Базальді қабат (→)- негізгі жасушалары - базальді кератиноциттер (бағаналы
жасушалар), сонымен қатар меланоциттер (пигментті жасушалар),
Лангерганс жасушалары, Меркель жасушалары, лимфоциттерден тұрады.
Тікенекті қабат ( →)- тікенекті кератиноциттерден, 10 және одан көп
қабаттан тұрады. Жасушалар бір-бірімен десмосомалар арқылы байланысқан.
Дәнді қабат (төменгі →) Дәнді қабат жасушалары 1-2 қатар түзіп, терінің
беткейіне параллельді орналасады. Цитоплазмасында кератогиалин
гранулдары пайда болады. Кератогиалин- кератин синтезі кезіндегі аралық
зат.
Жылтырақ қабат (жоғарғы →) жарық микроскоппен қарағанда құрамында
жасушалары жоқ біркелкі қызғылт жолақ түрінде көрінеді. Жасушаларында
мембраналарды нығайтып, оны кератинизация кезінде активтенетін
лизосомалық ферменттердің бұзылуынан сақтайтын кератолинин және
тонофиламенттерді біріктеретін филагрин ақуызы бар.
Мүйізделген қабат. Мүйізді қабыршақтардан түзілетін-өлі кератиноциттер,
олар интердигитация арқылы байланысады. Мүйізделген қабаттың
қалыңдығы эпидермистің қарқындылығымен байланысты. Сонымен қатар
мүйізді қабат көптеген заттар үшін жақсы тосқауыл болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: