұл курста да негiзiнен басты назар баланың дағдыларын қалыптастыру, жай типтiк есептер шығаруда болып, оқыту әдiстерi, сабақ ұйымдастыру түрлерi, бiлiм, бiлiк, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспайды.
Одан кейiн жиырма жыл көлемiнде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелi мәселесiне айналды. Жүйенiң авторлары дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, мiндеттерi, әдiс-тәсiлдерi баланың даму заңдылықтарына сәйкестендiрiлген оқытуды айтады. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерiстер болуы тиiс деп есептейдi. Жүйенiң басты мақсаттарының бiрi - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркiндiгiн қалыптастыру, өз бетiнше iзденуге, шешiм қабылдауға дағдыландыру, жекелiк қасиеттерiн ескеру, басшылыққа алу, ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Мақсаты балаларға дайын пәндік бiлiм, бiлiктердiң белгiлi бiр жиынтығын берумен шектелетiн, нәтижесiнде догмалық ойлауы басым, дайын нүсқаулар мен бұйрықтарды орындай бiлетiн адамдарды тәрбиелейтiн қазiргi мектепте орын алып отырған дәстүрлi оқыту жүйесi мұндай адамдарды дайындауға негiз бола алмайтындығын өмiр көрсеттi.
Сондықтан жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабiлеттi адамдар тәрбиелеу үшiн дамыта оқыту жүйесiн ең негiзгi басшылыққа алар нысана деп бiлемiз.
Л.В.Занковтың тұжырымдамасы бойынша, оқыту жүйесінің негізін, өзара байланыстағы ұстанымдар құрайды:
- қиыншылықтың жоғарғы деңгейіңде оқыту;
- бағдарламалық материадды оқытудың жоғарғы қарқындылығы;
- теориялық білімнің жетекші маңызды рөлі;
- оқшылардың оқу процесін ұғынуы;
- барлық оқушыларды дамыту мақсатына бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу.
З.И.Калмыкованың тұжырымдамасы бойынша, тиімді, өнімді және шығармашылық ойды қалыптастыратын дамыта оқыту болып есептеледі. Тиімді ойды оқып білім алудың негізі деп қарастыра отырып З.И.Калмыкова тиімді ойлаудың ерекшеліктерінің сыртқы көрінісі жаңа білімді өз бетінше игеру және оны іс-әрекетте қолдана білу деп біледі. Мұндай ойдың негізгі көрсеткіштері:
- ойдың жеке даралығы, әдеттегіден тыс жауапты таба білуі;
- ассоциациялық байланыстардың пайда болуының жылдамдығы және дамуы;
- мәселенің ұғымдылығы, оның әдеттегіден тыс шешімі;
- ойдың жүйріктігі – кейбір талаптарға сәйкес уақыт бірлігіңде пайда болатын ассоциациялық идеялардың саны.
З.И.Калмыкованың дәлелдеуі бойынша, дамудағы оқыту төмендегі дидактикалық ұстанымдарға бағдарланғанда жүзеге асуы мүмкін:
а) оқытудың мәселелігі;
ө) оқьггудың жекелігі және даралығы;
б) ойлаудың түрлі компоненттерінің (нақтылық және абстрактылы теориялық) үйлесімде дамуы;
в) ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру;
г) есте сақтау әркеттерін арнайы ұйымдастыру.
Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасы өзі оқу жұмысының тәсілдері деп атаған, ойлау операцияларын қалыптастырумен байланысты. Оқу жұмысының тәсілдеріне салыстыруды, қорытындылауды, себеп-салдар байланысын ашуды бақылауды, зерттеліп отырған құбылыстың сипаттамасын құрастыруды, ұғымның мәнді және мәнсіз белгілерін ажыратуды кіргізеді.
Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасындағы шарттар ретінде төмендегілер белгіленеді:
1. Оқытудың барлық қатары оқушыларда түрлі деңгейлерде толықтырылған оқу жұмысының тәсілдерін қалыптастыру идеясына сәйкестендірілуі керек;
2. Әрбір оқу пәнінде оқу жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы және оларды оқушыларда қалыптастыру маңызды;
3. Оқушылар өздерінің оқу әрекеттерін басқару тәсілдерін қалыптастыру қажет.
В.В.Давыдовтың, Д.Б.Элькониннің тұжырымдамалары бойынша, оқушыларды дамыта оқытудың негізінде теориялық білімді сараптау, жоспарлау және рефлексия арқылы меңгеру үдерісінде оқу әрекетін оның субъектісінде қалыптастыру теориясы жатыр. В.В.Давыдовтың және Д.Б.Элькониннің тұлғаны дамыта оқыту тұжырымдамасы окушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. Берілген шығармашылықтың әдістемесін бейнелейтін С.А.Смирновтың тұжырымдамасында, педагогогикалық үдерістің негізгі мақсаты ретінде, әлеуметтік тәжірибенің қарқынды жинақталуымен және баланы ішкі психологиялық тыныштығы мен өз-өзіне деген сенімді қалыптастыру үйлесіміндегі қабілетін мүмкіндігінше дамытудың шарттарын жасау жағдайы қарастырылады. Осы тұжырымдамаға сәйкес, мұғалім әрекетіндегі үш бағыт ажыратылады:
- оқушының мұғаліммен және бір-бірімен өзара әрекеттерін ұйымдастыру;
- сабақтарда жеке ойындарды және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың ойын формаларын кеңінен пайдалану;
- оқушыларды шығармашылық әрекеттерге араластыру.
Зерттеушілер оқытудың психикалық қызметін (қабылдау, тиімді есте сақтау, ойлау және ұғым қалыптастыру, теориялық толықтыру және ақыл-ой белсенділігін) дамытуға ерекше көңіл аударады.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бiрi болып 1959-60 жылдары қолға алған академик Л.В.Занковтың басшылығымен жасалған. Бастауышта оқытудың жаңа жүйесiн мұғалiмдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгiлi себептерге байланысты өрiстеп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерiнде қайтадан қолданала бастады. Қазiргi бұл жүйе дәстүрлi оқытумен қатар пайдаланылып келедi.
Л.С.Выготскийдiң теориясы Д.Б.Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрi қарай жалғастырылады. Баланың өзiн-өзi өзгертушi субъектi ретiнде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулержүргiзiлдi. Екi авторлар тобы да өз жүйелерi бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдiстемелiк құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық iс-тәжiрибеге батыл ене бастады.
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң бастауыш сатысындағы бiлiм мазмұны тұжырымдамасында былай делiнген: «Бiлiм мазмұнын жаңартудың ғылыми негiзiнде бастауыш сынып оқушысын белгiлi бiр қажеттi бiлiктер мен дағдылардың иесi, оқу әрекетiнiң субъектiсi, әр түрлi мәдениеттермен өз көзқарасы түрғысынан диалогқа түсетiн автор жас ерекшелiгiне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетiн бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды бiлiм – тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетiн қазіргi заманғы дамыта отырып оқыту идеясы алынады».
Бастауыш сатыдағы оқытудың мақсаты мен бiлiм мазмұнының негiзiнде алынған дамыта оқыту идеясына оның ұстанымдарына сәйкес бiлiм мазмұнының негiзiне алынған мынадай қүрамы анықталады.

  • дүние туралы (көркем, мифтiк т.б. түсiнiктермен байланысты дүниенiң ғылыми бейнесi);

  • оқушыда қалыптасуы тиiс әрекет түрлерi (ойын, оу, еңбек, қарым-қатынас);

  • дүниенi танып бiлудiң әдiс-тәсiлдерi (логикалық,ғылыми) туралы бiлiм, бiлiктер.

Дамыта оқытудың түпкi мақсаты әр пәндi оқытудың тиiмдi әдiстерiн, түрлерiн таңдап пайдалануға үнемi нысана, тiрек болып отырады. Мысалы, пәндердi дамыта отырып, отырудың түпкi мақсатының бiрi - оқушыларды талдап, одан қорытынды шығару, бiр объектi қызметiнің әр түрлi қырлары бар екенiн көрiп ажырату, объектiнiң басқалармен байланысын анықтау; мәндi белгiлерден, мәнсiздерден ажырату; объектiлердi айырма белгiлерiне қарап жiктеу; ұқсас белгiлерi арқылы топтау, бақыланған құбылыстарды жалпылау, белгiлi әрекет тәсiлдердi таныс емес жағдайларға қолдану т.б. Осылар жалпы интеллектуалдық бiлiктердi қалыптастыру десек, осы «тiзiмнiң» өзiнде-ақ оқу материалдары оқытудың логикалық әдiстерi мен тәсiлдерi анық көрiнедi.
Дамыта оқыту әдiстемесiндегi ең басты нәрсе - оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайларына енгiзу. Мұның өзi эвристикалық және зерттеу ерекше мән берiлетiнiн көрсетедi.
Қазiр дамыта оқытуға тән бұл сияқты әдiс-тәсiлдер, оқу жұмысын ұйымдастыру түрлерi мектеп тәжiрибесiнде кең қолданылып жүр. Тек олардың сыртқы белгiлерiмен әуестенiп, түпкi мақсат, мiндеттерi назардан тыс қалмағаны жөн.
Дамыта оқытудың жүйелi маңызды принциптерiнiң бiрi – теориялық бiлiмнiң жетекшi рөлi принципi. Бұл принциптерi балалардың теорияны жаттауы, терминдердi есте сақтауы деп түсiнген жөн. Керiсiнше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмiр заңдылықтарына көздерiн жеткiзу, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Дамыта оқыту жүйесi дидактикалық принциптерiнiң iшiнде «оқытудың тәрбиелiк мәнiнiң болуы» жайлы еш нәрсе айтылмайды. Өйткенi оқушылардың адамгершiлiк қасиеттерiн, құқықтылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен тұтас жүйе, оның құрамдас бөлiктерi, әдiстерi арқылы iске асып жатуы ойластырылған.
Бұл жүйенiң қағидаларын дұрыс түсiнiп, жүрегiмен қабылдаған әрбiр мүғалiм өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетiнше-ақ арттыра алары сөзсiз.
Дамыта оқыту жүйесiндегi қойылатын сұрақтар ойлауды, пайымдауды қажет ететiндей етiп берiледi. Оқушы да ондай сүраққа өз ойын, өз пiкiрiн бiлдiре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бiрнеше вариантта болуы мүмкiн екендiгi қарастырылады. Дидактикада салыстыру негiзгi тәсiл болып табылады. Заттарды салыстыра отырып түсiнiп тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсiлдерiмен мектепке келгенге дейiн де бiршама танысады. Ал мектепке келген соң, оқудың алғашқы күйiмен бастап бұл тәсiл туралы пайдаланыла бастайды.
Мұғалiм салыстыру әдiсiмен сабақ жүргiзе отырып, оқу материалын оңай, көрнекi етiп ұстауға мүмкiндiк алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгiлi мен белгiсiз арасындағы көпiр сияқты, оқушыларға өмiрiнен тысқары бiлiмдi меңгеруге көмектеседi. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен объектiлердiң байқамай, көрiнбей қалатын белгiлерiн анықтауға үйретедi. Баланың байқампаздығынан артады. Байқамсыздық - баланың жалпы дамуындағы негiзгi психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып бұрынғы өтiп кеткен материалдар мен жаңа бiлiм арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренедi.
Дамыта оқыту жүйесiнiң маңызды тағы бiр ерекшелiгi - сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшiн қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенiнше, қабiлетi жеткен жерге дейiн еңбек етуi ойластырылған. Сол арқылы ол да өзiн мүмкiн дәрежеге дейiн дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуi, жаңылуы әбден мүмкiн. Тек мұғалiм тарапынан көрсетiлген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшiне деген сенiмiн арттырып, алға жетелейдi деп есептеледi.
Дамыта оқыту жүйесiнде мұғалiм мен оқушы арасында қарым-қатынас жаңа қағидаларға негiзделедi. Олар ынтымақтастықтың, өзара сыйластық, түсiнiк сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сенiммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшiн оның әрбiр жауабы мүқият тыңдалып, дұрыс жауабы мақталып, қатесi еппен түзелiп отырылады.
Дамыта оқытудың мәселесі қазіргі таңда өзекті болуы соншалық, оған ойланбай тұрған мұғалім де жоқ.
Оқытудың дәстүрлі үрдісі оқушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынас, соның барысында білім беру, тәрбие мен даму қарастырылады. Басты құрылым бөліктеріне, оның негізін айқындайтын, оқыту мақсатын, мазмұнын, оқыту мен үйрету ісін, қарым–қатынас сипатын, ұстанымдары, әдістемесі мен оқыту түрін жатқызуға болады. Осы арқылы дамыта оқыту ерекшелігін айқындауға болады.
Дамыта оқыту идеясын жаңа, баланың даму мәселесі оқу үдерісінде шешілмеген не қарастырылмаған деп айтуға болмайды. Тұлғалық даму мәселесін оқу барысында Е.Н.Кабанова-Миллер, Н.А.Менчинская, И.С.Якиманская т.б. есімдермен толықтыруға болады. Қоғамның даму кезеңінде, осы идея алдыңғы қатарға шығып, кейін уақытша ұмытылып кетеді, бірақ ешқашан да оны қарастыру, ең бастысы мектепте іс жүзінде іске асыру тоқтамайды.
Дамыта оқыту, оқыту тапсырмаларының маңыздылығы мен қажеттілігін шектелмейді. Сондай-ақ үш параллель байланысты тапсырмаларын мойындамайды, керісінше, оқушы даму талабын қамтамасыз ететін үш бірлікті тапсырма болып кетуін болжайды.
Оқыту үдерісін дамыту барысында тек баланың ой дамытуымен шектелмеу керектігі анық. Дамыта оқыту психикалық жаңа білімнің туындауын (түсінік, ұғым, ойлау), сондай-ақ психикалық жұмыс әрекетін қарастырса, Л.В.Занковтың пікірінше, тікелей үйрену барысында, сондай-ақ сыртқы әсерлерді өзінше өңдеу нәтижесі салдарында бірте ішкі жылжуын бағамдайды.
Теориялық түсініктерге ие болу, іс-әрекет ұстанымы мен бастауыш сыныптағы әрекеттерді жалпылау нәтижесі кітаптарда жаңа бейнелерді іздестіру мүмкіндігіне ие болды. Олардың бастысына танымдық сұрақтар, практикалық тапсырмаларды енгізу, оқушыларды өзінше шешімге келтіретін тапсырма ережелері мен дайын түсініктемелердің ауысуы жатады.
Оқу тапсырмалары балаға айқын танымды қиыншылықтар мен сол сәтте оқушыға да, балаға да әдістемелік көмектерін көрсетеді және ізденіс пен шығармашылық сипаттағы тапсырманы сәтті, әрі бірте орындауын қамтамасыз етеді.
Оқыту мазмұны оны нақты ұғынуын және оқу түрін тапсырады. Оқушылардың басты ынтасы дайын білімді қабылдауға бағытталған. Қандайда бір тапсырмаларды шешудегі жағдайда оқушы ереже бойынша шешімін табуға тырыспайды, керісінше белсенді түрде ұқсас тапсырма шешімін түсіруге бар күшін салады. Еске түсірсек, оқушы көбіне тапсырманы шешпей қалдырады немесе басқа да әрекеттерге жүгінеді.
Мақсаттарына сәйкес, оқыту мазмұны мен оқыту үдерісіндегі ұстаз ұстанымы мен әрекет сипаты, әдістемесі мен оқыту түрі өзгереді. Дәстүрлі емес оқыту ісінде, ұстаздар түбегейлі түрде өзгереді. Ұстаздардың басты мақсаты - жеткізу, көрсету, түсіндіру, оқушыларға ұғындыру емес, алдарына берілген тапсырманы бірлесе шешу. Оқудың жаңа талаптары - ұстаздан әр сұраққа қатысты барлық жауаптарды тыңдап үйренуін талап етеді және олардың ешбір жауабын шегермей, жауап берушінің орнына қойып, оның ойлау логикасын ұғынып, оқу жағдайында әрдайым өзгеріп тұратындығына жауап тауып, олардың жауаптарын сараптамалап, мәселені шешуге алып келеді. Балалар оқу тапсырмасының шешімін бір сабақтың үстінде таба алмайды. Оқу үрдісіндегі осындай логиканың айқындалуы Н.Н.Поддъяков ізденістерінде расталады және ол дұрыс құрылған ойлау үрдісі білімнің туындауына, нақты білім түріндегі сұрағына жететіндігін сипаттайды. Ойлау үдерісінің өзіндік дамытуы мен өзіндік үстемдігінің негізі осында. Тағы да атап өтетін жайт, дәстүрлі оқыту барысында біз ойлау, даму заңдылығын бұзамыз. Оқытудың жаңа түрі мен жаңа құрамы басқа ұстанымдарды талап етеді. Сол басқа ұстаным негізінде академик Л.В.Занков ілімі қиыншылықтың ең ауыр деңгейінде оқу, бастауыш оқу негізінде теориялық білімнің рөлі, бағдарлама материалын ұғынудағы жылдамдылық, барлық оқушылардың дамуы, сондай – ақ әлсіздерді де құрылады.
Л.В.Занков әдістемесінің дидактикалық тәсілдері бойынша
дамыта оқыту әдістерінің басқа әдіс-тәсілдерден екі негізгі айырмашылықтары бар: 
1 Қарама-қарсылықты шешудің құралы болғандықтан, олар тек жүйе (система) ішінде қаралады. Оны айқындап, яғни болжап береді. 
Дамыта оқыту өз алдына оқшау жатқан жоқ. Ол оқыту мен тәрбиенің барлық әдістерімен бірге іштей қабысып бір-бірімен тығыз байланыста болады. 
2 Дамыту әдісі мазмұн мен форманың диалектикалық ішкі үйлесімділігінен тұрады.
Қазіргі зерттеушілер аталған әдісті екі түрлі түрғыдан қарастырады. Олар дамыта оқыту әдісін жалпы және бинарлық деп екіге бөледі. Қысқаша осы екі әдістің кестесі қосымша. Жалпы әдіс оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға ерекше назар аударады. Сабақтың қызықты өтуі педагогтың да шеберлігін қажет етеді. Бинарлық әдістің құрылымы қосымша көрсетіледі. 
Жалпы және бинарлық әдістерді қолдану кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеттері мыналар: 
а) жаңа материалды дұрыс түсіндіре білу;
ә) оқыту барысында оқушылардың өзіндік ой-пікірін қалыптастыру;
Дамыта оқыту әдісінің аталмыш әдістерінен басқа алты дидактикалық тәсілі бар. Олар мыналар: 
1) мұғалімнің өзінің сөйлеуі;
2) шешендік тәсіл;
3) диалог түріндегі тәсіл; 
4) эвристикалық тәсіл;
5) зерттеу тәсілі;
6) бағдарламаланған тапсырмалар беру тәсілі.
Дамыта оқыту байырғы оқытудың әдістері мен тәсілдерін жинақтаған жаңа оқыту жүйесі болып табылады. Бұл оқытудың барысында логикалық ойлау операцияларының және оқушылардың өздігінен ізденуі шешуші рөл атқарады. Қазіргі қазақ орта мектептерінде бұл әдіс кеңінен пайдаланбай келеді. 
«Дамыта оқыту алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен олардың теория жүзінде дәлелденуінен пайда болған. Мәселен, әдістердің көпқырлылығы мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, дамыта оқыту дегеніміз, педагогика ғылымында көптеген белгілі эвристикалық әңгіме», - дейді Лернер И.Я. Бірақ эвристикалық әңгіме тек ғана дамыта оқытудың бірғана тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Оқыту барысында мұғалім мен шәкірт арасында өзгеше қарым-қатынас пайда болады. Мұғалімнің көмегімен ол жаңа материалды өздігінен түсінеді, шығармашылық ізденіс қалыптасады. Академик В.А.Крутецкий дамыта оқытуды зерттей келе мынандай пікір айтты: «Проблемное обучение есть результат развития педагогики и школьной практики в условиях научно-технической революции, результат внедрения научных идей в современный процесс обучения».
Дамыта оқыту өзекті мәселелі жағдай (ситуация) мен оқу мәселесінің және оқыту мен білім алудың диалектикалық, қарым-қатынасы, әрі өзара бірлігінен тұратын жүйені қамтитын әдіс деп есептелінеді. Оқыту барысында мұғалім өзекті ойланарлық тақырып төңірегінде ойлануға жағдай туғызады. Бұл әр ұстаздың біліміне, шеберлігіне байланысты жай. Шәкірттердің ойлау қабілетін артуы дамыта оқыту әдістерінің алға басқандығының айғағы тәріздес. Логикалық операцияларды шешу оқушылардың дербестігін қалыптастырады. Ғалымдардың айтуы бойынша шығармашылық – эвристикалық іс-әрекет негізгі мазмұнды тез қабылдау, негізгі идеяны қағып алу. Бұл іс-әрекет субъектіні объектіге қызығушылығын арттырады (сұраққа, пәнге т.б.). Өзекті, мәселелі жағдай дегеніміз адамның интеллектуалды қиналуы, себебі туып отырған көріністі дәлелді сұрақты бұрыннан өзі білетін амал тәсілдер мен еше алмауы. Қиналыс адамды жаңа шешім табуға талаптандырады. Өзекті, мәселелі жағдайдың пайда болуымен мәселенің шешілуі арасында бірнеше сатылар бар: 
- өзекті мәселенің пайда болуы;
- мәселенің қойылу шартының қиындығы;
- гипотеза немес жорамалдар арқылы мәселенің шешілу жолын табу;
- гипотезаның ақиқаттығын дәлелдеу;
- мәселелінің шешілу дұрыстығын тексеру.
Дамыта оқытудың жалпы және арнаулы қызметтері бар. 
Дамыта оқытудың жалпы қызметтері: 
- шәкірттердің білім жүйесінің меңгеруі және ойлау мен практиканы ұштастыра білу;
- шәкірттердің дүниетаным көзқарасын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Дамыта оқытудың арнаулы қызыметтері:
- шәкірттердің ойлау дербестігін жетілдіру;
- жаңа материалды мәселелерді шешу. Кезінде дұрыс пайдалана білуіне ықпал ету; 
- шығармашылқ іс-әрекеті дамыту, тәжірибелерді жинақтау. 
Дамыту сабағының негізгі кезеңдері:
- жаңа материалды түсіндіру; 
- көптеген оқушыларға тән қателерді айқындау;
- шәкірттерге дүниетаным көзқарасын бекітуге көмектесу;
- танаралық байланысты нығайту;
- білім дәрежесін көтеруге күш салу. 
Бұл сабақтардың кезеңдері қатылып қалған схема емес, оны өзгертіп, түрлендіру кез келген ұстаздың қабілетіне, білім деңгейіне, ұймдасытра білу жолына байланысты болады. Дамыта оқыту мұғалімге бірнеше міндеттерді жүктейді. Ол міндеттердің негізгісі шәкірттердің ойлау қабілетін арттыруға, өзіндік дербес пікірін қалыптастыруға түрткі болу деп санайды Г.Қазбекова [19]. 
1993-1994 оқу жылында Л.В.Занковтың дамыта оқыту әдістемелік жүйесін өз іс-тәжірибесіне пайдаланған Москва қаласының № 775 мектебінің оқу-ісінің меңгерушісі Л.В.Муштакова былай дейді: 
«Жаңаны алғаш бастау өте қиын, бірақ қиндыққа мойыма Л.В.Занков әдістемелік жүйесін зертедік. Дәстүрлі оқыту жүйесін Л.В.Занков жүйесімен ауыстыру қиындық туғызды. Ғылым мен практиканы ұштастыру да қиын болды. Осыншама қиныдыққа тап болсақ та, Л.В.Занков жасаған әдістемелік жүйесін нәтижелігі көрінді. 
1. Өз тәжірибемізде Л.В.Занков әдістемелік жүйесі оқушының шығармашылық қабілетін арттырып, өз бетінше жұмыс жасауға негізделгенін көрдік. 
2. Оқушы мен мұғалім қарым – қатынасы түбегейлі ынтымақтасытық, өзара силастық сияқты қасиеттерге негізделген. 
3. Барлық сыныптарғы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру сияқты қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі», - дейді. 
Біздің Республикамызда Л.В.Занков әдістемелік жүйесін пайдаланған азаматтарымыздың өткізген сабақ жоспарларынан да көруге болады. Бұл жұмыстардың кей біреуін талдаған Б.А.Тұрғынбаева «осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді», - дейді. 
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері жайлы теорияларды, тұжырымдамаларды талдай, ұайта өңдей, жаңа жағдайда пайдалану нәтижесінде төмендегідей қорытындыға келдік: 
1. Шығармашылық – өмірді, қоршаған дүниені, өзіңді тану болғандықтан, ол сабақтан тыс, сыныптан тыс, уақыттарға жылжытылмай әр сабақта өтілетіндей оқу бағдарламасының, оқу мазмұнында болуы шарт. 
2. Орта мектеп жасына келгенде, баланың үлгі – қалыпқа үйреніп, тоқырауын болдырмас үшін, шығарамышылық қабілеттерді дамыту ісін неғұрлым қана алу керек. 
3. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында шығармашылық қабілеттерді дамыту әдістемесінің болуын талап етеді. 
4. Л.В.Занков әдістемелік жүйесінің негізінде сабақтағы баланың позициясын өзгетіп, оны іртүрлі бірлескен әрекеттің субъектісі жайына қоя білу, баланың дербестігі мен еркіндігінің болуы табыстың бір- бір кепілі. 
Жоғарыда айтылдған мәселелер ескерілген жағдайда бастауыш мектеп оқушылары жаңа сапалық қасиеттерге ие болып, адамзат шығармашылығына өз үлестерін қосары сөзсіз.
Жаңа мазмұнда ғылыми зияткерлік ұстанымдары Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жүйесінде дамиды. Барлық көрсетілген дамытушы оқу ерекшеліктері сабақ үстінде бастауыш мектептегі оқу ұйымының басты формасы түрінде айқындалады. Мазмұн құрылымы, ұйымдастыру әдісі оқу түрі мен оның технологиясына байланысты өзгереді. Мысалы, Л.В.Занковтың дамытушы жүйедегі оқу құрылымы, бірнеше түрлі пән тапсырмаларына сай. Дамытушы оқу Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың оқу құрылымы, оның басты компоненттері мен тапсырмаларды орындауына сәйкес келеді. Дәстүрлі емес оқыту түрі, дамытушы оқу мақсаттарды іске асыру оқушылардың оқу үрдісіне және технологиясына, оның мазмұнының ерекше әрекет жасауымен сипатталады. Егер Д.Б.Элькониннің дәстүрлі емес оқыту жүйесі ұстаздың толығымен дәстүрлі үйрету әдісінен бас тартуы жас емес ұстаздарға қиын болса, Н.Б.Истомин жүйесі икемдірек, бұл әдістеме барлық ойлау операцияларын дамытады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.
Джигсо– ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИГСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет