Түйін сөздер: электрондық оқулық, ақпарат желісі, электрондық сөздіктер
Оқыту тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді. Бұл орайда іс-тәжірибе мен ғылымда көптеген көзқарастар мен нұсқаулар бар. Сондай бір бағыты педагогикалық процесті технологияландыру. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол оқушыға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға оқушының білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама неғұрлым дәл келеді: «Жеке тұлға - бұл адамның психикалық адамның рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән: өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы; және дүниемен қатынастар іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік ының жүйесі; айналадағы рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы: қажеттілік жүйесі; қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі; сыртқы жағдайларға шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы; әсерінің жиынтығы және т.б.» (Г.К.Селевко). Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Оқыту технологиясы оның жалпы құрылу қағидаларына негізделген (Дж.Блок, Л.Андерсен, Дж.Керрол, Б.Блум, т.б.) сондай-ақ тұлғаның даму ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне, оның мүдделеріне, тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту ерекшеліктеріне сүйенген. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Бірінше кезекте оларға электрондық басылымдар: электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқу құралдары мен әр түрлі құрылғыларға жазылған электрондық жазбалар (аудио-бейне-құндақтар) жатады. Көптеген ғалымдар компьютерлік технологияны оқу құралы ретінде пайдаланудың мәні мен әдістемелік мақсатын мынадай дидактикалық ұстанымдар бойынша көрсетеді: оқыту үрдісін жекелеу мен дифференциялау; оқу барысы нәтижесін бағалау мен болжаудың кері байланысын жүзеге асыру; өзін-өзі түзету мен өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру; жаттығу мүмкіндігі мен көмегі арқылы оқушының өз бетінше дайындалуына ықпал жасау; үрдісті визуальды оқыту; оқыған үрдіс динамикасын көркем демонстрациялау; зерттеліп отырған ғылыми тұжырымдамалардың графикалық түсіндірмесін беру; компьютерлік бағдарламаның нақты тәжірибесіне сүйеніп зертханалық жұмыстар жүргізу; ақпарат желісімен қамтамасыз ететін оқу барысына қажет ақпараттық мәліметтер базасын пайдалану және құру; қиынды ойлау қабілетін қалыптастыру (мысалы, мәтіндік редактор, электрондық кестелер, мәліметтер базасын және қолданбалы пакеттер байланысын пайдалану). Электрондық оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады: шүғыл кері байланысты қамтамасмыз етеді; дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі; гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді; қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды; әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, оларды өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады (6;52) Қазіргі кезде компьютерлік оқытуды ұйымдастыруда жеке оқытудың үш түрі бар: бірінші – дәстүрлі оқыту; екінші – оқушылар өз-өздеріне ұнайтын оқыту басқаруын таңдайды; үшінші жол – аралас басқару. Оқытуды ақпараттандыруда келесі негізгі сәттерді ескеру қажет. 1. Оқыту үдерісін компьютерлендіру тек бағдарламалау тілін немесе дербес компьютерлердің ақпараттандыру құралдарын емес, компьютерлерді белгілі бір үрдістерге, құбылыстарда, экономикалық жағдайларда модельдеуге үйрету, 2. Компьютерлендіру мұғалімді оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше оқушымен неғұрлым тиісті жұмыс жасауына жағдай жасау қажет. Осылайша білім негіздерін топтық түрде бере отырып, оқытуды даралауды да күшейтіп, оқушылардың білім сапасының көтерілуіне мүмкіндік жасауға болады. 3. Компьютерлерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесуін жағдайға ғана пайдалану қажет, яғни мақсатқа сәйкестік ұстанымын ескеру керек. 4. Оқытуды компьютерлендіруді оқушының өз бетінше ойлап, шығармашылық белсенділік танытып, дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп ойластырған жөн. 5. Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалық-психологиялық талапқа сай ана тілінде электрондық оқулықтарды жасау қажеттілігі туды. Бұл оқулықтарда теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру үшін арналған тест сұрақтары, анықтамалар, т.б. болуы тиіс. Бүгінгі таңда компьютерлік технологиялардың мүмкіншіліктері қазақ тілін меңгертуде кеңінен қолданылуда. Қазақстан мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында қазіргі заманның әлем деңгейіне сай әдістемелік, лингвистикалық қамтамасыз етуге бағытталған компьютерлік оқыту бағдарламаларын құрастыру үдерісі басталды. Сонымен қатар, қазақ тілінде электронды аудармашы бағдарламаларын әзірлеу мәселелері қазіргі жағдайда айрықша мәнге ие болып отыр. Осы салада атқарылып жатқан жақсы істердің бірі – қазақша-орысша және орысша-қазақша электронды аударма сөздіктер. Қазақстанда электронды сөздіктер мәселесі ХХ ғасырдың 80 жылдары зерттеле бастады. Қазақ тілі компьютер қорының негізін қалаушысы – атақты ғалым лингвист Қалдыбай Бектаев болып саналады. Профессор Р.Г.Пиотровскиймен бірге «Статистика речи» деген компьютерлік қолданбалы лингвистикамен айналысқан бүкілодақтық топқа басшылық етті. Соңғы жылдары Қ.Бектаевтың еңбектері негізініде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Қазақ тілінің машиналық қорын» жасау бойынша теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізілуде. Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі аудармашы-бағдарламалары мәтін, сөйлем мен сөз тіркестерін аударуға бағытталған, дегенмен олардың сапасы әлі күнге дейін төмен. Себебі компьютер тілдің көптеген грамматикалық құрылыстарын (жаргон, диалект, фразеологизмдерді) түсінбейді. Сондықтан қазір қазақ тіліндегі электронды сөздіктерінің негізгі қолданысы - әскерлік қағаздарын аудару. Әдеби тілді компьютер арқылы аудару қиындыққа түседі, дегенмен электронды сөздіктер аудармашылардың ескішілдікке негізделген жұмыстарын жеңілдетеді. Қазір дербес компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін электронды сөздіктердің тиімді жүйелері жеткілікті. Әсіресе «Изет», «Парад» фирмаларында. Олар – Қазақстандағы электронды сөздіктерді әзірлеу мәселесімен алғаш рет айналысқан мекемелер. Бұл фирмалардың компьютерлік өнімдері: «Изет» фирмасының «Қазақша-орысша» электронды анықтама-сөздігі; «Парад» АҚ қазақша-орысша сөздігі (16 мың сөз); (Изет» фирмасының «Тілмаш» сөздігі (автоматты түрде мәтіндер мен сөз тіркестерін аударуға бағытталған; 90 мың сөздер мен сөз өрнектері қамтылған). Бұл сөздіктерід кез-келген мекемеде жиі қолдануда. Қазіргі заманда бағдарламалық қамтамасыз ету нарығында электронды сөздіктердің саны мен түрлері өте көп. Бұл бағдарламалардың пайдаланушылары - оқушылар мен студенттер, олар аталмыш сөздіктерді тілді үйренуге арналған құралдардың бірі деп есептейді. Бұл сөздіктерді кейбір іскерлік қағаздар мен хат-хабарды аударуға өз жұмысында аудармашылар қолданады. Олар кәсіби аудармашыға сөз, сөз тіркесін немесе мәтінді тез және тиімді аударуға мүмкіндік береді. Атаулы бағдарламалық өнімдерді дербес компьютердің жедел жадысының шамасын ескере отырып кез келген компьютерге орнатуға болады. Электронды сөздіктермен жұмыс кәдімгі сөздікпен жұмысқа ұқсайды, олар пайдаланушыға сөздің аудармасын тез іздеп табуға мүмкіндік береді. Сондықтан да қазақ тілі сабақтарынды электрондық сөздіктерді пайдалану, сөздерді, сөз тіркестерін және мәтіндерді аударуда айтарлықтай тиімділігін көрсетеді. Электронды сөздіктерді оқу үдерісінде пайдалану кезек күттірмейтін мәселе. Әр сабақта электрондық сөздіктерді қолдану – сөздік қорды байытудың бірден-бір жолы, осы құралды пайдалану арқылы оқытушының көздеген мақсатына жетуі сөзсіз.