Психология ғылым ретінде пайда болуы (пайда болу тарихы). Психология пәні, міндеттері, принциптері мен әдістері



бет21/29
Дата12.11.2022
өлшемі79,12 Kb.
#49602
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Темпераменттер

  1. Жақсы жақтары

  1. Жаман жақтары

  1. Холерик

  1. шапшаң, белсенді

  1. ұстамсыз, күйгелек

  1. Сангвиник

  1. пысық, оңтайлы

  1. тұрақсыз, баяу

  1. Флегматик

  1. ұстамды, сабырлы

  1. сылбыр

  1. Меланхолик

  1. сезімтал

  1. тұйық


  • 28

    1. Гиппократ темпераменті туралы ілімнің мәні. Э. Кречмердің темперамент типологиялары.

    2. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.з.д. V ғ. 460-377 жж.) темперамент туралы ілімді жасаушы болып саналады. Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темперантум деп атап кеткен.

    3. 1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі «Дене бітімі және мінез» атты еңбегі жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.

    4. 1. Астеник (лептосоматик)нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.

    5. Шизотимикке астеникалық дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Бір уақытта бірнеше әрекеттерді орындай алады. Шизотимиктердің ішінде Кречмер сезімтал мырзаларды, идеалистік арманшылдарды, суық өктем мінезді, өзімшіл адамдарды бөліп көрсетті.

    6. 2. Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.

    7. Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын. Оның эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында ауытқып отырады, ол адамдармен оңай тіл табысады, байланысады және өзінің көзқарасы бойынша шыншыл. Пикник көпшіл және жақсы тағамды жақсы көреді. Циклотимиктердің ішінен Кречмер «көңілді сөйлеушілерді, сентименталды тыныш адамдарды, бейқам өмірді сүйетіндерді, белсенді практиктерді» бөліп көрсетті.

    8. 3. Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.

    9. Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл аударушы. Өмірлік қабілеті жоғары, шытырман оқиғаларға деген сүйіспеншілік пен тәуекел.

    10. 4. Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет