«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша зертханалық және тәжірибелік сабақтардың ерекшеліктері, ұйымдастырылу формалары



бет15/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92
Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша зертханалық және тәжірибелік сабақтардың ерекшеліктері, ұйымдастырылу формалары

Зертханалық жұмыстар - студентке психикалық құбылыстарды, топтағы адамдардың қарым-қатынастарының әлеуметтік-психологиялык механизм ерекшеліктерін, т.б., анықтауға көмектеседі. Зертханалық жұмыстардың негізгі мақсаты психологияны ғылым ретінде танып-білудің негізгі ғылыми жолдарына үйрету. Дәрісте тыңдалған немесе негізгі әдебиеттен оқылған ғылыми ойлар зерттеулер арқылы тексеріліп, студенттің жеке тәжірибесімен бекітілгендіктен, жақсырақ меңгеріледі. Зертханалық жұмыстар арқылы студент тек теориялық жағдайды ғана емес, сонымен қатар кейіннен оның жеке бөліктерден құралған тұжырымдалған теорияға айналуы үшін, шынайы зерттеу негізінде қалай алынатындығын біледі.

Зертханалық жұмыстардың негізгі максаты студенттерді психологияны танып-білуге және олардың өмірлерінде, практикалык әрекеттілігінде ұшырасатын адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне зерттеушілік тұрғысынан келуге үйрету, Осыдан психологиялық зерттеудің әртүрлі әдістерін шыңдауға бағытталған тапсырмалар шығады: сауалнама, тестілеу,зерттеулік әңгімелер мен сұхбат жүргізу, сандық мәліметерге, видеоларға талдау жасау, жеке және топтық эксперименттерді ұйымдастыру, алынған мәліметтердің психологиялык интерпритациясы, т. б.

Зертханалық жұмыстардың, тәжірибе көрсеткендей, студенттер тарапынан қызығушылық тудыратын бірнеше тақырыптарын ұсынуға болады.Мысалы:

Тестілеуге арналған тақырыптар: 1. Г.Айзенктың темпераментті анықтау тесті бойынша, Р. Кэттелдің интеллектке бағытталған тесті т.б.

Сауалнама жүргізу тақырыптары: 1. Мектептегі мен ұнататын немесе ұнатпаитын пәндер. 2. Мектеп бағдарламасындағы мен үшін қиын және қиын емес пәндер, 3. Сіздің курсыныздағы студенттер неге осы жоғары оқу орнын таңдады? деген тақырыптар негізінде жүргізуге болады.

Зертханалық сабақ міндеттері мен оларды іріктеуде үлкен қиындықтар тумайды, себебі көптеген әдебиеттерде алуан түрлі әдістемелердің,әсіресе тестердің жиынтығы бар, сондай-ақ практикум бойынша оқу құралдарында лабораториялық сабақтардың дайын сұрақтары мен тапсырмалары берілген.

Лабораториялық сабақ - оқу-зерттеу қызметі кезіндегі студенттердің теориялық-әдістемелік білімдері мен тәжірибелік ептіліктерін қосрлайтын оқытуды ұйымдастырудың формасы.

Лабораториялық жұмыстың мазмұнына:



  • Нормативті құжаттармен таныстыру;

  • Психологиялық – педагогикалық жағдайларға талдау беру мен оларды шешу;

  • Ақыл-ойдың дербес және топтық көрсеткіштерін зерттеу;

  • Ес, ойлау, қабылдау, қиялдың дербес қасиеттерін шығару;

  • Жеке тұлғаның дербес ерекшеліктерін шығару;

  • Диагностикалық әдістемелерді зерттеу.

Лабораториялық жұмыстардың нәтижелілігі студенттердің бірікке жұмысында жатыр. Ал оның нақты бағдары оқытушының әрекетіне байланысты болады. Лабораториялық жұмыста тапсырмалардың дұрыс құрылып анықталуы өте маңызды, себебі ол берілген өзбетті жұмысқа әкеліп, студенттердің ойлау әрекеттерін белсендендіреді және тәжірибелік жұмыс әдістерімен қаруландырады.

Студенттердің бұндай жұмысты өзбетті орындаулары үшін инструктивті карталарды пайдалануға болады. Онда келесі бөлімдер алға шығарылады:


  1. тақырыбы;

  2. жұмыстың мақсаты;

  3. құрылғылар;

  4. қайталауға арналған сұрақтар;

  5. жұмыс барысы;

  6. қорытындылар;

  7. алынған мәліметтерді топпен талқылап, оларды график, сызба, кесте, диаграммалар түрінде бекіту.

Педагогикалық басшылыққа ерекше назар аудару қажет. Оқытудың алғашқы сатыларында жұмысты орындауға арналған танымдық тапсырмалардың нақты және дәл түсіндірілуі үлкен маңызға ие, себебі бұл үрдісте студенттер тапсырмалардың мәнділігін, оны орындаудың бірізділігін ойластырады.

Тапсырмаларды орындау кезінде көптеген студенттерге көмек, әрекеттерінің коррекциясы, аралық нәтижелерді тексеру қажет болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет