Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі


Бұлттық технологиялардың түрлері



бет5/13
Дата06.01.2022
өлшемі415,71 Kb.
#16168
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бұлттық технологиялардың түрлері.

Бұлттық технологиялар мақсатына қарай төрт түрге бөлінеді:

Жеке бұлттар (private cloud). Жеке бұлтты дербес басқара алатын кәсіпорынның өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар мен тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфрақұрылым. Кәсіпорынның өзі де үшінші тараптың меншігі болуы мүмкін.

Қоғамдық бұлттар (public cloud). Көпшіліктің Интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфрақұрылым. Коммерциялық, ғылыми және үкіметтік
ұйымдардың меншігінде болуы мүмкін. Мысал ретінде әлеуметтік желілердегі Facebook, Twitter; Интернет желісіндегі Google, Яндекс т.с.с. қоғамдық бұлттарды аламыз.

Ортақ бұлттар (community cloud). Ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфрақұрылым. Басқару және қызмет көрсету мәселелері бойынша барлық жауапкершілік осы бұлттың иесіне жүктеледі. Кез келген компания мен жеке тұтынушы қолданушы бола алады.

Аралас бұлттар (hybrid cloud). Екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас үйлесімін атауға болады. Осы модельді географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар немесе көптеген программалық жүйелері
бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.Көрсетілген бұлттық технологиялар мақсаттарына байланысты өмірдің
әртүрлі салаларында қолданылып келеді. Бұлттық технологиялардың қолдану салалары өте ауқымды: онлайн-аудармашылар, жедел төлемдер, видеобайланыс, мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ мәтін, кесте, фотосуретпен жұмыс істеуге
арналған әдеттегі программалар және т.б.

Бұлт түрі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет