Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері



Дата05.12.2022
өлшемі5,5 Mb.
#54832
Байланысты:
Презентация

  • Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері
  • Тіл біліміндегі психологизм бағыты ХІХ ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. Оны қалыптастырушылардың қатарына Берлин университетінің профессоры Гейман Штейнтальды жатқызуға болады. Г.Штейнтальдың көзқарасын А.А.Потебня, неміс ғалымдары В.Вундт, Г.Пауль т.б. қолдады. Г.Штейнтальдың тіл мәселелерін психологияның заң ережелеріне негіздеп шешетін концепциялары «Грамматика, логика, психология және бұлардың принциптері мен өзара қарым-қатынастары» (1855), «Психология мен тіл біліміне кіріспе» (1881), «Тілдің шығуы» (1851) деген еңбектерінде баяндалған.
  • Психологиялық көзқарасты жақтаушылар ХІХ ғасырдың көрнекті психологі Герберт ілімін басшылыққа алады. Лингвистикалық психологизм өкілдері тілдік құбылыстарды жеке адамдардың психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгерістерге тәуелді етеді. Олардың айтуынша, тілдегі заңдылық, ондағы өзгерістер қоғам мүшелеріне, қоғамның дамуына байланысты емес, қоғамнан бөлініп алынған жеке адамға, солардың психикасына, тіліне, ойлау дәрежесіне байланысты, соған тәуелді. Жалпы алғанда, жалық тілі, қоғам тілі деген – жалған сөз. Тіл жеке индивидуумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті – индивидуумның тілін зерттеу. Жеке индивидтердің тілін, психикалық құбылысын зерттеу арқылы тұтас халықтың, ұлттың рухани өмірінің заңдылығын ашуға болады. Психологиялық көзқарастардың бұл түрі тілдің қоғамдық мәнін жоққа шығаратын «индивидуалистік психологизм» деп аталады.
  • Психологиялық бағытты ұстанушылар арасында жеке мәселелерге байланысты көптеген қайшы пікірлер бар. Олардың бір тобы индивидуалистік психологизмді басшылыққа алса, екінші бір тобы әлеуметтік психологизмді басшылыққа алады. Әлеуметтік психологизм өкілдері индивидуалистердің «ақиқат бар нәрсе – тек индивуумдар тілі ғана» дейтін қағидаларына қарсы: тіл әлеуметтік, оны туғызушы да, қолданушы да жалпы халық, қоғам дегенді айтады. Әлеуметтік социологизм бағытын негіздеушілердің бірі И.А.Бодуэн де Куртенэ «Адамзат тілінің мәні тек қана психикалығында. Тілдің өмір сүруі, дамуы таза психикалық заңдармен шарттас» дей келіп: «Тіл тек адам қоғамында ғана бола алатындықтан, біз онда психикалық жақтың барлығымен қатар әлеуметтік сипаттың барлығын да әрқашан естен шығармауымыз керек. Тіл біліміне тек индивидуалдық психология ғана емес, сонымен қатар социология да негіз болады», – деп жазады.
  • Залевскаяның: «Ресейлік психолингвистиканың негізі «сөйлесім әрекетінің теориясы» екені ешкімге дау туғызбайды», – деген пікіріне сүйенсек, сөйлеу әрекеті, осы әрекетті жүзеге асырушы тілдік таңбалар қызметі лингвистика мен психологияның логикалық бірлігін танытатын тілдік құбылыс ретінде психолингвистиканың зерттеу пәні болып табылады. Олай болса, адамзат баласына тән интеллектуалды іс-әрекеттердің ең жоғары функцияларының бірі – сөйлеу әрекеті, сол сөйлеу әрекетінің психологиялық мазмұны, құрылымы, оларды жүзеге асырудың әдіс­тәсілдері мен формаларын қарастыру психолингвистиканың маңызды зерттеу пәндерінің бірінен саналады. Психолингвистиканың келесі зерттеу пәні – индивидуалды сөйлеудегі ойлау әрекетін іске асырушы құрылым мен мазмұн ретінде тілдік жүйе, сөйлеу коммуникациясы процесіндегі тілдік таңбалардың қызметі қарастырылса, осы сөйлеу әрекетін жүзеге асырушы тәсіл ретінде адам баласының сөйлеу қабілеті қарастырылады. Өйткені, сөйлеу ̶ айтылатын сөз, ой-пікірлерді туғызушы және қабылдаушы процесс.
  • Психолингвистиканың зерттелу мәселелері:
  • Кеңес және шетел тіл ғылымында психолингвистиканың көпшілік мақұлдаған белгілі бір нақты тұжырымға негізделген анықтамасы жоқ. Бұған психолингвистиканың кешенді синтетикалық ғылым болуы, әрі әлі де болса қалыптасу үстіндегі ғылыми ілімдердің бірінен саналатындығы дәлел болса керек. Көптеген ресейлік ғалымдар қазіргі таңда жалпы мазмұнға ие А.А.Леонтьевтің анықтамасын ұстанғанды жақсы көреді: «Психолингвистика пәні ̶ сөйлеу әрекетінің қызметі мен құрылымын адам әлемінің бейнесін түзуші тілдік жүйемен өзара қатынаста қарастырады». Психолингвистиканың зерттеу нысаны ̶ белгілі бір тілді қолданушы ұжымдық сана, сөйлеу әрекетінің субьектісі танылатын адамзат баласының тілдік санасы, сөйлеу коммуникациясы, сөйлеуді қалыптастыру процестерін және онтогенездік сипатта тілді меңгеру сияқты мәселелерді кеңінен қарастыруды меже етеді.
  • Психолингвистика ғылымының зерттеу нысаны:
  • - сөйлеу әрекетінің субьектісі танылатын адамзат баласының тілдік санасы, ұжымдық сана; - сөйлеу коммуникациясы, сөйлеудің туындауы және оны жүзеге асыру процесі; - шет тілін оқыту және оны меңгеру процесі.
  • Әдебиеттер
  • 1 Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. – Алматы, 1975. 2 Звегинцев В. Проблемы языка как предмет языкознания. ̶ Москва, 1964. 3 Ф. де Соссюр. Курс общей лингвистики. 1933. 4 Леонтьев А.А. Психолингистика. ̶ Москва, 1996.
  • Назарларыңызға рақмет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет