Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


Қатқыл дискілермен жүмыс істеуге арналған бағдарламалар



бет27/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   99

Қатқыл дискілермен жүмыс істеуге арналған бағдарламалар


Қатқыл дискілерге мониторинг жасау жəне тестілеуге арналған бағдарламалар: CHDDSPEED, Drive!, Disk Speed, MHDD, Quick Bench, Disk Bench, SMARTUDM, WDCLEAR, Digital Data Lifeguard For Windows, Drive Health, PassMark DiskCheckup, Drive Temperature, HDD Health, HDD Temperature, Hard Drive Inspector, Hard Disk Sentinel, HDDlife Pro, HDD Observer, FolderSizes, Ashampoo HDD Control, Disk Alignment Test.
SSD life – қарапайым жəне қолайлы нысанда SSD-жинақтаулардың тозу жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. HD Speed – бұл қатқыл дискінің жұмыс істеу жылдамдығын өлшеу үшін қолданылатын утилита. SSDREADY – SSD-дискілердің өмір уақытын есептеуге арналған бағдарлама.
Қатқыл дискінің бөлімдерімен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар: ■ Paragon Partition Manager – бұл дискілермен, бөлімдермен жəнет.б.
жұмыс істеуге арналған көп функционалды бағдарлама;
■ Partition Wizard Home Edition – бөлімдерді жасауға жоюға, форматтауға жəне көшірмесін жасауға арналған бағдарлама;
■ Macrium Reflect FREE Edition – қатқыл дискінің образдарымен жұмыс істеуге жəнедеректерді резервтеуге арналған шапшаң бағдарлама;
■ HDD Low Level Format Tool – қатқыл дискіні, сондай-ақ USB интерфейстері (мысалы, флеш-карта) жəне flash-жады негізінде жинақтауыштарымен Firewire арқылы қосылған құрылғыларды төмен деңгейлі форматтауға арналған утилита;
■ Hetman Partition Recovery – утилитажойылғанфайлдарды, папкалардыжəнеқатқылдискініңқұрылымынқайтажалпынакелтіругемү мкіндікбереді;
■ Acronis Disk Director – бөлімдерді басқаруға жəне қатқыл дискілерге қызмет көрсетуге арналған кешендік бағдарламалық пакет, ол бөлімдер менеджерлерінен, жүктеуден жəне қатқыл дискідегі жазбаларды тұзетуге арналған құралдардан тұрады.

Қатқыл дискіні орнату


Əр компьютердің өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан барлық қаралған операциялар басқа компьютерлерге қатқыл дискілерді қосқан кезде орындалатындардан ерекшеленуі мүмкін. Қатқыл дискіні ауыстырған кезде, ауыстыруға жататын дискідегі деректердің
толық резервтік көшірмесін жасау қажет. Дистрибутивті, құжаттарды жəне көптеген басқаларды көшіреді, ал орнатылған бағдарламалар мен операциялық жүйені көшірудің қажеті жоқ, себебі олар жаңа дискіде жұмыс істемейді.
Орнатылатын жинақтауышта бөлмелік тепмература болуы тиіс, əйтпесе белгілі уақытты күту керек. Крест тəрізді бұрағышты жəне кабельдерге арналған бекіткішті дайындайды. Əрі қарай компьютерді өшіріп, желіден ажырату. Қораптың бүйір қақпағын шешіп, статикалық электр зарядын шешу үшін қоректендіру блогына жанасу керек. Жүйелі блокта жаңа жинақтауышты дəл солай орнату үшін, ескі қатқыл дискі қалай жалғанғанына назар аудару қажет. Қатқыл дискі бет панелінің жанына тиісті бөлікке, оның ағытпалары артқы панелге қарап тұрғандай орнатады. Жинақтауыштың артқы бөлігіндегі ағытпадан қоректену жəне деректер (шлейф) кабелдерін ажыратады. Оны өте мұқият, ұқыпты, ағытпаны əлсін теңселтіп жасау қажет.
Бұдан əрі қатқыл дискіні бекітетін бұрандаларды жинақтауыш құлап қалмағандай, винчестерді астынан ұстап тұрып, крест тəрізді бұрауышпен бұрап алу қажет. Қатқыл диск бекіткіштерден босағаннан кейін, оны дискінің контроллерінің баспа тақшасына жанаспай, екі жақ бүйірінен ұстап, бөліктен ұқыпты суырып алу қажет. Жаңа жинақтауышты алып, ескі жинақтауыш тұрғандай орнатуға. Жинақтауыш тығыз орналасуы тиіс, алайда күш салусыз жəне қисаюсыз жəне артқы жағында шлейф еркін орналасу үшін бос орын қалуы тиіс. Сонымен бірге ол басқа жабдықпен жанаспауы тиіс. Содан кейін компьютердің қоректену блогының кабелін жəне аналық тақшаның SATA, əдетте ол қызыл түсті кабелін (шлейф) жалғау қажет (3.1 сур.).
Содан кейін крест тəрізді бұрағыштың көмегімен тиісті бұрандалармен бекітеді, бұрандаларды диагональ бойынша бастап бұрайды. Жалғанатын кабельдер басқа құралдармен басылмаған жəне қысылып қалмағанын жəне барлық қалған кабельдер өз орындарында тұрғандығын тексеру,

3.1 .сур. Қызмет

Егер олай болмаған жағдайда, онда кабельдің бекітпесін қолдану қажет. Осыдан кейін компьютердің қақпағын орнына орнатып жəне компьютерді қосады. Жүктеу кезінде көрсетілген пернелердің көмегімен BIOS-қа кіреміз. BIOS-та (Main мəзірі) немесе UEFI сіз

3.3 .сур.Жалғастырғыш тетік (адаптер), 3.4.сур.Переходниксна USB-ге IDE –і бар жалғастырғыш, мысалы IDE-дан SATA-ға
Базалық жүйе SATA интерфейсінің қосылған қатқыл дискін анықтағанына көз жеткізуіңіз қажет. Жаңа қатқыл дискілерде де маңдайшаларға арналған орын бар, оларды қосқан кезде қатқыл дискінің деректерді тарату жылдамдығын бақылауға болады. Маңдайшаны егер аналық тақша жинауыш жұмысының жоғары жылдамдығын қолдамаған жағдайда ғана қолдануға болады (3.2 сур.).
Қатқыл дискінің интерфейсін жүйелік тақша қолдамайтын жағдайларда болады. Бұл үшін жалғастырғыш тетіктер (адаптерлер) бар, мысалы SATA-дан IDE-гежəнекерісінше (3.3 сур.).
Жалғастырғыштар мен адаптерлардың көптүрі бар, əркім өзіне қажетін таба алады (3.4 сур.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет