Практикалық сабақ No 6


Крахмалдың декстринизациясы



бет4/10
Дата18.10.2023
өлшемі67,53 Kb.
#119093
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Крахмалдың декстринизациясы:



Крахмал

(йодпен көк түске боялады)






Амилодекстриндер

(йод әсерінен сия-көк түстен сия түске дейін боялады)






Эритродекстриндер

(йод әсерінен қызыл-қоңыр түстен қызыл-сары түске дейін боялады)






Флаводекстриндер

(йодпен сары-қызғылт түс береді)






Ахродекстриндер

йодпен түс бермейді






Мальтодекстриндер

йодпен түс бермейді






Мальтоза

йодпен түс бермейді

27-жұмыс. Ферменттердің субстраттық арнайылығын зерттеу.


Принципі: әдіс әр түрлі субстраттардың амилаза және сахараза әсерінен гидролизін салыстыруға негізделген.
Анықтау әдісі: жұмыс істер алдында амилаза ферменті бар сілекейді 5 есе сұйылту және сахараза ерітіндісін дайындау қажет.
Сахараза көп мөлшерде ашытқыда кездеседі. Ол онда жасуша элементтерімен байланыста болғандықтан, оны жасушаны бұзғаннан кейін ғана бөліп алуға болады. Сондықтан сахаразасы бар экстракт дайындау үшін шамамен 10 г құрғақ ашытқы аз ғана әйнек құммен фарфор келіде ұнтақтап, бірте-бірте 50 мл дистилденген су құйылады. Алынған сығындыны қатталған фильтр арқылы өткізіп, алынған сұйықтықты сахараза ерітіндісі ретінде қолданады.
Амилаза және сахараза ферменттерінің субстраттық арнайылығын дәлелдеу үшін төмендегі кестеде көрсетілген мөлшерде реактивтерді төрт пробиркаға құйып араластырып, 5 минутқа 400С температураға термостатқа қояды. Пробиркаларды термостаттан алғаннан кейін суытады. Одан кейін №1 және №2 пробиркаларға Люголь реактивін (крахмалға реакция) тамызады, ал №3 және №4 пробиркаларға глюкозаны ашу үшін Фелинг реакциясын жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет