Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет85/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104
4. Толықтыру методикасы 


 

77 


 

Кең  таралаған  психолингвистикалық  методикалардың  бірі  толықтыру 



методикасы, басқаша  атауы аяқтау методикасы (close procedure). Ең алғаш рет бұл  әдіс 

1953  жылы  американдық  зерттеуші  Уильям  Тейлор  тарапынан  қолданды.  Методиканың 

мәні тілдік хабардың деформациясында және сыналушыларға оны қалпына келтіру үшін 

беруде.  Бұзылған  хабарды  қалпына  келтіру  мүмкіндігін  қамтамасыз  ету  шарты  ретінде 

кедергілердің  болуына  қарамастан  ауыз  екі  тіл  мен  жазба  тілді  тепе-тең  түсінуді 

қамтамасыз  ететін  айтылған  хабардың  молдығы,  кӛптігі  (избытчности)  принципі  қызмет 

етеді.  

Эксперимент  былай  жүргізіледі.  Мәтінде  әрбір  бесінші,  алтыншы,  біршама  кез-

келген  ӛз  түсіріледі.  Әрбір  түсірілген  сӛз  бірдей  ұзындықта  ашық  орынмен 

алмастырылады. Сыналушыларға мәтінді қалпына келтіру ұсынылады, яғни түсіп қалған 

сӛздеді қойып шығу (40).  

(40) Индеец ......... киді ......... алды ......... отырды ......... және барды.........  

«Сlose» термині бақылаушы анық емес құбылысты, затты қабылдауда бұл заттың 

бейнесін ойда толықтырып аяқтай алатын  гештальтпсихологияда қолданылатын «clozure» 

терминінің қысқаруынан жасалған.  

Бұл  методика  идеясы  коммуникацияның  техникалық  құралдарын  қолдануда 

әріптердің түсіп қалу немесе басқалармен ауысуына байланысты пайда болды. Ақпаратты 

жеткізілуін  қамтамасыз  ететін  адамдар  мәтіннің  бұзылуы  мүмкіндігі  жайында  ойлана 

бастады. Олар кездейсоқ әріптерді кездейсоқ позицияларға қою, бір әріпті кездейсоқ басқа 

әріппен ауыстыру бойынша эксперимент жүргізе бастады. Сӛйлемнің әрбір бірінші, әрбір 

ортаңғы, әрбір соңғы әріптері немесе әрібір бірінші, ортаңғы және соңғы сӛз бірмезгілде 

түсіріліп отырды. Әрбір бесінші сӛз түсірілу методикасы эталонды болып есептеледі.Егер 

ақпараттың  бір  бӛлігі  түсірілсе  немесе  түсінуге  қиын  болса,  онда  әтінді  қабылдау  және 

түсіну қалай жүзеге асыратыны жӛнінде мәліметтер алуға кӛмектесті.  

Ағылшын  тілі  материалдарындағы  бұл  методика  бойынша  эксперимент 

нәтижелері  «жеңіл»  формада  бүлінген  (артикльдер,  шылаулар,  есімдіктер,  кӛмекші 

етістіктер  түсірілгенде)  мәтіндерге  қарағанда,  «ауыр»  формада  бүлінген  (зат  есімдер, 

етістіктер және үстеулер түсірілгенде) мәтіндерді қалпына келтіру қиын екені анықталды.  

Мәтіндерді  қалпына  келтіруде  сыналушылар  арасындағы  жастық  ерекшеліктер 

болатынын  эксперименттерде  кӛрсетілген.  Алдын-ала  болжамы  жағынан  қиын  сӛздер 

(низкопредсказуемые  слова)  кәрі  кісілер  тарапынан  табысты  және  тез  түрде  қалпына 

келтіріледі.  Ал  кең  танымал  аты  шулы  сӛздер  (зашумленные  слова)  жастар  тарапынан 

контекссіз-ақ  тез  табысты  түрде  қалпына  келтіріледі.  Ал  кәрілер  аты  шулы  сӛздерді 

контексте  айтылса  ғана  табысты  түрде  қалпына  келтіреді.  Мұның  ӛзі  жақсы  естілмейтін 

сӛзі  бар  контексті  бағдар  етіп  алуы  кәрі  адам  үшін  компенсаторлық  механизм  болып 

табылады және кәрілікте сенсорлық процестерде табысты адаптация ретінде қызмет етеді.   

Ч.Осгуд  бүлінген  мәтінді  қалпына  келтірудегі  дұрыстылық  деңгейі  мәтіннің 

оқылымының  жеңілдігінің  кӛрсеткіші  болып  табылады,  яғни  берілген  хабар  нақты 

қабылдаушы  үшін  қаншалықты  қиын  екенін  анықтаудың  кӛрсеткіші  болып  табылады. 

Егер қабылдаушы хабарды жіберуші адамның тілін білетін болса, ол үшін хабарды түсіну  

және  түсіп  қалғандарды  қалпына  келтіру  оңай.  Егер  де  ашық  қалған  орындарды 

толықтыру  ол  үшін  қиын  болса,  онда  оған  бұл  хабарды  толық  түрде  түсінуге  қиындық 

тудырады.  

Басқаша  айтқанда,  сыналушыларға  мәтін  мағынасы  бойынша  сұрақтарға  жауап 

беруді,  не  бүлінген  мәтінді  қалпына  келтіруді  ұсынуға  боалды.  Бұл  екі  жағдайда  да 

нәтижелер бірдей болады: дұрыс жауаптар екі  жағдайда да сәйкес келеді.  

Бүлінген  мәтінді  қалпына  келтіру  басында  емес  соңында  табысты  болады  және 

мәтіннің атауымен, тікелей контекстен, фразалардың синтаксистік ұйымдасуынан, жалпы 

мәтіннің  тақырыбынан  анықталады.  Сыналушылар  бастапқы  мәтінді  қалпына  келтіруде 

түрлі  стратегия  қолданады  –  біреулер  түсірілген  сӛздің  тікелей  айналасын  бағдар  етеді, 




 

78 


кейбіреулер  -  кеңейтілген  контекстке.  Бір  жағынан,  бұзылған  мәтін  неғұрлым  дұрыс 

қалпына  келтіріледі,  егер  сыналушылар  суреттелген  мәтіндегі  шындық  болмыстың 

фрагментін соғұрлым жақсы білсе және экспериментальды мәтін жанрымен жақсы таныс 

болса.  


Психолингвистикалық 

эксперименттердің 

бірінде 

бүлінген 

ғылыми-

фантастикалық  мәтінді  дұрыс  қалпына келтірген  сыналушылар  ӛздерінің  психологиялық 

профилі  бойынша  ғылыми  фантастиканың  авторларына  ұқсас  болып  келеді  (оларда  дәл 

солар секілді тӛмен социалдылық және дәл солардікі секілді жоғары үрейлік, мазасыздық 

болған).  Кӛбінесе  оқырмандар  ипохандрияға  бейім  (ӛзінің  денсаулығымен  әуре),  ал 

жазушылар  стенді  (физикалық  және  психикалық  жағынан  шымыр)  болып  келуімен  де 

айырмашылықтар байқалды.  

  Сондай-ақ,  еркін  ассоциацияда  саны  кӛп  сирек  ассоциацияларды  берген 

сыналушылар  бүлінген  мәтінді  дұрыс  қалпына  келтіру  мүмкіндігі  аз.  Сонымен  қатар, 

мұндай  сыналушылар  тарапынан  жазылған  мәтіндерге  жоғары  жекелік  үрей, 

мазасыздықтың сӛйлеу іздері тән.  

Осылайша толықтыру методикасы эксперименттері бойынша алынған мәліметтер 

мәтінге және оны қабылдау механизміне қатысты қорытындылар жасауға ғана емес және 

сыналушылардың  тілдік  және  тілдік  емес  мінез-қылығының  диагностикалық  құралы 

болып табылады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет