«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Психологияны оқыту әдістемесіндегі қосалқы зерттеу әдістерін пайдалану тәртібі



бет81/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92
80. Психологияны оқыту әдістемесіндегі қосалқы зерттеу әдістерін пайдалану тәртібі

Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық қосалқы әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.



Қосалқы зерттеу әдістері

Әңгіме әдісі. әңгімені де зерттеу әдісі есебінде қолдануға болады, бірақ бқұл негізгі әдіс емес, қосымша әдістердің бірі. Әңгіме арқылы зерттелетін адам туралы кейбір жалпы мағлұматтарды ғана алуға болады. Бұл әдіс арқылы терең, толық зерттеу жүргізуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Бірақ әңгіме ғылыми әдіс болу үшін , әрқайсысымен әңгіме жүргізуде оның алдына мақсат қойып, оның не үшін керектігін , ерте бастан жоспар құрып, әңгіме қай жолмен жүргізілетінін белгілеп алған жөн.

Анкета әдісі. Анкетаны қосымша әдістің бірі есебінде қолдануға болады; әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттеуші адамдардың сұрағына әрекетін сипаттауда, кейбір психологиялық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейфбір фактілер материалдар жинауға болады.

Адамдардың қылығын психологиялық әрекеттерін тікелей зерреумен бірге, олардың жасаған материалдық игіліктері, артта қалдырған мұралары арқылы да зерттеуге болады.

Салыстырмалы – генетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Бұл психологияның әрекетінің өсіп даму жолдарын салыстыра зерттейді, ал салыстырма филогенеттіктің зерттеу жолы арқылы адамдардың жан дүниесін хайуанаттар психологиясымен салыстырып, олардың арасында қандай айымашылық бар екендігі адамның психологиясы қалайша адамның психологияға айнаоғаны зерттеліп отырылады.

Қосалқы әдістің қатарына сонымен қатар антогенетикалық зерттеу әдісін де жатқызуға болады. Бұл әдіс арқылы адам баласында туысының қандай психологиялық әрекеттердің пайда болатыны, олардың адамның дамуымен бірге қалайша өсіп, дамып отырғаны зерттеледі.

Салыстырма – тарих зерттеу әдісінде қоғамдық экономикалық формалардың өзгеруі мен бірге адамның салт-санасы да өзгеріп, дамып отырады.

81.Ақыл-ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы /П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина/. Психологияны оқыту әдістемесінде ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру териясын жүзеге асыру жолдары

Психологияны оқытуды үйретуде оқытушылардың алдындағы кезек күттірмейтін міндет - студенттің оқу іс-әрекетін қалыптастыру. Өз бетімен оқуға үйренбей, "өз ақылымен өмір сүруді" меңгермей студент жылдық білімді үнемі мұғалімнен алуға үміттенеді, ғылыми ойларды кітаптан жаттап, механикалық есте сақтауға бағытталады да, мұны практикалық жұмыста қолдануға ешқандай да қадам жасамайды. Бұл оның психологиялық тұрғыда ойлауына, адамдармен сауатты қарым-қатынас құруына кері әсерін тигізеді.

Кеңестік психологияда аталған мәселені қарастыруда 50-жылдары П. Я. Гальперин мен Н.Ф.Талызина ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасу процесін зерттеумен айналыса бастады. «Сырткы, адам санасынан тыс тұрған дүние қалай ішкі ақыл-ой болып қалыптасып, оның санасының кажеттілігіне, ақылының меншігіне айналады?" - деген суракка жауап іздеу П. Я. Гальперинді ақыл- ой іс-әрекетін жоспарлы түрде кезең бойынша қалыптастырудың тұжырымдамасын біртіндеп құру туралы қорытындыға әкелді. Бұл тұжырымдама жалпы психологиялық маңызға ие. Бұл адам эволюциясы туралы, психикалық процестің түрлері (қабылдау, зейін, ойлау және т.б.) мен формалары туралы және олардың қалыптасу заңдылықтарының ен маңыздысы - педагогика тілінде «білім - шеберлік дағды" ретінде көрсетілетін ақыл-ой іс-әрекеті мен түсінікті қалыптастырудың негізгі заңдылыктары туралы ілім. Бұл дұрыс, психологиялық дәлелденген оқытудың теориялық негізі ретінде үлкен қызығушылық танытты және әдебиеттерде бұл ілім "ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы" ретінде қарастырылады. П. Я. Гальперин тұжырымдамасында алынатын жаңа білім ойға бекітілетін арнайы әрекет түрлерінің жүйесі ретінде қарастырылаады..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет