Презентация Орындаған: Түгелбай Ә. Тобы: 207 б жм қабылдаған: Тоймбетова К. А



бет5/7
Дата18.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#118305
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Қ ұ р ы л ы с ы
Бұл тіннің гистологиялық элементі миосимпласт пен миосателлито- циттерден тұратын көлденең жолақты бұлшық ет талшығы. Бұлшық ет талшығының пішіні ұштары сүйір аяқталатын, созылыңқы көлденең сызылған цилиндрге ұқсайды.Олардың ұзындықтары мен диаметрі әр түрлі болуы мүмкін. Бойлық және көлденең кесінділерді бұлшық ет талшықтың негізгі бөлігін көп ядрорлы симпласт құрылымы құрайды. Миосимпласттың саркоплазма деп аталатын цитоплазмасының жалпы көлемінің шет жағында тура оны қаптайтын сарколемма қабығының астында-көптеген сопақ ядролар орналасады. Саркоплазманың орталық бөлігін арнайы маңызды органеллалар-миофибрилдер толтырылған.
Бұлщық ет саркоплазмасында жалпы және арнайы органеллалары, қосындылары анықталған. Органеллалар мен қосындылары бірлесіп бұлшық ет талшығының маңызды функцияларын орындайтын комплекстер-функциялық аппараттарды құрайды.
Оларға: 1-жиырылғыш
2-тіректік
3-қозуды өткізетін
4-энергетикалық
5-синтездік
6-лизосомалық аппараттар жатады




Қаңқа бұлшық ет талшықтары
І-типі(қызыл)-баяу бұлшық ет талшықтары жиырылу күші әлсіз, жиырылу жылдамдығы төмен, төзімділігі жоғары яғни, ұзақ уақыт бойы қысқарады.Миоглобин жоғары және қанмен жақсы қамтамасыз етілетіндіктен қызыл түсті болып табылады.
ІІ В-типі(ақ)-шапшаң бұлшық ет талшықтары күшті және шапшаң жиырылуымен, төзімділігінің төмендігімен сипатталады. Саркоплазмасында миоглобин аз сондықтан қанмен аз қамтамасыз етілгендіктен ақ түсті. Миофибрилдерін құрайтын миозин АТФ-азалық белсенділігі жоғары, шапшаң түріне жататындықтан ақ бұлшықет талшықтарының жиырылу жылдамдығы жоғары.
ІІ А-типі-аралық бұлшық ет талшықтары-талшықтардың қызыл және ақ типтерінің арасында орналасқан.Екі типтің де қасиеттеріне ие.Аэробтық және анаэробтық процестердің өту белсенділігі шамамен бірдей.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет