«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Психологияны оқытудағы оқу міндеттірінің таксономиясы танымдық әрекетті дамытуды басқару құралы ретінде



бет83/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   92
83.Психологияны оқытудағы оқу міндеттірінің таксономиясы танымдық әрекетті дамытуды басқару құралы ретінде

Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және оны жетілдіру мәселесі төңірегінде жүргізілген зерттеулерді талдай отырып, бұл мәселені өмірде шешудің түрлі жолдарын төмендегіше бөліп көрсетуге болады:

– танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы.

–танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру. – іс-әрекеттің бағдарланушылық негізінен құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы.

– оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы.

Психологияны оқытуда практикалық әдістер оқушылардың білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды, танымдық меңгеруге бағытталған.

Психологияны оқытуда келесі практикалық әдістер кіреді:

- лабораториялық жұмыс;

- психологиялық тесттерді орныдау;

- психологиялық тапсырмаларды шешу;

- жаттығулар;

- топтық пікірталас;

- дидактикалық және іскерлік ойындар;

Түрлі оқу әдістері танымдық іс-әрекет сипатына түрліше әсер етеді. Осыған сәйкес М.Н.Спайкин және И.Я.Лернер ұсынған әдістер жіктемесі қызықтырады. Келесі оқу әдістері ажыратылады:

1) түсіндірмелі-иллюстративті;

2) репродуктивті;

3) мәселелі;

4) ішінара-ізденістік;

5) зерттеушілік;

Түсіндірмелі-иллюстративті әдістің мәні оқытушы дайын ақпаратты студенттерге хабарлайды, ал студенттер оны қабылдайды, түсінеді және есінде қалдырады. Бұл уақыт тұрғысынан алғанда ақпарат берудің өте үнемді тәсілі. Бірақ бұл әдіс алынған білімді қолдану іскерлігін қалыптастырмайды.

Репродуктивті әдіс – бұл оқытушының студентке белгілі бір оқу әрекетін қайталауды ұсынуы. Студент оқытушы көрсеткен үлгі бойынша әрекетті орындайды, сөйтіп ол іскерлік пен дағдыны игереді. Әдетте бұл әдісті психология пәнінен семинар және практикалық сабақтарда қолданылады.

Мәселелік әдіс – бұл оқытушының студенттерге мәселені шешуді ұсынуы және кейін оны шешу жолдарын өзі көрсетуі.

Ішінара-ізденістік әдісті эвристикалық әдіс деп атайды.

Зерттеушілік әдіс студенттердің білімді шығармашылықпен қолдануын көздейді. Осы кезде оларда өз бетінше ғылыми зерттеушілік жұмыс тәжірибесі қалыптасады. Оқытудың бұл әдісі студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарды орындауы кезінде қолданылады.

Белсенді оқыту – қазіргі педагогикалық ізденістердің негізгі ірі бағыттарының бірі болып табылады. Студенттердің оқу танымдық іс-әрекетін белсендету әдістерін іздестіру мәселесі әр түрлі уақытта әр түрлі авторлармен өте жиі қойылып отырады. Психологияны оқытуда осы айтылған әдістерді қолдану арқылы оқушының танымдық қабілеттерін арттыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет