Препарат түрлері. Микробиологиялық препараттар дайындау



бет3/8
Дата18.04.2022
өлшемі3,15 Mb.
#31313
1   2   3   4   5   6   7   8

Тұзақты ұстап тұрып, алдымен көлденең, содан кейін тік күйде спирттік шам жалынына қыздырып, қызыл болғанға дейін ұстаймыз. Егу кезінде пробирканы сол қолыңызға алыңыз, ал оң қолыңызбен тығынды, төртінші және бесінші саусақтарыңызбен мықтап ұстап, оны ашыңыз. Салқындатылған тұзақпен зерттелінетін дақылды аламыз. Содан кейін тұзақты шығарып, содан пробирканың шетін спиртовка жалынының үстінен өткізгеннен кейін пробирканы тығынмен жабамыз. Бұл жағдайда пробирканың өзін қыздырмаймыз.

Тұзақтағы дақылды заттық шыны бетіндегі су тамшысына араластырғаннан кейін оны қайтадан спирт шам жалынына қыздырып, күйдіреміз.


«Жаншылған тамшы» препараты

«Ілінген тамшы» препаратын дайындау

Бұл препарат микроорганизмдердің көбеюін бақылауда, споралардың түзілуін және дамуын зерттеуде, сонымен қатар қозғалғыштықты бақылауда қолданылады. Бұл препаратты дайындау үшін арнайы ойығы бар шыны қолданылады. Жабынды шынының бетіне вазелин жағады, ал ортасына бактериалды дақылдың тамшысын енгізеді. Одан кейін тамшы ойықтың ортасында тұратындай етіп заттық шыны үстіне жабынды шыныны жабады. Тамшы ойықтың үстінде, ойықтың түбіне де, шетіне де тимей ілініп тұруы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет