5 СӨж сингапур мектеп тәжірибесі мен Қазақстан тәжірибесімен өзара байланысын кесте арқылы келтіру



Дата16.05.2022
өлшемі19,43 Kb.
#34638

Орындаған: Сайранбек Айдана

Тобы: ПиМНО типо

5 СӨЖ



Сингапур мектеп тәжірибесі мен Қазақстан тәжірибесімен өзара байланысын кесте арқылы келтіру.

Сингапур білім беру жүйесі

Қазақстан білім беру жүйесі

Мектепке дейін

Мектепке дейінгі мекемелер 3 жастан бастап қабылдайды, балалар бұл мекемеде 3 жыл дайындалады: балдырған, бірінші жыл және екінші жыл  (K1 және K2) деген сатылармен мектепке дайындалады. Бір қызығы, Сингапурда мемлекеттік балабақшалар мүлдем жоқ. Демек, ата-аналар балаларын жекеменшік балабақшаларға беруге мүмкіндігі мол. Санауға, сөйлеуге, қарым-қатынас жасауға бейімделеді. Ана тілінен басқа (қытай, малай, тамиль) ағылшын тіліне де жатық болып тәрбиеленеді.  


Мектеп сатысы

Сингапурда балаларды мектепке 6 жастан бастап қабылдайды. 1-4 сынып аралығын негізгі сынып деп санаса, 5-6 сыныпты бағыт-бағдар беретін саты ретінде қарайды. Сабақ қаңтар айының 2 жұлдызынан басталады, оқу жылы 4 тоқсаннан тұрады, әр тоқсан 10 аптадан тұрады. Тоқсан арасында 10 күндік каникул беріледі.


Барлық мемлекеттік мектепте білім алу тегін болғанымен, әр оқушы жыл сайын мектеп шараларына 13 сингапур долларынан жинап береді. 3-сыныптан бастап жаратылыстану пәндері оқытылады. Бастауыш сыныпты аяқтаған соң, орта буынға көшу үшін емтихан тапсырады. Емтихан қорытындысы бойынша оқушылар арнайы, экспресс, академиялық және стандартты деген бағыттарға бөлінеді. Оқушылар мектеп бітіргенде аталған бағыттар бойынша аттестат алады. Арнайы және экспрес бағытын тамамдағандар O-дәрежесіндегі аттестат берілсе, академиялық және стандартты бағытты бітірген оқушыларға N-дәрежесіндегі аттестат беріледі. Алдыңғы дәрежемен бітірген оқушылар біздің жүйемен «Үздік аттестат», ал соңғысы жай аттестат болып есептеледі. Оқушылар тек сабақ оқып қана қоймай, өздерін актерлік және спорттық қырынан таныта алады.
Сингапурдың бастауыш білім беру жүйесі 4 жылдық бастапқы дайындық және 2 жылдық арнайы дайындық сатыларынан тұрады. Бастапқы дайындық сыныбында ағылшын тілі, ана тілі, математика, этика, көркемөнер, музыка және дене шынықтыру сабақтарын оқиды. Ал арнайы дайындық сыныбында оқушыларды тіл таңдауына байланысты сыныптарға бөлінеді. Оқушылар өз ыңғайларына қарай тапсыратын емтихандарын таңдап алады, ауызша не жазбаша, тест сынақтары, т.с.с. Тілді білу дәрежесіне қарай арнайы сабақтар да өткізіліп тұрады.
Бағалау жүйесі

Сингапур оқушылары 9 баллдық жүйемен бағаланады. А1/А2 өте жақсы, B3/B4 жақсы, C5/C6 қанағаттанарлық, D7 нашар, E8/F9 өте нашар деген бағалармен бағаланады.





Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әртбаланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған

лицей, гимназия, колледж,медреселер

сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына

негізделеді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ

Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында,

мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін

жасалады.


Орта білім беру

Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу

орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта

білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру

жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы

негізінде жалпы орта білім үш сатылы:

бастауыш (1-5 сынып-тар),

негізгі (6-10 сыныптар)

жоғары (11-12 сыныптар)

жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.

Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр

жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра

білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы

адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді.

ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім

алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі.

Гимназия

Гимназия – негізгі және қосымша

жалпы білім беру бағдарламаларын

іске асыратын, оқушыларды

олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға

бөліп, саралап оқытуды көздейтін,

жалпы орта білім беретін оқу орны.

Лицей


Лицей - негізгі және қосымша жалпы

Білім беру бағдарламаларын

Іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап

Оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу



орны.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет