Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап.  Бала  асырап  алушы  мен  асырап  алынушы



Pdf көрінісі
бет91/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   187
81-бап.  Бала  асырап  алушы  мен  асырап  алынушы 
баланың арасындағы жас айырмасы 
1.  Некеде  тұрмайтын  асырап  алушы  мен  асырап  алынушы 
баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуы тиіс. Сот 
дəлелді  деп  таныған  себептер  бойынша  жас  айырмасы 
қысқартылуы мүмкін. 
2. Өгей əкесі (өгей шешесі) бала асырап алғанда, осы баптың 
1-тармағында белгіленген жас айырмасы талап етілмейді.  
 
82-бап.  Бала  асырап  алуға  ата-аналардың,  қорғаншылар 
мен қамқоршылардың келісімі 
1.  Баланы  асырап  алу  үшін  оның  ата-аналарының  келісімі 
қажет.  Жасы  он  алтыға  жетпеген,  кəмелетке  толмаған  ата-
аналардың  баласын  асырап  алғанда,  сондай-ақ  олардың  ата-
аналарының  немесе  қорғаншыларының  (қамқоршыларының), 
патронат  тəрбиешілерінің  келісімі,  ал  ата-аналары  немесе 
қорғаншылары  (қамқоршылары)  болмаған  жағдайда - қорғаншы 
жəне қамқоршы органның келісімі қажет.  
2.  Бала  асырап  алуға  ата-аналардың  келісімі  нотариат 
куəландырған  немесе  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 
бала  тұратын  мекеменің  басшысы  растаған  не  бала  асырап  алу 
жүргізілген  орындағы  немесе  ата-ананың  тұрғылықты  жеріндегі 
қорғаншы жəне қамқоршы орган бекіткен арызда көрсетілуге тиіс, 
сондай-ақ  бала  асырап  алу  ісін  жүргізу  кезінде  сотта  тікелей 
білдірілуі мүмкін.  
Бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылғанға дейін ата-
аналар  бала  асырап  алуға  өздері  берген  келісімінің  күшін  жоюға 
құқылы. 
3. Ата-аналар нақты адамдарға не нақты адамды көрсетпей-ақ 
баланы  асырап  алуына  келісім  беруі  мүмкін.  Қорғаншы  жəне 
қамқоршы  органдар  сотқа  баланы  асырап  алудың  бала 
мүдделеріне  сай  келетіні  туралы  қорытынды  береді.  Мұндай 


қорытынды  баланы  оның  өгей  əкесі  (өгей  шешесі)  асырап  алған 
кезде талап етілмейді. 
4. Қорғаншылықта (қамқоршылықта) тұрған балаларды асырап 
алу  үшін  олардың  қорғаншыларының  (қамқоршыларының) 
жазбаша түрдегі келісімі қажет. 
5.  Патронат  туралы  шарт  бойынша  тəрбиеленіп  жатқан 
балаларды  асырап  алу  үшін  патронат  тəрбиешілерінің  жазбаша 
түрдегі келісімі қажет. 
6.  Ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  жəне  тəрбие, 
емдеу  мекемелері  мен  басқа  да  мекемелердегі  балаларды 
асырап алу үшін осы мекемелер басшыларының жазбаша түрдегі 
келісімі қажет. 
7.  Сот  баланың  мүдделерін  көздей  отырып,  оны  асырап  алу 
туралы  осы  баптың 1, 4-6-тармақтарында  аталған  адамдардың 
келісімінсіз шешім шығаруға құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет