Тексерген: Мажиева Н. А



Дата11.12.2023
өлшемі98,85 Kb.
#137160
Байланысты:
Әйелдер образы


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


 



СӨЖ №3
201- топ
Орындаған: Далабаева А.С.
Тексерген: Мажиева Н. А.
Алматы 2023ж
Ежелгі дәуір әдебиетіндегі әйелдер бейнесі

VI-XIV ғасырлар аралығын құрайтын ежелгі дәуір әдебиетінде сан-қилы образдар сипатталады.Және, көпшілік үшін әсерлі образдар ол әйел образы.Шығыс сұлуларының көркемдік бейнесі оқырманды сан қиялға жетелеп, өзіне баурап алады.Әйел адамның тек нәзік емес алғыр , қайсар әрі дана болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Соған дәлел ретінде бірнеше дастанның нәзік жанды кейіпкерлерін сипаттап көрейік:


1)«Хұсрау - Шырын» дастанының басты қаһарманы - Шырын. Дастанда Шырын тек сұлу қыз, адал жар ғана емес, сонымен бірге ол - әділетті патша, халық қамқоршысы. Сондай -ақ ол дастанның екінші бір басты қаһарманы - Хұсрауды қайта тәрбиелеген мейірбанды жан.
Шырын өз елінде ғана емес, сүйген жігіті Хұсраудың мемлекетінде де әділдік пен тыныштық, дәулетті, тұрмыс – тіршілік орнатуға барынша күш салады. Құтб осы Шырын образы арқылы мемлекетті қашанда әділ, білімді, инабатты, мейірбанды жандар басқаруы керек деген пікір айтады.
Шырын патша тағына отырған кезде бүкіл мемлекетте әділеттілік орнап, енді залымдар мен сараңдар өзінен-өзі жоғалып кетеді:
Енді қой мен қасқыр қатар тұрып,
Бір бұлақтан су іше бастады.
Бұл арқылы Низами да, Құтб та, егер ел билеген әкімдер әділетті болса, бір-біріне қасқыр мен қойдай болып жүрген бай мен кедейлер өзара келісіп кетер еді деген пікір айтпақ.
Дегенмен, орта ғасырда әділдік туралы пікір айтып, сөз қозғаудың өзі үлкен прогрессивті құбылыс еді.
Шырын өз махаббатына өле-өлгенше адал жан.Ол Хұсраудың жан тәнімен беріліп сүйеді. Сүйіспеншілік жолындағы қиыншылық атаулының бәрін жеңіп шығады. Тіпті Хұсраудың жағымсыз қылықтары мен жеңіл-желпі мінездеріне де кешірімділікпен қарайды. Махаббат жолында құрбан болады.
2)”Жүсіп-Зылиха” дастаны, Зылиха бейнесі
Зылиха – өз тағдырын өзі шешуге әрекет жасайтын, ойлаған мақсатына жету үшін алған бетінен қайтпайтын өжет жан. Ол түсінде Жүсіпті көріп, соған ғашық болады. Зылиха көрген түсін анасына айтады. Жүсіпті іздеп сапар шегеді. Осылайша Зылиха Мысыр еліне аттанады. Алайда Зылиханың жолы болмай, ол Жүсіпке емес, Мысыр елінің әміршісі Әзизге жолығып, амалсыздан Әзизге тұрмысқа шығады.
Зылиха өзіне Жүсіптің оралуына сеніп, қырық жыл бойы сабыр сақтап келеді. Ақыры екеуі қосылып, махаббат құдіретімен екеуі де жасарып кетеді.
3) Келесі образ ретінде “Оғыз-наме” дастанындағы Айқаған образын қарастырайық.Оғыз қағанның анасы Айқаған бейнесін ғалымдар отбасы қамқоршысы Ұмай-ана бейнесімен байланыста қарайды.Демек, Айқаған отбаснының ұйытқысы, отанасы бола білген жан.Ұмай ана секілді жүрегі мейірім мен қамқррлыққа толы әйел, ана.Дастанда Айқаған сұлу бегім ретінде сипатталады.
4) Әйел образының тағы бір мысалы “Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ” жырында көрініс табады.Ол Бану-Шешек образы. Бану-Шешек- махаббатқа адал, әрі сұлу , әрі ақылды болады.Оның сұлулығы мен ақылдығы Байбөрі қаздардың шатырына келгенде , оны Байбөрімен жарысуы, демек, жігітті сынауы, қыздың көркіне Байбөрінің танымай жатып ғашық болуынан айқын көрінеді.Ал адалдығы болса Байбөрі тұтқында жатқанда он алты жыл оны күтумен болуы, Байбөрінің сертіне адал екеніне иманындай сенуі, Жарташықтың айтқанына көнбей Байбөрінің жолын тосуынан байқалады.Бану Шешек - әдебиеттегі адал әрі ақылды жарды құраушы көркемдік образ.


Келесі болып айтылатын “Мухаббат-наме” дастанындағы қыз образы. Қыз бейнесін ақын қалың қолдың қан майданға кіргенін — аш қасқырдың қойға түскеніне, қыздың бір тал шашын — мың хор қызынатеңеп, дастандағы: “нәркес кез”, “ай жүз”, “қылдай бел”, “шекер сөз”, “лағыл ерін” деген секілді әдемі теңеулері арқылы аса ұтымды суреттейді.
Дастаннан мысал келтірейік:
Әйә хуршид тек алэм чирағы, 
Мүнәввар чехрәңиз фирдавс бағы.
Ачылсә лә 'лиқиз шәкәр сачылур.
Көрүб гүл ғұнчәниң ағзы ачылур.
Бойуң тек сәрв йоқ бустан ичинда, 
Иүзүн, нуры дин ай нуқсан ичинда.
...Шәкәрдин татлы сөзли дилрубасын, 
Дариға ким чечәк тек би вәфасын.
Мазмұны: 

Күн секілді күллі әлемнің шырағы

Нұрлы жүзің — жұмақтың бір гүл бағы. 
Оймақ аузың ашылса — шекер шашылар.
Соны көріп жайқалып — гүлдер ашылар. 
Бойың сенің — бақта жок кипарис қой, 
Сен күлсең — ай да сөніп қалады ғой.
Әдемім, шекерден де тәтті сөзің. 
Дариға, гүл секілді құбыласың.
Бұл жерде жігіт қыздың сұлулығын жұмақтың гүл бағына теңейді. Оның кипарис ағашы секілді ерекше екендігін сипаттайды (кипарис-ыстыққа да суыққа төзімді қайратты,мәңгі жасыл болып тұратын ағаш, өте ерекше,әрі сұлу), айдан сұлу екенін де айтып өтеді.
Көріп отырғанымыздай Ежелгі дәуір әдебиетіндегі әйелдер образы әртүрлі. Алайда оларға ортақ бір дүние барлығы Шығыс әйелдерінің бойындағы- тән мен жан сұлулығын, қайратты күш-жігерін, қайсар мінезін, ибалылығы мен салт-дәстүрден аттамайтындығын, ақылы мен даналығын бейнелейді.Яғни, Бұлардың барлығы шығыс әйелінің көркемдік образын жинақтаушы бейнелер.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет