Жатақханадан орын бөлуді Басқарма төрағасының бұйрығымен құрылған арнайы комиссия шешеді.
Жатақханадан орын бөлетін тұрғын-орынкомиссияның санын және дербес құрамын (одан әрі – тұрғын-орын комиссия), сонымен қатар оның өкілеттілік мерзімін Басқарма төрғасы анықтайды.
Тұрғын-орын комиссия құрамына төмендегілер кіреді: төраға – Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары, мүшелері – студерттердің кәсіподақ өкілдері, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының өкілдері, деканат өкілдері (декандар немесе декандардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары), тәрбие жұмысы бойынша департамент директоры, меңгерушілері.
7.4 Тұрғын-орынкомиссия жұмысының негізгі міндеттері:
- тұрғын-орын комиссия отырыстарының кестесін анықтау;
- өтініштерді обьективті қарастыру, сонымен қатар, олардың қорытындысы бойынша білім алушылардың құқықтары мен қызығушылықтарына нұқсан келтірмейтіндей шешім шығару.
8 Жатақхана және пәтер түріндегі студенттік жатақханадан орын алу үшін қажетті құжаттар тізімі
8.1 Студенттер:
- Осы ереженің В қосымшасына сәйкес форма бойынша жатақханадан орын алу туралы өтініш;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- балалар үйінен анықтама қағазы немесе ата-аналарының екеуінің де қаза болғандығы туралы куәліктің көшірмесі;
- мүгедектігін растайтын анықтама қағазы;
- оралман мәртебесі туралы куәліктің көшірмесі;
- отбасында жасы 18-ге толмаған 4 немесе одан да көп балалардың барлығы туралы анықтама қағазы (көп балалы отбасынан шыққан білім алушылар үшін);
- егер студент жағдайы төмен отбасынан болса, онда ата-аналарының біреуінің немесе екеуінің де жұмыссыздығы туралы анықтама қағазын, ата-аналарының біреуінің немесе екеуінің де мүгедектігі туралы анықтама қағазын, әкесінің Ауған соғысының ардагері екендігін растайтын құжат әкелуі қажет;
- егер студент толық емес отбасынан шықса, онда некенің бұзылғандығы туралы анықтама қағазын әкелуі қажет.
8.2 Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алушылар:
- осы ережедегі В қосымшасына сәйкес форма бойынша жатақханадан орын алу үшін өтініш;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- мүгедектігін растайтын анықтама қағазы;
- отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтама қағазын және әлеуметтік жағдайы туралы анықтама қағазын;
- оралман мәртебесі туралы куәліктің көшірмесі;
- отбасының әр мүшесіне Астана қаласы бойынша тұрғын үйінің жоқтығы туралы ХҚКО-дан анықтама қағазын;
- қаржыландырылатын ғылыми жобаларға қатысуы туралы құжат (бар болған жағдайда);
- соңғы үш жылда халықаралық конференцияларға қатысқандығы туралы, ЖАК бекітілген ғылыми журналдарда жарияланған мақалалары туралы (ғылыми хатшы қол қойған анықтама қағазы) құжат.
- ағылшын тілін білу деңгейін растайтын сертификат.
- республикалық және халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға қатысқандығы туралы дипломдардың көшірмелері.