Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет10/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   104
бағдарламалары 

1970  -  жылдардан  бастап  ұғымдық  аппарат  және  танымдық  үрдістердегі  тілдің 

рӛлі  жайындағы  дисскуссия  орталығында  жеке  мәнді  емес,  класстарды  және 

категорияларды  атайтын  сӛздердің  қызметі  мәселесі  қарастырылды.  Бұған  американдық 

психолог  Элеонора  Роштың  «құстар»,  «жиһаздар»,  «кӛкӛністер»  секілді  жинақталған 

категориялар құрылымы жӛніндегі еңбектері әсер етті. Жинақтау (категоризация) – басты 

(іргелі)  ой  операцияларының  бірі  (фундаментальных  мыслительных  операций). 

Сондықтан  жинақтау  және  категориялану  проблемалары  Аристотель  заманынан  бері 

философиялық  және  логикалық,  сондай-ақ  психологиялық  және  психофизиологиялық 

мәселе ретінде ғылымда қарастырылып келді. Даму және үйрету психологиясын зерттеуші 

адам  үшін  әрқашан  баланың  жинақтауға  деген  қабілетінің  қалыптасуы  маңызды  мәселе 

болып саналады.  

Рош  ең  алғаш  рет  категория  мүшелерінің  жиынтығын  жинақталған  атаумен 

қамтылған кӛптеген тепе-тең объектілер ретінде қарастырудан бас тартуды ұсынды. Адам 

туралы    ғылымда  категория  мүшелерінің  тепе-теңдігі  ӛздігінен  айқын  және  дау 

туғызбайды деп есептеледі. Рош бұл дәстүр психологиялық шындыққа сәйкес келмейтінін 

кӛрсетуге тырысты және орталық пен периферияның арасында берілген құрылым ретінде 

категорияны  ұсынды.  Орталық  –  бұл  берілген  категорияның  типтік  ӛкілдері;  орталық 

неғұрлым  алыс  болса,  соғұрлым  типтік  жақын.  Пафос  Рош  және  оның  ізбасарлары 

психологиялық  және  тілдік  құрылымдардың  мәдени-тәуелділік  ерекшеліктерін  суреттеп, 

соған  сәйкес  бір  мәдениетте  жемістер  жайлы  айта  отырып,  алдымен,  алма  және 

алмұртты  кӛз  алдына  елестеді,  ал  басқа  мәдениетте  –  апельсин  және  банан.  Роштың 

еңбектерінің  арқасында  «жиһаз-үстел»  секілді  қатынастың  күрделі  мәселесі  тағы  да 

шешімін  тапты.  1930-жылдарда-ақ  кеңес  психологы  Л.С.Выготский  (1886-1934)  жиһаз 

сӛзін баланың қолдана алуы оның (баланың) жинақтау процесін толық меңгерді дегеннің 

айғағы емес деп жазған болатын. Рошке дейін осындай ұқсас мәселелермен американдық 

психолог  Дж.Брунер  және  оның  мектебі  айнаысқан.  1950  жылдары  баланың  танымдық 

қызметінің  дамуы  оның  (баланың)  жеке  реалды  объектілерді  жинақтайтын  және  орнын 

басатын  белгілер  ретінде  сӛзді  қолдануы  ойдағыдай  табысты  болуына  тәуелді  екені 

айтылған  болатын.  1990  жылы  Брунер  таңбалық  қолданыс  лабораторияда  емес,  мағына 

тудырту табиғат арқылы емес, мәдениет арқылы анықталатын қоғамдық ӛмір контекстінде 

қалыптасатыны ерекше атап кӛрсетті. .    



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет