Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама


 Аты: Көздің қасаң қабығының көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін  эпителийі 2 Бояуы



Pdf көрінісі
бет8/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103
1 Аты: Көздің қасаң қабығының көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін 
эпителийі
2 Бояуы: Гематоксилин-эоззин бояуы. Х400 
Жасушалық құрылымдарды ашық көк түспен бояатын гематоксилиннің 
негізгі бояғыштарын және жасушаның эозинофильді құрылымдарын қызыл-
қызғылт түспен бояатын эозин болып табылады. Гематоксилин негізгі бояу 
болып саналады ол ядроны күлгін түске бояйды. Ал қышқыл эозин 
цитоплазманы алқызыл- қызғылт туске бояйды. 
4 Құрылысы: 1- беткейлік қабат жасушалары; 2-ортаңғы қабаттың 
жасушалары; 
3- базальді қабат жасушалары; 
4-базальді мембрана; 
5-қасаң қабықтың меншікті заты (дәнекер тіні) 
Базальды қабат жасушаларының пішіні призма тәрізді болып, базальды 
мембранаға бекиді.Бұлардығ арасында митозбен бөлінетін бағаналы 
жасушалар болады. *Аралық қабат жасушалары пішіні тікенек тәрізді,көп 
бұрышты.тҚұрамында тонофибриллалары болады,десмосомалармен 
байланысады. 


Жоғарғы қабаты жалпақ жасушалардан тұрады,бұлар тіршілік циклін 
аяқтайтын және үнемі жаңаланып отыратын қабат 
5. Қызметі: Қорғаныс қызметін атқарады. 
6. Орналасуы:ауыз қуысы кейбір мүшелерінің, жұтқыншақтың, өңештің, тік 
ішектің, қынаптың кілегейлі қабығын астарлап орналасқан,бадамша бездерде 
кездеседі, көздің қасаң қабығын сыртынан қаптайды 
1 Аты: Саусақ терісінің көпқабатты жалпақ мүйізделген эпителийі.
2 Бояуы: гематоксилин-эозин. х280 
Жасушалық құрылымдарды ашық көк түспен бояатын гематоксилиннің 
негізгі бояғыштарын және жасушаның эозинофильді құрылымдарын қызыл-
қызғылт түспен бояатын эозин болып табылады. Гематоксилин негізгі бояу 
болып саналады ол ядроны күлгін түске бояйды. Ал қышқыл эозин 
цитоплазманы алқызыл- қызғылт туске бояйды. 
4 Құрылысы: 1-мүйізді қабат; 2-жылтыр қабат; 
3-дәнді қабат; 
4-тікенекті қабат; 5-базальді қабат; 
6-базальді мембрана; 
7-тер бездерінің шығару өзегі; 8-талшықты дәнекер тіні 


Базальді қабат (→)- негізгі жасушалары - базальді кератиноциттер (бағаналы 
жасушалар), сонымен қатар меланоциттер (пигментті жасушалар), 
Лангерганс жасушалары, Меркель жасушалары, лимфоциттерден тұрады. 
Тікенекті қабат ( →)- тікенекті кератиноциттерден, 10 және одан көп 
қабаттан тұрады. Жасушалар бір-бірімен десмосомалар арқылы байланысқан. 
Дәнді қабат (төменгі →) Дәнді қабат жасушалары 1-2 қатар түзіп, терінің 
беткейіне параллельді орналасады. Цитоплазмасында кератогиалин 
гранулдары пайда болады. Кератогиалин- кератин синтезі кезіндегі аралық 
зат. 
Жылтырақ қабат (жоғарғы →) жарық микроскоппен қарағанда құрамында 
жасушалары жоқ біркелкі қызғылт жолақ түрінде көрінеді. Жасушаларында 
мембраналарды нығайтып, оны кератинизация кезінде активтенетін 
лизосомалық ферменттердің бұзылуынан сақтайтын кератолинин және 
тонофиламенттерді біріктеретін филагрин ақуызы бар. 
Мүйізделген қабат. Мүйізді қабыршақтардан түзілетін-өлі кератиноциттер, 
олар интердигитация арқылы байланысады. Мүйізделген қабаттың 
қалыңдығы эпидермистің қарқындылығымен байланысты. Сонымен қатар 
мүйізді қабат көптеген заттар үшін жақсы тосқауыл болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет