12 С.Сейфуллин атындағы ҚАТУжатақханаларында тұрғындарының міндеттері мен құқықтары
Жатақхананың әрбір тұрғыны ҚР Ата заңына, оқу орнының Ішкі тәртіп ережесіне, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студентінің ар-намыс кодексіне, студенттік кеңес құрамына, бір-біріне құрметпен қарауға, қоғамдық-мәдени орындарда, оқу ғимаратында, жатақханада этикалық нормаларды, өзара сыйластықты, ұжымдық бірлікті сақтауға міндетті (егер көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда бөлмедегі студенттер ереже бойынша жатақханадан шығарылады).
Жатақханаға орналасу кезінде білім алушылар құжаттарын сәйкесті түрде ресімдеуден өткізіп, өкімде бекітілген мерзімге сәйкес үш күн ішінде жатақханаға орналасуға міндетті.
Жатақханада тұратын білім алушылар тұру ақысын және ғаламтор қызметін пайдаланғаны үшін төлемақыны белгіленген мөлшерде және уақытында төлеуге міндетті. Көрсетілген төлемақылар уақытында төленбеген жағдайда оған қатаң шара қолданылады.
Білім алушы тұрғын үй комиссиясының хаттамасына сәйкес орын бөлінген күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде жатақханада тұру үшін толық төлемақысын төлеуі керек.
Жатақханада тұрып жатқан білім алушылар электр энергиясы, суық және ыстық суды, жылу энергиясын үнемдеуге және барлық материалдық мүліктерді ұқыптап қолданып, сақтауға міндетті (егер материалдық мүліктерді бұзып алған жағдайда, орнын толтыру студенттің жауапкершілігіне жүктеледі).
Кестеге сәйкес әр білім алушы қабаттағы кезекшілікті жүзеге асыруға және қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізуге міндетті (әр студент бір оқу жылында 3 рет кезекшілік атқару керек, ал жұмыс істеуге денсаулығы келмейтін студенттер дәрігерлік анықтамасымен кезекшіліктен босатылады).
Жатақханада тұратын әр білім алушы белгіленген сенбіліктерді өтеуге және университеттік, қалалық мәдени іс шараларға қатысуға міндетті (бір айда әр студент 4 сенбілікке 2 қоғамдық іс-шараға қатысу керек).
Тұрып жатқан білім алушылар және қызмет көрсету персоналы коронавирустың алдын алу нұсқаулығымен танысуға, өрт қауіпсіздігі ережесін білуге және оны бұлжытпай орындауға міндетті (егер өрт қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда студент жатақханадан шығарылады).
Білім алушы жатақхана мен тұрғын бөлмеде орналасқан мүліктердің сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді орындауы керек.
Тұрып жатқан білім алушылар ұсынылған тұрмыстық және басқа да қызметтерді (кір жуатын машиналар, компьтерлік сыныптағы заттар, тоңазытқышты), өз бетімен сабаққа дайындалу және ғаламторды пайдалану бөлмесін, жуынатын орындардың және спорттық бөлмелерді пайдалану ережесін сақтауға міндетті.
Жатақханада тұратын әрбір тұлға Қазақстан Республикасының 2015 ж. 18 қарашадағы №410-VҚРЗ Заңына сәйкес жемқорлыққа жол бермеуге міндетті, Ішкі тәртіп ережелерінің бұзылуын болдырмау және Студенттік кеңес өкілдерінің нұсқауын орындауға міндетті.
Өндірістік тәжірибеден өтуге жіберілген білім алушылар жатақхана меңгерушісіне факультеттен шығарылған өкімді тапсырып, уақытылы ескертуге міндетті (тек осы жағдайда орындары сақталады).
Жатақханада тұратын білім алушылар сенбі, жексенбі күндері жатақханада болмаған жағдайда тіркелу журналына жазылып кетуге міндетті (баратын мекен-жайы, қай аралықта болмайтыны туралы ақпараттар жазылу керек), ал 5 күннен артық уақытқа кетсе, Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары және факультет деканы қол қойған сұрану өтінішін тіркеуі керек.
Оқу жылы аяқталысымен білім алушы бөлмесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және оны қабылдау-тапсыру кесімі бойынша комиссияға тапсыруға міндетті, ал күрделі жөндеуді университет жүргізеді.
Егер білім алушы мүлікке, бөлмегезиян келтірсе, жөндеу жұмыстарын өз есбінен жасауы тиіс.
Білім алушылар университеттегі оқуы аяқталысымен жатақхананы үш күн мерзімде босатуға міндетті.
Жатақханада тұратын білім алушылардың жатақханадағы студенттік кеңестің құрамын сайлауға және оның құрамына сайлануға құқығы бар. Студенттік кеңес арқылы жатақханада тұратын білім алушылар тұрғын орнын, тұрмыстық жағдайын жетілдіруге және тәрбие жұмыстары мен бос уақыттарын тиімді пайдалануға, жетілдіруге қатысты ұсыныстар беруге, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға қатыса алады.
Жатақханада тұратын білім алушылардың оқу және мәдени, тұрмыстық бағыттардағы үй-жайларды (компьютерлік сыныпты, жаттығу залын, кір жуатын, жуынатын бөлмелерді және т.б. орындарды) пайдалануға, бөлмедегі жабдықтар мен керек-жарақтарды, жиhаздарды, төсек қажеттіліктерін жедел түрде жөндеуді немесе оны ауыстыруды, онымен қоса тұрмыстық жақтан қамтамасыз етудегі кемшіліктерді жоюды талап етуге құқығы бар.
Жатақханада тұратын білім алушылардың әрқайсысы ішкі тәртіп ережелерді сақтауды талап етуге құқылы.
Жатақханада тұратын білім алушылар жатақхананың тұрғын орын, тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Университеттің ішкі тәртіп ережесін, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ білім алушысының ар-намыс кодексін бұзбаған білім алушының келесі оқу жылында жатақханаға орналасуға айрықша құқығы бар (бірінші кезекте мемлекеттік грант иегерлері).
Бірінші курсқа түскен білім алушылар жатақханадан төсек-орын алу үшін бірінші кезекте жайғасуға құқылы (грант иегерлері, мүгедек студенттер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге, көп балалы отбасынан шыққан студенттер және аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге бірінші кезекте беріледі).
Түнгі уақытта жұмыс істейтін білім алушылар (ата-анасынан рұқсат бергенін растайтын қолхат, жұмыс орнынан анықтама тіркеген жағдайда) Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, декан және жатақхана меңгерушісінің рұқсатымен жатақханаға жұмыс кестесіне сәйкес түнгі 01:30-да кіруге құқығы бар (тек 2-курстан бастап жұмыс істеуге құқылы).
Білім алушының ата-анасы жатақханаға қысқа мерзімге тек ерекше жағдайларда ғана жіберіледі.
Бөлме тазалығын реттеу үшін, әр бөлме тұрғындары кезекшілік кестесін жасауға міндетті, күнделікті тазалық бөлмедегі кезекшіден талап етіледі.
Сағат 23.00-ден кейін жатақханада тыныштықты бұзуға жол берілмейді. Себепсіз жүріске, ас бөлмедегі электр пештерін қолдануға тыйым салынады.
Түнгі 01.30-дан кейін бөлме тұрғындары жарықты сөндіріп, сабаққа дайындалу қажет болғанда, арнайы сабаққа дайындалу бөлмелеріне түсуге міндетті (аралық бақылау, сессия кезінде еркін кесте қарастырылады).
Егер білім алушы бойынан басқа білімалушының денсаулығына қауіп төндіретін жұқпалы ауру анықталса (туберкулез, ЖРВИ, қызылша, COVID-19 және т.б), арнайы ауруханада емделуі қажет. Жатақханада емделуге рұқсат берілмейді.
Жекелеген жағдайда жатақханадағы Ішкі тәртіп ережелерін бұзушыларға жазаны Тәрбие жұмысы жөніндегі кеңес қабылдайды.
Білім алушы жатақхана мен тұрғын бөлмеде орналасқан мүліктердің сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді орындауы керек.
Жатақханада тұратын әр студентке университет бойынша ғимараттарда және университет аумағында тіркелген тәртіп бұзу фактілері жатақхана ережесіне байланысты қосымша ескертулер болып саналады.
Жатақхана тұрғындарына қатаң тыйым салынады:
жатақханаға мас күйінде келуге, спирттік ішімдік ішуге және сақтауға;
жатақханада, оқу ғимараттарында және университет аумағында темекі шегуге, насыбай қолдануға;
нормативке сай емес лексиканы (дөрекі сөздерді) қолдануына;
бөлмелерде және қоғамдық орындарда санитарлық тазалық ережелерін бұзуға;
тұрғын бөлме қабырғасында және ортақ пайдалану орындарында, егер ол университет мүлкіне залал келтіретін болса, сабақ кестесін, көшірме суреттерді, хабарландырулар және т.б. ілуге;
рұқсатсыз электр сымын қайта өңдеуге немесе жөндеуге, бөлме қабырғасына рұқсатсыз шеге қағуға (кейде электр тоғы өтетін сымдарға әсер етуі қаупі болғандықтан);
сағат 23:00-ден кейін білім алушылрдың басқа бөлмелерде болуына;
өз бетінше бір бөлмеден екінші бөлмеге көшуге және жабдықтарды ауыстыруға, тұрғын жайда электр жылытқыш және басқа да өрт тудырушы құралдарды пайдалануға;
жатақханаға бөтен тұлғаны кіргізуге;
өту қағазын бөгде тұлғаға беруге;
барлық техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті, соның ішінде ғимараттың жоғарғы қабаттарында шығыңқы сүйеніштері бар алаңдарға (балкондарға) шығуға тыйым салынады.
Жауапкершілік:
жатақханада тұрып жатқандар өздеріне бекітілген мүліктер мен керек-жарақтарды сақтауға жауап береді және келтірілген шығынның нарықтық баға бойынша орнын толтыруға немесе ауыстыруға міндетті.
қабаттағы кезекші кестеге сәйкес тазалықты реттеуге және материалдық құндылықтарды сақтауға, түрлі тәртіп бұзушылықты болдырмауға жауапты.
жатақханадағы рұқсат арқылы кіру жүйесінің бұзылмауына үй-жай кезекшісі (вахтер) және жатақхана меңгерушісі жауапты.
студенттік жатақханалардағы ішкі тәртіп ережелерін орындау бойынша бақылау жүргізуді тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің директоры жүзеге асырады.