Сабақ тақырыбы:
|
Адамдар ғарышты қалай зерттеді?
|
Мектеп:№4
|
Күні :17.01.2018
|
|
Мұғалімнің есімі:Медоуова Я. И
|
СЫНЫП: 1 «В» сынып
Пәні:Жаратылыстану
|
Қатысқандар саны:24
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаты:
|
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;
1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау
1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар: астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
|
|
Оқушылардың басым бөлігі: ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшатын аппараттарды суреттеу;
|
Кейбір оқушылар: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.
|
Ресурстар:
|
күнтізбелердің әртүрлі нұсқалары: қабырғаға ілетін, үстелге қоятын, аудармалы және т.б. ал-ғашқы күнтізбелердің суреттері.
Интернет-ресурстар:
Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны туралы бейнефильм, мысалы, https:// www.youtube.com/watch?v=QNF68MokbFE.
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Оқушылар:
ерте заманнан бері ғаламды зерттеудің негізгі әдісі бақылау болғанын біледі. Олар астрономияның өте ұзақ қашықтықта орналасқан аспан денелерін зерттейтіндігін түсінеді;
ерте заманда аспан денелерін бақылау арқылы қандай маңызды жаңалықтар ашылғанын түсінеді. Бұл үшін олар аспаннан жай көзбен нені көруге болатынын және осы білімдерінің көмегімен қан дай жаңалық ашуға болатынын анықтайды.
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
Адамдар әрдайым жұлдызды аспанның құпия сын ұғуға тырысқан. Олар бақылау барысында жұл-дыздардың өзара орналасу қалпын өзгертпейтінін және шоқжұлдыз құрайтынын байқаған. Шоқжұл дыздардың көмегімен адамдар кеңістікте бағдар лауды үйренген. Бірақ аспан жұлдыздардың су реті салынған шар сияқты Жерді айналып жүреді деп есептеген. Айды бақылағанда, ол туу әрі толу нүктелерін және өзінің пішінін өзгертіп отыра тындығын анықтаған. Ай күнтізбелері мен гномон аспанды игерудің алғашқы жаңалықтары болып табылады. Гномон — Күннің биіктігін көлеңке арқылы анықтайтын,күнсағаттың негізі болып табылатын құрал. Кейіннен Күн күнтізбелері құрастырылған. Оларда күн мен түннің теңелуі және Күннің тоқырау аралығы жыл болып есептелген. Әрине, қайсысы бірінші, қайсысы екінші болғанын нақты ешкім айта алмайды. Бірақ Ай күнтізбесі — Ай фазаларының ауысуын бақылағаннан кейін, Күн күнтізбесі гномон ның ашылуынан кейін пайда болды деген болжамның ықтималдығы жоғары.
|
|