Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987


дәріс. Жасерекшеліктің тұлғалық дамуындағы психологиялық мәселелер



бет7/28
Дата08.04.2023
өлшемі112,64 Kb.
#80581
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Практикум по возрастной и педагогической психологии под ред. А

3 дәріс. Жасерекшеліктің тұлғалық дамуындағы психологиялық мәселелер


Дәрістің мақсаты: Студенттер Тұлға құрылымының дамуы, қорғаныс механизмдерінің дамуын түсініп, психикалық жыныстық даму кезеңдерін талдайды
Жоспары:
1. Тұлға құрылымының дамуы
2. Қорғаныс механизмдерінің дамуы
3. Психикалық жыныстық даму кезеңдері
Әдебиеттер тізімі:
1. Ауталипова Ұ.И., Шерьязданова Х.Т, Абдраманова Д.Е. Жас ерекшеліктер психологиясы: Оқу құралы. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2010. – 189 б.
2. Фрейд 3. Введение в психоанализ. Лекции - М., 1989
3. Пряжников Я. С. Личностное самоопределение в преклонном возрасте // Мир психологии. - 1999. – № 2. С. 111-123]):
4. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучение / С. М. Джакупов. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 312 с.

Тұлға «Ол» (Ид), «Мен» (Эго), «Жоғары Мен» (Супер Эго) құрылымдарынан құралады. Тұлға құрылымдарының əрқайсысының өзіне тəн табиғаты, шығу тегі жəне мазмұны бар. Ид немесе Ол – тума əрі тұқымқуалаушылықпен бекітілген. Бейсаналылық бөлімін анықтайды. Тума əуестіктерді, сондайақ ығыстырылғандарды жəне иеленгендерді қамтиды. Либидо қуатына қанық. Идтен туындайтын Эго жəне Супер Эгомен қақтығыста болады. Эго немесе Мен – дамудың оральды кезеңінде икемделуші құрылғы ретінде Идтен туындап, дифференциалданады. Басты мақсаты Ид пен Супер Эгоның арасында делдал болу, Идтің талаптарына қарай, Супер Эгоның бұйрықтарын ескере келе, ақиқаттың талаптарына сай барлығын қанағаттандыру. Супер Эго немесе Жоғары Мен – Эдип кешенін жеңудің нəтижесінде жəне ата-аналарының талаптары мен тиымдарының интериоризациялануының негізінде валликалық кезеңде туындайды. Идеалдар, əлеуметтік нормалар, стандарттар, құндылықтар, ережелер жүйесін қамтиды. Менге қатысты сот жəне цензор ретінде анықталады. Адамгершілік тұрғысынан жəне өзін-өзі бақылаудың негізінде адамның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеп отырады. З. Фрейд өз теориясында Ид пен Супер Эгон құрылымдарына баса назар аударады. Кейінірек психодинамикалық тұғырда «эгопсихология» бағыты пайда болады. Аталмыш бағыттың өкілдері Эго құрылымының шығу тегіне, қызметтеріне жəне даму тарихына басты назар аударады. б) Қорғаныс механизмдерінің дамуы Қорғаныс механизмдері психодинамикалық күштер тепетеңдігінің бұзылуын жəне индивидтің біртұтастылығына төнген қауіпті азайтуға немесе жоюға бағытталған əрекеттердің жиынтығын білдіреді. Олар мінез-құлықта көрініс беру ерекшеліктері, тұлғада пайда болған бұзылыстың типі, генетикалық кезеңі, қақтығыстарды өңдеу конструктивтілігі бойынша ажыратылады. Қорғаныс механизмдері мəселесін З. Фрейд құрастырады. Ең маңызды қорғаныс механизмдері төмендегідей:


● ығыстыру – бейсаналылыққа ығыстыру, санадан тыс сақтау жəне аластату;
● регрессия – мінез-құлық пен ойдың алдыңғы формаларына, объектілі қатынастарға, дамудың едəуір ерте кезеңдеріне қайта оралу;
● кету – физикалық қашу немесе ойша іштей кету;
● реактивті құрылыс – Супер Эгомен сыналатын тілектермен жəне ойлармен байланысты мазасыздықты бейсаналы жасыру, қалаулы мінез-құлықтың тікелей қарама-қарсы үлгісін таныту;
● проекция – адамның өзі үшін сынға ұшыраған жəне кешірілмейтін тілектер мен ойлардың өзгеге таңылуы;
● идентификация – едəуір құдіретті жəне билікке ие адамдардың бағдары мен көзқарастарын, құндылықтарын бір жүйеге келтіріп, өзіне таңуы; балалар өздерін ата-аналарымен салыстырады;
● изоляция – ойлардың немесе əрекеттердің уақытша ретін (мəселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін тəсілдердің жиынтығы;
● орын басу (алмастыру) – мазасыздықтың немесе жағымсыз аффектінің шынайы бастауын құдіреті жəне қауіп-қатері неғұрлым төменірек фигурамен алмастыру;
● рационализация – жалған дəлелдің көмегімен ақиқаттың бұрмалануы;
● сублимация – инстинктивті тума əуестіктердің əлеуметтік қалаулы жəне қолайлы мақсаттарға ауыстырылуы. Қорғаныс механизмдерінің генетикалық тұрғыда ерте түрлері – ығыстыру, регрессия, кету болса, неғұрлым кеш түрлері – рационализация, сублимация болып табылады.
Психикалық жыныстық даму кезеңдері
Кезеңдерге бөлудің өлшемдері ретінде жыныстық мақсаттар (эрогенді аймақ), даму үдерістерінің сипаттамасы, қақтығыстың бастауы алынған. З. Фрейдтің тұжырымдамасында дамудың эвристикалық, нақты белгіленген механизмдері өте көп. Тұлғаның жаңа құрылымдарының қалыптасуы жəне жаңа кезеңге өтуі баланың əуестігі жəне оны қанағаттандыра алмаудың, тұқым қуалаушылық

пен ортаның арасындағы қақтығыспен байланысты. Егер тұлғаның мүмкіндіктері əрдайым тілектеріне сəйкес келетін болса, даму орын алмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет