Практикалық бөлімі Ықтималдықтар теориясына есептер шығару Кездейсоқ оқиғалар Бірінші мысал



бет59/91
Дата11.05.2022
өлшемі6,63 Mb.
#34039
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91
Байланысты:
59 hamitov m.h. ikhtimaldikhtar teoriyasi jane matematikalikh statistika elementteri

Автор туралы


Мейрам Хамитович Хамитов,

1 мамырда 1938 жылы Павлодар облысы Лебяжье ауданы №23 совхозда дүниеге келген. 1956 жылы Қызыл Әскер орта мектебін, 1961 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы университетінің физка-математика факультетін бітіріп, сол 1961 жылдан институтта матетатикадан сабақ береді. 1973 жылы физика - математика ғылымдарының кандидаты атағын алған.






Қарағанды политехникалық институтында (16), Екібастұз инженерлік – техникалық институтында (10), Павлодар индустриалды (қазіргі университетте) институтында (18) істеген. Кафедра менгерушісі, декан, проректор қызметтерін атқарған. Соңғы жылдары университеттің «Алгебра және математикалық талдау» кафедрасының профессоры. 1998 жылдан Әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент –мүшесі. 70 ғылыми мақала жариялаған, оның біреуі монография, екеуі оқу құралы.


Автордан

Қасиетті оқу орынымыздың мерей тойына орай оқу құралын жазып бітіргеніме қуаныштымын. Оқулыққа жақсы лебіз білдірген профессорлар Ғ.М.Мұқановқа, С.Қ.Тлеукеновке, А.М.Мүбараковқа, менімен бірге қызметтес кафедра мүшелеріне, еңбегімді бағалап, баспаға ұсынған университеттің, институтымыздың ғылыми советінің мүшелеріне және Н.Жаналитдиновке шексіз алғысымды білдіремін.

Оқушы қауым! «Дайын іске сыншы көп» деген-дейін байқалған, кездескен қателер болса, кешірім өтінемін. Мына мекен - жайға хабарлауыңызды сұраймын:

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64 үй

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Алгебра және математикалық талдау кафедрасы, 429 бөлме

Бұл еңбегімді, әкем, Әмренов Хамит, марқұмның рухына арнаймын.

Автор
Алғы сөз


Ғылым мен техниканың қарыштап өсуіне сай ықтималдықтар теориясының әдістері өмірдің сан алуан салаларында кеңінен қолданылып физика, химия, биология құбылыстарының, техника мен экономика процестерінің заңдылықтарын жан-жақты және терең түсінуге орасан зор ықпалын тигізуде.

Осыған орай ықтималдықтар теориясы болашақ мамандарға негізгі математикалық білім беретін пән есебінде оқытылуы таң қаларлық оқиға емес.

Қазақ тілінде жазылған оқулықтардың тапшылығын ескерсек, М.Хамитовтың, ұсынып отырған оқулығы «Жоғары математика» (ықтималдықтар және математикалық статистика элементтері) өте қажет оқу құралы. Кітап екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімі теориядан мағлұмат береді.

Екінші бөлімі әр тақырыпқа мысалдар шығарып, соңында студенттерге өзіндік есептер береді. Кітап соңында түрлі есептер шығаруға қажетті математикалық кестелер берілген. Орыс тіліндегі кітаптарды еркін оқуға лайықтап орысша-қазақша ықтималдықтар теориясының сөздігі жазылған. Қазақ және орыс тіліндегі әдебиеттер тізімі бар. Соңғы жылдары қазақ тілінде оқығысы келетін студенттердің санының қаулап өсіп келе жатқанын және кітаптың несиелік технологияға сәйкес жазылғанын ескерсек оқулықтың құндылығы ерекше.
Физика-математика

ғылымдарының докторы,

профессор Тілеукенов С.К

1 Тәжiрибе және оқиға


Өмірде және ғылымда белгілі бір мақсат үшін жүргізілетін бақылаулар, сынақтар, операциялар, эксперименттер тағы да сол сияқтылар кездеседі. Біз бұл атауларды бір мағынада, синоним есебінде түсінемізде оны тәжірибе деген термин есебінде қабылдаймыз.

Сонымен тәжирибе- абстракцияланған ұғым, оның арнайы қасиеттері ескерілмейді. Бұл жердегі айтылып отырған абстракциялау мынау: белгілі бір шарттар тобын бұлжытпай отырып тәжiрибені қайталауға болады. Тәжiрибенің мысалдарын келтірейік:

1) тенге лақтыру;


  1. оның кубигін (ойын сүйегін) лақтыру. Ойын сүйегі дегеніміз әр жағына 1,2,3,4,5,6 сандары жазылған кәдімгі куб;

  2. шахмат ойыны;

  3. қарта ойыны;

  4. нысынаға оқ ату;

  5. жәшіктен түрлі-түсті шарлар алу тағы сол сияқтылар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет